оқушының сөздік қорын әжептеуір байытады. Алайда мұғалім әңгімелеу барысында
оқушылар білетін сөздерді немесе мағынасын болжап түсіне алатын сөздерді таңдап
қолданғаны жөн.
13
Сонымен қатар,
оқушылардың өздері де ресурс көзі бола алады.
Оқушыларды топтарға бөліп белгілі тақырыпқа білетін сөздерді жаздыру,
белгілі бір әріптен
басталатын сөздерді жазу, таңдаған тақырыпқа таныстырылым
жасауды тапсыру, сөздердің мағынасын өз сөзімен түсіндіру оқушылардың өзара бір-
біріне ресурс қызметін атқаруына септігін тигізеді. Немесе қарапайым әдіс –
оқушылар «Сөз қорабын» жасап, ол қораптағы сөздерді
сабақтардың арасында
қайталау да өз көмегін тиігізеді. (сөздік дәптері немесе сөздер жазылған карточкалар
жиынтығы).
14
Достарыңызбен бөлісу: