парақтарды алады, мұғалім сол сөздердің анықтамаларын оқиды, бірінші болып жауап
берген оқушы/топ бинго парақшасына белгі (х) қойып отырады. Қатарынан үш рет
дұрыс әрі жылдам жауап берген оқушы /топ жеңімпаз атанады. «Бинго» ойынын
сурет арқылы да ойнауға болады.
Мұғалім сөздерді оқиды, ал оқушылар оларды
суреттен тауып көрсетеді.
Оқулықпен жұмыс жасау үлгілері.
-
Міндетті түрде оқулықта
кілт сөздердің болуы;
-
Сөздердің ұшырасу жиілігі бір қос беттің көлемінде 7 рет болуы;
-
Сөздердің тақырып аясында меңгерілуі (алма, алмұрт, шие, өрік);
-
Тақырыпты ашатын сөздер тобының жинақталуы (секіру, көпір, арқан, іліну,
қайық,
көмектесу, алқа, өзен т.б.). Зерттеу бойынша нақты бір тақырыптық
топқа кіретін сөздерден гөрі әртүрлі тақырыптық топқа енетін сөздерді меңгеру
жеңілірек болады екен.
-
Сөздердің мәтінде мақсатты орын табуы. Кез келген тапсырманың арасында
біз оқитын кішігірім мәтіндер ұсынамыз, ол мәтіндердің ішінде игерілуге тиісті
сөздік қор қолданыста болуы тиіс.
Сөздік қорды дамытуға арналған кітаптар. Бұл кітаптар
әдістемелік тұрғыда
жазылады немесе жеке оқуға арналады. Кітаптардың ішінде лексикалық сөздік қор,
көзделген минимум бірнеше мәрте мақсатты түрде беріледі,
кітаптың әр бетінде
белгілі бір сөздер қайталанып, бірнеше рет кездеседі. Шығармада ол сөздер бірнеше
рет қайталанып кездескендіктен, сөздер оқушының есінде жақсы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: