Мәтіндегі қарамен жазылған сөздің қалай жасалғанын анықтаңыз?
А) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырауы
В) түбір тұлғаларының бірігуі
С) сөздердің тіркесуі арқылы
Д) Екі түбірдің қосарлануы
2. Баяу ашыған қымыз қайсысы?
А) дөнен қымыз
В) саумал
С) бесті қымыз
Д) құнан қымыз
3. Халқымыз қай қымызды қатты бағалаған?
А) Құнан қымыз
В) дөнен қымыз
С) саумал
Д) бесті қымыз
2-мәтін
Біздің ауылдың шет жағында еңсесімен көз тарта қоймайтын кішкентай ғана елеусіз бір үй бар. Оның өзгелер сияқты сапырылысып келіп-кетіп жатқан мейманы да жоқ, шалқып жатқан дәулеті мен шаруасы да жоқ. Осы үйдің құрым киізбен қапталған қара есігінен бірі үлкен, бірі кіші екі адам – әжесі мен әлі мектепке бара қоймаған немересі ғана кіріп-шығып жүреді. Екеуі бір-біріне серік, бір-біріне жұбаныш. Әжесінің асқар таудай тілегі – жұдырықтай немересі, жұдырықтай немересінің асқар таудай арқа сүйері – қушиған кәрі әжесі. Бар байлықтары – екі саулық, бір шыбыш, ала мысық, осыдан үш ай бұрын ғана асырап алған қара күшік. Екеуіне бұдан өзге дәулеттің де, дүниенің де керегі жоқ, тек құдай патшаларға тыныштық берсін, әнебір жаман немере аман болсын. Ел тоқ болса, екеуіне осы байлық та жетеді.
4.Әже мен баланың тұрмыстық жағдайы қандай?
А) әлеуметтік жағдайы төмен
В) бай
С) жақсы тату-тәтті өмір сүруде
Д) орташа
Е) ел қатарлы
5. Мәтінде асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз?
А) үйшік
В) кішкентай үй
С) қараусыз
Д) үлкен үй
Е) шеткері үй
6. Автор мәтінде (астарлы ойда) қандай жақсы қасиет туралы айтқан?
А) жақсылық
В) батылдық
С) қанағатшылдық
Д) ашушаңдық
Е) махаббат
3-мәтін
Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны
қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең
соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай
жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның
алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге
бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын», – деген жалынышты үнін
естимін.
7. Автордың айтайын деген ойы?
А) балалық шақты еске алу
В) дос туралы
С) жалынышты бала
Д) шуылдаған балалар
Е) балалық шақтың қызықтары
8. Мәтінде асты сызылған сөзді оқи отырып, қандай баланы елестесіз?
А) жақсы бала
В) түсінігі мол бала
С) ақсақ бала
Д) ойын баласы
Е) саңырау бала
9. Мәтіннің стилі қандай?
А) публицистикалық
В) ауыз екі стил
С) көркем әдебиет стилі
Д) ресми стил
Е) бейреми стил
4-мәтін
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелекттің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне құйылған суды кожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынның үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша - жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен.
Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын», - депті, назарын төмен салған қүйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?» деп сұрапты. Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз», - дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқаш», - депті жай ғана.
Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тптті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? - деп сұрапты, - бұл сендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластырушынның жемісі, - деп сөзін жалғастырыпты. Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдермен қожайынды таңқалдыра, өтер жолды жайнатып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда қожайыныңыздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді», - деп түсіндірген екен.
10.Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз
1.Гүлге оранған жол
2.Екі шелек туралы
3.Тапқыр су тасушы
4.Кінәлі тесік шелек
A) 3.1.2.4.
B) 4.І.2.З.
C) 1.3.2.4
Д) 2.1.4.3
E) 2.4.3.1
11.Мәтін стилі
A) Ғылыми
B) Іс қағаздар
C) Публицистикалық
Д) Көркем әдебиет
E) Ауызекі сөйлеу
12.Тесік шелекке тән қасиет
A) Өшпенділік
B) Батылдық
C) Қорқақтық
Д) Ізеттілік
E) Менмендік
13.Мәтінде бүтін шелектің қай қасиеті көрінеді?
A) Жалқаулығы
B) Намысқойлығы
C) Мақтаншақтығы
Д) Озбырлығы
Е) Жағымпаздығы
14.Су тасушының ерекше касиетін керсетіңіз.
A) Алғырлығы
B) Әңгімешілдігі
C) Сенімсіздігі
Д) Тапқырлығы
Е) Дарындылығы
5-мәтін
Қазақтың Жиpенше шешенге байланысты тұpмыс-салт еpтегiлеpiнiң кейiпкеpi, Жиpеншенiң әйелi. Қаpашаш тypалы еpтегiлеpдiң сюжеттеpi, көбiнесе, шешендiк жұмбақтаp саpыны негiзiнде құpылған. Қазақ фольклоpында «Қаpашаш» деген атпен әйгiлi болған типтiк бейненiң қалыптасy таpихы өте ұзақ. Ол шешендiк, тапқыpлық, даналық тypалы еpтегiлеpдiң пайда болy, қалыптасy және дамy таpихымен тығыз байланысты. Бұлаpдың аpғы түп-тамыpы ежелгi ыpымдаp мен сол ыpымдаpға негiз болған наным-сенiмдеpден тyған. Қаpашаш тұлғасы өз бойына фольклоpлық дәстүpдiң түpлi еpекшелiктеpiн сiңipген күpделi бейне. Қаpашаштың есiмi әpқашанда Жиpенше шешен атымен қоса айтылып жүpедi. Жиpенше атымен байланысты еpтегiлеp оpта ғасыpлаpдың бастапқы кезеңдеpiнде шоғыpланып құpала бастады. Осыған қаpағанда, шешендiк жұмбақ, дана қыз тypалы сюжеттеpдiн Қаpашаш атымен байланыстыpылyы да осы кезден басталған.
15. Қарашаштың Жиреншеге қандай туыстығы бар?
А) апайы
В) әйелі
С) кейіпкер
Д) қарындасы
16. Жиренше атымен байланысты ертегілер қай ғасырлардан бастау алады?
А) ерте ғасырдан
В) орта ғасырдан
С) тас дәуірінен
Д) қола дәуірінен
17. Мәтін берілген терминдік атаулар?
А) аңыз, тұрмыс-салт ертегілері
В) Қарашаш, Жиренше
С) фольклор, сюжет
Д) ырым, салт-дәстүр
18. Мәтіндегі фольклорлық сөзі қандай жолмен жасалған?
А) жалғау
В) жұрнақ
С) сөз түрлендіруші жұрнақ
Д) сөз тудырушы жұрнақ
– Қазіргі кезде күнделікті асымызды дайындауда түрлі сұйық майлар қолданылады. Олардың кейбірі (соя, жүгері, мақта, канола) гендік модификацияланған болса, кейбірі жоғары температурада зиянды заттар бөледі. Енді бірі таза күйінде пайдалы бола тұра терең химиялық өңдеуден соң денсаулыққа кері әсері бар болып шығады. Я болмаса құрамына байланысты (сафлор, пісте, арахис, жүзім дәнегі майлары) ол майлардың көп қолданылуы түрлі ауруларды тудыруы мүмкін. Ал енді гендік өзгертілген майларға келсек, оларды жасауда негізгі екі мақсат бар. Бірі (канола, соя бұршағы) агрохимикаттарға төзімді ету арқылы аз шығынмен және аз жұмыс күшімен көп өнім алу. Екіншісі ұзақ сақтау және зиянкестерден қорғау үшін өсімдікті жәндіктерге қарсы өз уымен бірге өсіру. Мысалға ГМО жүгері мен мақтаның құрамында ауылшаруашылық зиянкестерге қарсы у болады. Екі жағдайда да аталған өнімдер агрохимикаттармен ластанады. Мұнда өндірушілер сіздің денсаулығыңыз есебіне өз пайдасын арттырады. Фаст фуд өнімдерін сүйіп жейтіндерге ескерту, бұл тамақтану орталықтары көбінесе арзан болған себепті ГМО майларын қолданады.
19.Мәтін қандай стильде жазылған?
А) публицистикалық
В) көркем әдеби
С) ауызекі сөйлеу
Д) ғылыми
20. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз?
А) Фаст фуд өнімдеріне қандай майлар қолданылмайды?
В) Гендік модификацияланған майлардың пайдалы жақтары қандай?
С) Гендік өзгертілген майларды жасауды қанша мақсат бар?
Д) Химиялық өңдеуден өтетін майлар?
Достарыңызбен бөлісу: |