Мазмұны Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама



бет1/30
Дата13.03.2024
өлшемі325.09 Kb.
#495214
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
қазақ тілі практика


Ф5-ПД-33-21



Мазмұны


Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама
Жоғары мектептердегі оқыту процесінде қандайда бір пәнді тереңдетіп оқытуда практикалық сабақтардың орны, рөлі және маңыздылығы өте зор. Практикалық сабақтар теория мен практиканың байланысын жүзеге асырудың өзіндік нысаны болып табылады. Практикалық сабақтардың құрылымы негізінен бірдей – оқытушының кіріспе сөзі, студенттердің материал бойынша қосымша түсіндіруді қажет ететін сұрақтары, практикалық бөлігінің өзінен, оқытушының қорытынды сөзі, рефераттардан, баянадамалардан, пікірталастардан, жаттығу тапсырмаларын орындаудан, міндеттерді шешуден, бақылаудан, эксперименттен және т.б. тұрады. Сабақтың нәтижелілігі оқытушының шеберлігіне, шығармашылық қасиеттеріне көп тұрғыда байланысты.


- Сабақтардың мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілінде A1 - қарапайым деңгей бойынша қазақ тілін шет тілі ретінде оқитын білім алушыларға және A2, біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету болып саналады.
Міндеттері:
– рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәні;
-болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекерболып табылатынына көз жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.


- Меңгерілетін білім, білік және дағдылар (құзыреттері)
1) лексиканы, грамматикалық білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдауға және пайдалануға;
2) мәтіннің нақты мазмұнын беруге, олардың тұжырымдамалық ақпаратын қалыптастыруға, бүкіл мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін сипаттауға;
3) мәтіндегі ақпаратты түсіну, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- мәдени, қоғамдық-саяси, оқу-кәсіби салалардағы қарым-қатынас мәтіндерінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін түсінуге;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет