5-мәтін
Ертеде дана қариялардың бірі төрт баласына өмір сабағын үйретіп, асығыс шешім қабылдамауға тәрбиелемек болыпты. Осы мақсатта оларды елден жырақта орналасқан алып дарақты көріп қайтуға біртіндеп жіберген көрінеді. Төртеуі жылдың төрт мезгілінде барады.
Қыста барған алғашқысы әлгі ағашты көріксіз әрі қурап кеткен екен деп сипаттапты. Көктемде барған екіншісі: Жоқ. Ол ағаш жасыл желек жамылған, әдемі дарақ - депті.Ағашты жазда көрген үшінші бауырлары екеуінің сөзіне таңданып: Оның бетін гүл жапқан, аңқыған керемет жұпар иісті еді ғой- дейді.
Төртінші, кенже ұл: Сендер сонда ондағы самсап тұрған, уылжыған тәтті жемістерін көрмедіңдер ме?- дейді.Төртеуінің сөзін түгел тыңдап болған көпті көрген көнекөз әкелері: Көрдіңдер ме, дәл осы секілді әр адамды бір сипатына қарап не бір жағдайда көрсеткен мінезіне қарап бағамдап, түсінік қалыптастыруға асықпау керек. Асығыс шешім оңдырмай опық жегізіп, көп жақсылықтан махрұм қалдыруы мүмкін - деген екен.
15. Мәтінде асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз?
А) жақын
В) лезде
С) алыс
Д) жылдам
16. Мәтінге қай тақырып лайықты
А) ағайындылар
В) өмір сабағы
С) сынақ
Д) өсиетнама
17.Мәтіннің идеясы не?
А) Балаларды ұстамдылыққа шақыру
В) сынақ арқылы балаларды тәрбиелеу
С) төрт мезгілдің ерекшеліктерін көрсету
Д) атасының балалық шағын еске түсіру
6-мәтін
Қазақстанның басым бөлігі антициклон әсерінде болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батыс аймақтарына фронталды бөліктер жылжиды, кей жерлерінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 24-29 м/с сақталады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады, Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерінде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.
18. Мәтін бойынша дұрыс емес ақпаратты көрсетіңіз?
а) Атырау тұрғындарына мұзда абайлап жүруді ескерту керек
в) Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жаумайды
с) Қарағанды облысында тұман күтілуде
д) Ақтөбеде жаяу бұрқасын мен тұман байқалуы мүмкін
19. Мәтінде кездесетін термин сөздерді көрсетіңіз?
А) облыс, ауа райы
В) қатты аяз,әсер
С) фронтальді бөлік, жаяу бұрқасын
Д) Шығыс Қазақстан, көктайғақ
20. Қазақстанынң қай облысында жел қатты күшейеді?
А) Шығыс Қазақстан облысы
В) Батыс Қазақстан облысы
С) Жибыл облысы
Д) Алматы облысы
Достарыңызбен бөлісу: |