5.Берілген мәтін қандай оқиға түріне жатады?
А) ойландыратын әңгіме
В) әзіл-қалжың әңгіме
С) Көңілге қонымды әңгіме
Д) жылағанды жұбататын әңгіме
6. Мәтіннің айтар ойына сәйкес келетін жауапты табыңыз?
А) адамдар қой сияқты момын болуы керек
В) иттер саны жағынан көп болғанымен адамдарға тигізер пайдасы аз
С) Қойлар сияқты аз ғана болу керек
Д) Адамдар неғұрлым еңбекқор болған сайын, соғұрлым берекелі өмір сүреді
3-мәтін
«Мен іскер адамдардың әлемінде жұрт жетпеген шыңға шықтым, басқа жұрттың көзімен маған қарағандар менің өмірімді керемет табысты өмірдің үлгісі деп санайды. Бірақ, менің өмірімде, жұмыстан басқа қуанышым көп болған емес. Тоқ етерін айтқанда, байлық – менің өмірімнің бір ғана шынайы көрінісі, үйреншікті, қалыптасқан көрінісі.
Қазір төсекте ауру болып жатырмын, бүкіл өмірімді көз алдымнан жүгіртіп өткізсем, менің бар байлығым мен атағым – Ажалға бір күні жетектеп апаратын ең жоғарғы өмір шындығының түкке тұрғысыз, мән-мағынасыз бір нәрсесі ғана екенін түсіндім.
Сіз көлігіңізді жүргізетін адамды жалдап алуыңызға болады, сіз үшін еңбек етіп табыс әкелетін адамдарды жалдап алуыңызға болады, бірақ Сіз ешкімді сіздің ауруыңызды өзіне алып ауыратын адамды ақшаңызға жалдай алмайсыз.
Дүние мен мүлікті іздеп сатып алуыңызға болады. Бір ғана нәрсені – Өмірді, жоғалған өміріңді іздеп, сатып ала алмайсың.
Өмірдің еркетайы болыңыз. Басқаларды сыйлаңыз.
Адам есейген сайын ақылы толысады, түсіне бастайды. 30 доллар тұратын сағат пен 300 доллар тұратын сағат екеуі бірдей уақытты көрсетеді екен...
30 доллар тұратын әмиян мен 300 доллар тұратын әмияннің ішіне бірдей ақша сыяды екен..
150 мың доллар тұратын көлікпен де, 30 мың доллар тұратын көлікпен де, жолы да, қашықтығы бірдей жерге жетеміз.
300 немесе 3000 шаршы метрлік пәтерде жалғыз тұрсаң, жалғыздығың екеуінде де бірдей.
Сіздің ішкі жан дүниеңіздің бақыты мал-мүлік пен дүниеден нәр алмайды.
Сіз бірінші класпен немесе эконом класпен ұшыңыз, егер ұшақ құласа, бәрі бірге құлайды.
Егер сіздің сөйлесетін достарыңыз немесе сөйлесіп тұратын адамыңыз болса, біліп қойыңыз, нағыз бақыт сол!
Достарыңызбен бөлісу: |