1. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі



бет8/17
Дата02.06.2023
өлшемі211.04 Kb.
#474613
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
4акшк педаг емтих (1)

Таксономия – нысандарды белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар арқылы жүйелеу және нақты құрылым бойынша реттілікпен орналастыру.Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру студенттердің дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- стууденттерді кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
Білу. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану тәртібін айту.Түсіну. Мәліметтерді басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендіру; есте сақталған мағлұматтарды басқаларға жеткізу жолдарын айқындау. Ұқсастықытарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтижені суреттеу.
«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:
1.Түсіндірме (интерпретация) – негізгі идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: «Қалай? Неліктен?» сұрақтарына жауап іздену, «Салыстырыңыздар», «Айырмашылығын көрсетіңіздер»тапсырмаларын орындау.
2.Аударма (трансформация) – мағынаны сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру; форманы сөзбен айтып беру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, мәліметті өз сөзімен мазмұндау.
3.Мысалдар – мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті көрсетеді.
Анықтамалар – атау немесе түсініктің мағынасын өз сөзімен жеткізу, таныс және түсінікті сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе қайталамауы керек).
Қолдану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.Талдау. (анализ) Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөліктерге жіктеу. Студент әртүрлі бөліктердің қалайша жұмыс істейтіндігін және нәтижеге қалай жеткізетіндігін анықтайды, түсіндіреді..
Жинақтау /синтез/ Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтерді шығармашылықпен біріктіру. Болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданып, өз тәжірибесі негізінде жаңа модель (құрылым) құрастыру.

Бағалау. Даулы және пікірталас тудыратын мәселелер бойынша шешім қабылдап, оны дәлелдеу.
Студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негіздеуі қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық, жүйелілік, дәйектілікке негіздеуі қажет.
Инсерт технологиясы бойынша алған білімдеріне талдау жасай отырып бағалау.
Не білдім?/ Не білгім келеді
Блум таксономиясы бойынша ойлау әрекетінің деңгейлері
Дағдылар Сипаттамасы
Білу Нақты фактілерді, ақпараттарды және олардың сипаттамасын білу және көрсету
Түсіну Ақпаратты дұрыс көрсету, болжау немесе түсіндіру арқылы ұғынуды көрсету
Қолдану Ақпаратты және бұрын алынған білімдерді жаңа немесе таныс емес мәнмәтінде немесе жағдаятта қолдану.Талдау Ақпараттық материалдарды құрылымдық бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, дәлелін немесе себебін анықтау арқылы түрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерделеу, жалпы ережелерді негіздеу үшін ой қорытындысын және/немесе дәлелдер табу.Синтез Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта қарау қабілетін көрсету.Бағалау Белгіленген критерийлер бойынша идеялардың немесе фактілердің маңыздылығы туралы пікір қалыптастыруОйлау дағдыларының деңгейі Ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес келетін етістіктердің тізбесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет