1-мәтін Мәңгілік Ел идеясы


-мәтін Жаһандану – күрделі үдеріс



бет3/5
Дата24.02.2022
өлшемі24.11 Kb.
#455715
1   2   3   4   5
9-сынып, мәтін

2-мәтін
Жаһандану – күрделі үдеріс.
Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Айтылуы, аталуы жаңаша болып көрінгенімен, оның түп тамыры ежелгі тарих қойнауында жатқандығын байқауға болады. Кезінде Шыңғыс хан, Атилла (Еділ), Македониялық Ескендір деген тарихи тұлғалар жер-дүниенің бәрін жаулап алып, өз үстемдігін жүргізіп, ортақ тілді, құндылықтарды әлемге таратпақшы болған. Демек, жаһандану тарихта бұрын да көрініс тапқан.
Бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің "мысы" басым болып тұр. Ал қалған елдер не батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алып, батыстың "жүрдек пойызының соңғы тепшегіне жабысады", яғни жаһанданады, не өздерін батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға – тұйықтық, жабықтық стратегия ұстанады.
Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Батыстың мәдениет ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз Батыстан нені алуымыз, нені алмауымыз керек. Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми-техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады. Тіпті ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.
Тапсырма.
Екі мәтіндегі ақпараттарға сүйене отырып «Жаһанданудың пайдасы мен зияны» атты тақырыпта эссе жазыңыз. Көлемі 10-200 сөз.


1-мәтін
Адам құқығы
Бүгiнгi күнгi адам құқығын қорғау мәселесi тек жекелеген мемлекеттердiң iсi ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдiк қауымдастыққа мүше елдердiң үлкен де өзектi iрi мәселесiне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда бұл тақырып төңiрегiндегi проблемалар аса өзектi сипатқа ие болып отырғандығы белгiлi. Әсiресе осы соңғы оншақты жылдар аралығында адам құқығын қорғау мәселесi халықаралық денгейде белсендi түрде көтерiлiп, тiптi бұл мәселе жеке мемлекеттердiң құқық жүйесiнiң өзiнше дербес саласы болып қалыптаса бастағаны белгiлi.
Оның үстiне бұл құблыс бүгiнде тұрақты әрi үздiксiз қарқын алуда деп айтуға толық негiз бар. Мәселен, жекелеген мемлекеттердiң құқық жүйесiнде құқықтың дербес саласы ретiнде танылған халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау мәселесi ұлттық құқық жүйесiнiң нормалары алдында халықаралық құқық нормаларына басымдылық беру ресми түрде осы күнi кең танылып отыр. Демек жалпы әлемдiк денгейде адам құқықтарын қорғауға аса жоғары мән берiлуде деп айтуға болады әрi бұл бағытта басты бағдар ретiнде ұстанатын қағида — ол жалпы адамгершiлiк құндылықтары екендiгi айқын көрнiс таба бастады. Оның үстiне қазiргi кезде адам құқықтарын қорғау халықаралық денгейде ұйымдық тұрғыдан алғанда жоғарғы денгейде көрiнiс тапқан деп айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет