Білу Атап өту, есте сақтау, атау, көрсету, аяқтау, қайталау, елестету, әңгімелеу, еске түсіру және т.б
ТүсінуҚолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен суреттеу, түсіндіру, сүйену, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
Қолдану Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен суреттеу, түсіндіру, сүйену, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
Талдау Талдау, топтастыру, есептеу, санаттау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарама-қарсы қою, талқылау, саралау, ажырату, бөлу, зерттеу, эксперимент жасау, түсіндіру, қорытынды шығару, реттеу, күдіктену, ара қатынасын белгілеу, таңдау, бөлу, тексеру және т.б
Синтез Топтастыру, жинау, араластыру, құрастыру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, жинақтау, біріктіру, ойластыру, түрлендіру, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтастыру, көшіру, белгілеу, алмастыру, қайта анықтау және т.б.
Бағалау Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, дәлел келтіру, шығару, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, болжау, ұсыну, белгілеу, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, эксперименттеу, рецензиялау, зерттеу, шығару
Мұғалім білім алушылармен бірлесе отырып оқу мақсатына жетудің табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды толықтырады. Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім белгілі дағдыларды бағалаудың тиімді тәсілі ретінде топтық жұмыстарды қолдана алады. Топтық жұмыс барысында мұғалім әрбір топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды және бақылайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жеткендігін жылдам көрсете алады. Мұғалім одан әрі оқу мақсатына жетуге ұмтылған білім алушылардың іс- әрекетін бақылауы және қосымша сұрақтар қоюы тиіс: — Бұл туралы не ойлайсыздар? — Сіздің топта не талқыланғаны туралы түсінік бере аласыз ба? Егер білім алушылар практикалық жұмыс орындаса, онда сұрақты әр тапсырма бойынша қоюға болады: — Сіздер қазір не істеп жатырсыздар? — Сіздің ойыңызша бұдан әрі не болады? — Сіз бұл тапсырманы орындау барысында ерекше бірдеңені байқадыңыз ба? Топтық жұмыс барысында мұғалім барлық топтардың жұмысын бақылауы тиіс. Топты бақылауды тапсырманы орындауға қатысумен бірге жүргізуге де болады. Жауаптарды бағалаудан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге ұмтылған.
№8 билет 1.Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары. Балалардың ұжымын қалыптастыру.Ұжым өмірінде дәстүрдің тәрбиелік маңызы зор. Дәстүр -бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардық қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер. А. С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітіп, нығайтып, оны толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжым өміріндегі дәстүрдің түрлері: мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.5. А.С. Макаренко идеясын И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" дамытты. Коммунар әдісінің мәні - ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлық іс-әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдьщ жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру. Бұл әдістер И. Л. Ивановтың "Коллектившілерді тәрбиелеу" атты еңбегінде жазылған.
Ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
1-кезенде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады. іс жобасы жасалады.
2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.
3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.
4-кезеқде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындық қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы — сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.
5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?" "Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап алады.
6-кезенде ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
6. Даму кезендерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудық мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш -болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.
Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.
Белгіленген болашаң үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда сынып жетекшісінің ұйымдастыру жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, ңиялын ояту, өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашаң үміт дүниесін айңын, бейнелі, әсем суреттей білуі, балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіруі, орынды талап қою, балалардың мүмкіндігіне сай жұмыстар беру, оның ұжымға және жеке тұлғаға қажеттілігін дәлелдеуі.
Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардық өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы - ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек.
Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды.
Іс-әрекеті - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Педагогикалық ұжымның міндеті - жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:
• сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
• балалар арасында баңталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтык, бөлектенушіліктің болмауы.
• басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.
Гуманистік қатынас - ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудық құралы.
Ужымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесіндеі жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді. Оқушылар ұжымын қалыптастыру 3. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский ұжым туралы.Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәсел есі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.Ұжым теориясына Н.К.Крупская,А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Щацкий, В.А.Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті.Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А.С.Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардық жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.
Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортаң мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сын тұрғыдан ойлау –бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.
Ақпаратты меңгеру ғана емес, оны сыни тұрғыдабағалау, түйсіну және қолдану маңызды.
Сын тұрғыдан ойлау– күрделі және дұрыс шешімдер қабылдауда оңтайлы тәсілді қолдану
Сын тұрғыдан ойлау–оқушыларды баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау мен іс – әрекетінде жаңа немесе түрлендірілген тәсілдердіенгізуге дайын болуға үйретеді.
Сын тұрғыдан ойлау–Шығармашылық ойлауды дамытудың алғашқы сатысы
Сын тұрғыдан ойлау 5 сипаттамасы (Д. Клустер)
Біріншіден – өзіндік дербес ойлау,Екіншіден – жалпылама ойлау,Үшіншіден – проблемалық және бағалау сипатындағы ойлау,Төртіншіден – дәлелді ойлау
бесіншіден – әлеуметтік ойлау.Сын тұрғыдан ойлау 6 компонентті қамтиды
Сын тұрғыдан ойлау арқылы,Өзіндік пікір қалыптасады,Түрлі пікірлер сарапқа салынып, дұрысы тағдалынады,Проблеманың шешімі табылады,Дәлелді пікірталас жұргізуді үйренеміз,Бірлескен жұмысты бағалауға дағдыланамыз,Басқаның пікірін ой елегінен өткізуді, кез келген сұрақтың дұрыс шешімін табуды меңгереміз
Сын тұрғыдан ойлауды дамыту
тәсілдері:Ақпарат жинау,Мәтінді талдау,Балама көзқарастарға талдау жүргізу,Ұжымдық талқылау,Жұптық және топтық жұмыс түрлері,Дебат,Дискуссия,Жазбаша жұмыстар
дұрыс түсіндім бе…»Түсініктеме беруші сұрақтар – себептер мен салдарды
түсінуге бағыттылады (неліктен?)Бағалаушы сұрақтар (салыстыру) – топ мүшесі немесе
парталас көршілер өзара түсінбеушілікке тап болған жағдайда
қолданған тиімді.Шығармашылық сұрақтар (болжам) – «Одан әрі не
болады деп ойлайсыз…?»Практикалық сұрақтар – «Қалай қол жеткіземіз…?»
«Оның орнында болсаңыз не істер едіңіз…?»