Біздің коммерциялық банктегі қаржы ресурсының негізгі бөлігін құрайтын қаржылық ағымды талдауымызды біз О.И.Лаврушин ұсынған коммерциялық банктегі кіріс, шығыс пен таза кірістің агреграциялық есебін құраудан бастадық. Біз оның қаржы ағымдарының кіріс, шығыс пен таза кірісті шығатын (шығыс) пен кіретін (кіріс) ретінде есеп беруге болатындығы туралы пікірімен келісеміз. [29] (7 кесте)
7 кесте – Кіріс, шығыс пен пайда туралы есеп
Кіретін қаржы ағымдары
|
Шығатын қаржы ағымдары
|
Несие бойынша кіріс
|
Депозиттер бойынша пайыздық төлем түріндегі шығыстар
|
Құнды қағаздар бойынша кірістер
|
Депозиттік емес қарыз алу бойынша шығыстар
|
Ақшалай белсенділікті қолдану бойынша кірістер
|
Еңбек ақысын төлеудегі шығыстар
|
Екінші деңгейлі кірістер
|
Екінші деңгейлі шығыстар
|
Салықтық төлемдер
|
Талдау жүргізу үшін зерртелініп жатқан мәліметтік база 1.01.2001ж. мен 1.01.2005ж аралығында қаржылық есептесу қызметін көрсетті.
Жұмыс процесі кезінде зерттелініп жатқан қаржы ағымдарын талдау блоктары анықталды:
-
Жылдар бойынша кірістер, мен шығыстардың агрегаланған есептің талдаулары.
-
Зерттелініп жатқан банктердің пайыздық маржілер көрсеткіші.
-
Коммерциялық банктердің кірісітілігі туралы шешуші көрсеткіштер.
Біз берілген көрсеткіштер коммерциялық банктердегі қаржылық ресурстарды қолданудың сапалы көрсеткіштері болып табылады деп ойлаймыз.
А.1. кестесінде «ТұранӘлем Банк»» АҚ қаржы ресурстары көздерінің қалыптасуына әсер етуші қаржы ағымдарының динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер қарастырылған. 01.01.2005 жылы «ТұранӘлем Банк»» АҚ таза кірісі 7.303 млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылдағы таза кіріс 4.620 млн. теңгемен салыстырғанда өсу қарқыны 58.1% құрады. Пайыздық кірісі 2,4% өскен, осылайша жыл бойы кіріс кіргізетін белсенділікті арттыра отырып, пайыздық салымдардың төмендеуі есебінен кіріс реттелді (орташа пайыздық белсенділік салымы 2004 жылы 11,3%-дан 2005 жылы 10,5% өсті ). 2005 жылғы кіріс 2004 жылға қарағанда орташа кіріс әкелуші белсенділікті арттыру нәтижесінде орташа бағаланатын пайыздық салымдардың төмендеуі арқылы реттеліп, салыстырмалы түрде 54,8% өсе түсті. Орташа бағаланатын пайыздық салымдар кіріс кіргізуші белсенділіктер бойынша 2003 жылы 15% дан 2004 жылы 13% өсті. Берілген несиенің пайыздық кірісі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 73% өсті. Несиелік сөмкенің ұлғаюы, негізінде Қазақстандағы стратегиялық мақсаттар мен жағымды бизнес-ортаның әсерімен банктің жалғасқан өсімі арқасында – жалпы тұтынушылар тарапынан банк қызметтеріне деген сұраныстың артуымен жүзеге асты. Несие бойынша орташа бағаланатын пайыздық салымдар 15,4% дан 13,7% түсті. Банктің құнды қағаздар сөмкесінің пайыздық кірісі 2004 жылы 4,257 млн. теңгені құрып, 2003 жылмен салыстырғанда 51,1% өсті, алайда 2005 жылы бұл көрсеткіш 15,6% түсті. Пайыздық төлем бойынша шығыстар 2004 жылы 15,763 млн. теңгеге, 2005 жылы 24,867 млн. теңгеге өсті, ал өсім 57,8% құрайды. Пайыздық төлем шығыстары банктің депозиттік базасының өсуіне, ұлғая түскен қарыз алу мен соңғы үш жыл бойғы қарыз міндеттемелерін шығаруға байланысты, орташа салымдардың мәнсіз қаржыландыруынан, банктің қарыздарын төлеу мен салымдардың төмендетілуінен, тұтынушылардың төлеген есеп-шоттарымен ұлғайды.
2005 жылдың комиссиялық кірісі 2,636 млн. теңгеге өсті, 2004 жылы 6,358 млн. тегеден 8,994 млн. теңгеге өсті, өсу қарқыны 41,4% құрады. Өсу негізінде, сауда-қаржы қызметінің құжаттық марапаттауларының өсуіне қатысты, сондай-ақ пластикалық карточкалар бойынша алынған транзакциялар комиссиясы бойынша, Қазақстанның экономикалық белсенділігін кеңейтуде байқалатын әрі банктің өткізетін өзіне сәйкес іскер операцияларында көрінеді.
Банктің қарыз берудегі және басқа да банктердегі депозиттерінің орташа жылдық балансы 2004 жылы 75,7%, 48,851 млн. теңгеден 2005 жылы 85,829 млн. теңгеге өсті. Осы баптарға сәйкес төленетін орташа бағаланатын жылдық пайыздық салымдар соңғы үш жылда (2003, 2004, 2005 жылдары 5,8%, 4,9%, 4,0% сәйкес) төмендеп отырды. Тұтынушылардың, заңды және жеке тұлғалардың депозиттік есеп-шотындағы орташа жылдық баланстары 31,2% өсті, 2004 жылы 93,383 млн теңгеден 2005 жылы 122,491 млн. теңгеге өсті. Депозиттердің үш жылдағы өсуі тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа стратегияларына бейімделі мен банк қызметтеріне қатысты салымшылардың сенімінің артуының да нәтижесіболып табылады.
Қорларды құрудың ассигналануы жоғалту мүмкіндіктерін 2004 жылы 44,6%, 7,184 млн. теңгеден 2005 жылы 10,391 млн. теңгеге арттырды, бұл дегеніміз өз кезегінде 2003 жылы 23,1%, 5,838 млн. артқан. Үш жылдың ішіндегі өсім ең алдымен банктің несиелеу жолының ұлғайтылуы себеп болады.
2005 жылдан бастап әріптестерге жалақы төлеуге байланысты және басқа да есептесулерге орай шығыстар 27,9% өсіп, 4,388 млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 3,432 млн. теңгені құрайды. Өсім банктің іскер операцияларын орындауға байланысты іріктеліп кеңейтілген әріптестерге жалақы төлеуге байланысты, Қазақстанның жағымды экономикалық климатына орай шыққан шығыстармен түсіндіріледі.
«ТұранӘлем Банкі» АҚ қаржылық ресурстарының көзін талдау, соңғы жылдары орташа өсімнің 51% өскен көрсеткішін дәлелдейді.
«ВалютТранзит Банкі» АҚ қаржы ағымдарын талдау (А.2 кесте) келесі жағдайды көрсетті: 01.01.2005 жылғы «ВалютТранзит Банкі» АҚ таза кірісі 724243 мың теңгені құрады, 2004 жылмен салыстырғанда 1100701 мың теңгеге өскен, өсу қарқыны 52% құрайды. Ақшалай белсенділікті қолдануы 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 5,5 есеге ұлғайған. Банк өзінің жұмысында өндірістік қаржы құралдарын қолданған. 2005 жылдағы пайыздық кіріс 2004 жылмен салыстырғанда 72,6% өскен. 2005 жылдағы құнды қағаздар құжатының сөмкесі 529383 мың теңгеге өскен, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 172,8% құрайды. 2005 жылдағы комиссиялық кіріс 894721 мың теңгені құраса, 2004 жылы – 468364 мың теңгені құраған, өсім қарқыны - 91% болды.
Әріптестерге жалақы төлеу мен басқа да есептесу шығыстары 2005 жылы 68,4% өсті әрі 970619 мың теңгені құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 576233 мың теңгені құрады.
«ВалютТранзит Банкі» АҚ банк ісі үшін жоғарғы деңгейдегі жеке дара қызмет көрсетумен сипатталады, сондықтан банктің шығыстары едәуір мөлшерде үнемі болып тұрады, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде үнемі бақылауда болады. Банк белгілі бір деңгейде қоғамдық қызығушылықтарды қарастырады, әрі кез-келген уақытта қызмет көрсетіледі. Банктің басқа да банктерде жүргізілетін операцияны тоқтату немесе тез арада кенет штатты қысқарту, артық өндіру туралы мүмкіндігі жоқ; сондықтан қысқа мерзімдегі оның шығыстары орындалған жұмыстың көлемімен өте тығыз кезеңде ауытқып тұрады.
«ЦентрКредит Банкі» АҚ 01.01.2005 жылдағы таза кірісі (А.3 кесте) 2471921 мың теңгені құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 1293901 мың теңгені құрайды, өсім қарқыны 91% құрады. Пайыздық кіріс 66,5% өсті, бұл дегеніміз банктегі несиелік операциялардың өскенін дәлелдейді. Банктің 2005 жылдағы құнды қағаздар сөмкесі 92756 мың теңгені құрады әрі бұл 2004 жылмен салыстырғанда 20,6% төмендеді.
2005 жылдағы комиссиялық кірістер 2987636 мың теңгені құрады, 2004 жылы бұл кіріс – 1450431 мың теңгені құрады, ал өсім қарқыны 5,9% құрады. Құнды қағаздарсөмкесінің пайыздық кірісі 2005 жылы 92756 мың теңгені құрады және 2004 жылмен салыстырғанда 20,6% түсті.
2005 жылдағы комиссиялық кірістер 2987636 мың теңгені құраса, 2004 жылы – 1450431 мың теңгені құрады, ал өсім қарқыны 5,9 % ұрады. Бұл дегеніміз банк үнемі өзінің қызмет көрсеттетін тұтынушыларын көбейтуіне байланысты арттырған.
Әріптестерге жалақы төлеу мен басқа да есептесу шығыстары 2005 жылы 15,5% өсті әрі 1132454 мың теңгені құраса, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 980546 мың теңгені құрады.
Мұндай жетістіктер нәтижесіне қол жеткізу, банктің коммерциялық бизнесі көегімен алынған, банк орта және ірі қазақстандық компанияларға өнімдер мен қызметтер қажеттілігін ұсынып, Қазақстандағы сауда мен құрылымдық қаржыландыру, қаржылық проектілеу, банкинг интернеті қызметі мен белсенділікті басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеулер мен басқа да банктік қызмет көрсетулер арқылы өз қызметін жүзеге асырды. Банктің жоғарғы деңгейдегі ликвидтігін қолдау саясатына сәйкес, несиелерді корпорациялық тұтынушыларға орташа алғанда 18 ай мерзімінде беріп, сондай-ақ қазіргі уақытта қол жеткізуге болатын мүмкіндігіне қарай ұзақ мерзімді қаржыландыруларды ұсынады. Банктің негізгі қызметі дәстүрлі түдегі депозиттер қабылдау мен ссудалар ұсыну және теңге мен шетел валюталарында несие беру болып табылады. Банк сондай-ақ, тұтынушылардың ағымдағы есеп-шотына қызмет көрсетуде кең қызметтер түрін ұсынады, олар төлемдер, дебиттік және несиелік карточкалар, тасымалдау, сондай-ақ жекелей банкигті ұсынады.
«АТФБанкі» АҚ қаржылық ағымына талдау (А.4 кесте) келесіні көрсетті:
01.01.2005 жылғы «АТФБанкі» АҚ таза кірісі 1251869 мың теңгені құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 1167798 мың теңгеге өскен, өсім қарқыны 7,2% құрайды. Пайыздық көрсеткіштер кірісі 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 12% ұлғайған. 2004 жылдағы құнды қағаздар құжатының сөмкесі 82634 мың теңгеге өскен, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 40,6% өскен, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 81867 мың теңгені құрайды. Бактің тұтынушылары арасында – ірі өндірістік және саула өкілдері бар. Мұнда арнайы несиелеу бағдарламасы құрылған шағын және орта бизнестің кәсіпорындарына ерекше назар аударылған.
Жүргізілген талдаудың нәтижесінде зерттелініп жатқан банктердің қаржылық ресурстарының қалыптасуы жүргізілген инвестициялық операциялардың кіріс нормаларына, ақы төлеу көлемі, көрсетілген қызметтердің үлесі, сондай-ақ белсенділердің көлемі мен құрылымына байланысты қорытынды жасауға болады. Зерттеу барысында біз соңғы жылдары банктік белсенділер мен кірістер едәуір өсе түскен. Банктік қызметтегі комиссиялық марапатау түріндегі кірістер де ұлғайған, бұл әлі де өсе түсуі мүмкін, кірістік белсенділер пайызы ссудалық және инвестициялық операцияларды қамтамасыз етуі орташа алғанда барлық банктік кірістерді қосқанда 60% құрайды.
Банктер үшін неси беру ең басты бағыттар қызметініңі бір түрі болып табылады. Банктің негізін қалаушы қағидасы несиелік ресурстардың әртүрлі формалары мен әдістерін ұсыну, қайтарудың қатаң кепілдігі болуы, банктің біркелкі қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру кепілдігі түрлеріндегі тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Тексерілген және консервативтік несие беру саясатын өткізу арқылы мамандардың кәсіби жұмысына, шешім қабылдау мен тәуекелділік процедурасын – моноторингті жетілдіру жүзеге асырылуда.
Банктерді талдай отырып, өз жұмысында ауылдық жерлерде қызмет көрсететін орталықтар құру, менеджерлердің есеп-шотты жеке жүргізу мен қазіргі заман талаптарына сай кеңсеге орналастыру қарастырылуда.
Тұрғындарды қамту біртіндеп өсуде. Бұл Қазақстандағы қолайлы экономикалық ахуал, ірі өндірістік кәсіпорындар, тұрғындардың жоғарғы деңгейдегі жұмыспен қамтылуы едәуір себеп болып көмектесуде.
Коммерциялық банктердің барлық шаруашылық қызметі мен өткізілетін акциялары банк пен банк тұтынушысының арасындағы келісім-шарт негізінде орындалады. Келісім-шарттың талаптарында операциялар немесе шаруашылық қызметтің барлық жағдайлары қарастырылған.
Шарттың түрі мен нақты міндеттерге орай келісім-шартта бэк-кеңсенің бөлімшелерінде операциялар балансы немесе баланстық емес баланстар есептеліп отырылады. Есептеу әрекет етуші негізгі есептеу саясаты мен процедураларды суреттеуде жүзеге асырылады.
Кезеңдердің барлық уақытында зерттелініп жатқан банктер үнемі бірқалыпты мәліметтік технологияларға платформасына маңызды инвестициялар жасап отырады. Олар банктерге бизнес-процестерді басқаруды жақсартуға көмектеседі, сондай-ақ жаңа қаржылық өнімдердің орталықтанған басқару талдауын сақтай отырып ең тамаша тұтыну сервисін ұсынады. Қазіргі уақытта, корпоративтік байланыс арқылы банктер барлық филиалдардың берілгендер базасына он-лайнмен шыға алады. Бұл тұтынушылардың талаптарына жылдам әрі тиімді жауап бере алады, сонымен қатар, қызметтердің сапасын көтеру арқылы құнын түсіруге мүмкіндік береді.
Инвестицияларды ұлғайта отырып, банктің негізгі мақсаты жаңа жүйелерді мәліметтік технологияларға енгізу болып табылады.
Банктердегі ресурстар мен шығарылған себептер жаңа тенденциялар динамикасының қалыптасуын анықтау үшін, әрине ең алдымен операциялық кірістер мен операциялық шығыстарды қарастыру 8,9 кестелерінде ұсынылады.
8 кесте – Зерттелінуші банктердің операциялық кірістері
мың теңге
Банктің аталуы
|
2001ж.
|
2002ж.
|
2003ж.
|
2004ж.
|
2005ж.
|
Валют-Транзит Банк
|
760506
|
1643649
|
2121483
|
2942100
|
4811790
|
ТұранӘлем Банкі
|
13038000
|
21077000
|
32396000
|
40860000
|
63258000
|
ЦентрКредит Банкі
|
1952423
|
3018835
|
5042384
|
7074030
|
12489727
|
АТФ Банкі
|
839473
|
1361257
|
1148812
|
1788050
|
1992911
|
«ТұранӘлем Банкі» АҚ операциялық кірісінің өсу қарқыны 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 15,5% құрды, ал «ЦентрКредит Банкі» АҚ – 17,7%, «АТФБанк» АҚ – 1,1%, «Валют-Транзит Банкі» АҚ – 63,5% құрды.
Зерттелініп жатқан банктердің операциялық кірістері үнемі өсуде. Мұнда екі фактордың әрекеті көрінді: 1) несие және инвестиция бойынша операцияларды ұлғайту; 2) жоғарғы пайызды әкелуші несие үлестерінің белсенділіктерін көбейту.
9 кесте – Зерттелінуші банктердің операциялық шығыстары
мың теңге
Банктің аталуы
|
2001ж.
|
2002ж.
|
2003ж.
|
2004ж.
|
2005ж.
|
Валют-Транзит Банк
|
254125
|
537425
|
1020826
|
1318314
|
3152513
|
ТұранӘлем Банкі
|
12141000
|
19486000
|
27498000
|
36240000
|
55955000
|
ЦентрКредит Банкі
|
1006991
|
1607688
|
275823
|
3333540
|
6355305
|
АТФ Банкі
|
358740
|
812758
|
825971
|
1122981
|
1189264
|
Операциялық шығыстар қарқынды өсе түсуде, «ТұранӘлем Банкі» АҚ операциялық кірісінің өсу қарқыны 2005 жылғы өсімі 15,4% құрды, ал «ЦентрКредит Банкі» АҚ – 19,1%, «АТФБанк» АҚ – 10,6%, «Валют-Транзит Банкі» АҚ – 139,1% құрды, бұл негізінде шұғыл және сақтаушы салымдардың пайыздық көрсеткіштерінің өсуіне байланысты, сондай-ақ басқа да қарыз беру қаражаттарына байланысты болды. Төлемдердің өсуі пайыздық салымдардың көтерілуіне және шұғыл әрі сақтаушы салымдардың өсуімен сипатталады. Жалақы басқа да шығындар элементі әсерімен жылдам қарқынмен көтеріліп, пайыздық төлемдердің компенсациясын өсіреді. Сондықтан, операциялық кірістер белсенділер сомасына қарағанда жылдамырақ өсті.
Банктің операциялары белсенді ме немесе белсенді емес пе оған тәуелсіз алынған шығыстарды жүзеге асыратын шығыстарды пайыздық және пайыздық емес операциялар түріне бөледі. Егер банктің операцияларын осы тұрғыда алып қарасақ, онда ең кеңінен тараған кірістілік операцияның пайыздық тобы спрэда және таза пайыздық маржоның көрсеткіші болады.
Коммерциялық банктің негізгі және кең тараған тұрақты құраманың таза таратылмаған кірісі таза пайыздық маржа болып табылады, оны былайша анықтауға болады:
ПМч = (ПД – ПР) /Аср*100%=ПП*100/Аср (3),
Мұндағы ПМч - таза пайыздық маржа;
ПД – пайыздық кіріс;
ПР – пайыздық шығыс;
Аср – сомалық белсенділіктің орташа көлемі;
ПП – пайыздық пайда.
Көрсетілген сәйкестілік банктің жүзеге асырған пайыздық рентабельдігін суреттейді, немесе төлем мен алынған пайызға байланысты банктегі жүргізілген операциялардың белсенділігін тиімді қолдануды білдіреді.
10 кестеде біз зерттелініп жатқан маржаның пайыздық көрсеткішін есептеп көрсетеміз.
Кестеде берілгендер бойынша мынадай қорытындыға келуге болады, «Валют-Транзит Банкі» АҚ 2003 жылы пайыздық маржа 256786 мың теңгеге кеміді, 2002 жылы ол 199639 мың теңгеге ұлғайса да, 2004 жылы маржа 1,5 есеге өсті, ал 2005 жылы ол – 2,2% өсті. «Валют-Транзит Банкі» АҚ пайыздық маржасы тұрақты түрде өсе түсуде. Бұл дегеніміз, коммерциялық банктің менеджерлер мен әріптестерікірістің қарқынды өсуіндегі алға ұмтылушылықты сақтап келетінін (ең алдымен, банктік несиелеу, қызметтерді инвестициялау мен комиссиялау пайыздары бойынша,) шығыстардың өсу қарқындылығымен салыстырғанда (негізінде депозиттер мен ақшалай нарықтағы қарыз алудағы пайыздар) дәлелдейді.
10 кесте – Талданушы банктердің пайыздық маржалардағы көрсеткіштері
мың теңге
Банктің аталуы
|
2001ж.
|
2002ж.
|
2003ж.
|
2004ж.
|
2005ж.
|
Валют-Транзит Банк
|
506381
|
1106224
|
1100657
|
1623786
|
1659277
|
ТұранӘлем Банкі
|
4989000
|
9203000
|
11469000
|
14757000
|
24259000
|
ЦентрКредит Банкі
|
945432
|
1411147
|
2170058
|
3740490
|
6134422
|
АТФ Банкі
|
480733
|
548499
|
322841
|
665069
|
803647
|
Ескерту – автор зерттелінген банктердің пайдасы мен шығындары туралы есептегі берілгендерге сүйеніп есептеді
|
«ТұранӘлем Банкі» АҚ пайыздық өсім тұрақты екені байқалады, соңғы бес жылда ұлғаю орташа алғанда 15,1% құрды. Таза кіріс көзі тұрақты және сөз жетпестей бірқалыпты.
Ал, «ЦентрКредит Банкі» АҚ пайыздық маржа үнемі жылдар бойынша ауытқып отырады: 2002 жылы өсім 21,8% ұлғайды, 2003 жылы өсім 53,7% өсті, 2004 жылы өсім 72,4% өсті, ал, 2005 жылы тағы да 64% өсім байқалады.
Дәл осындай жағдай «АТФБанк» АҚ байқалады: 2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда пайыздық маржа 14,1%өсті, 2003 жылы өсім 58,9% өсті, 2004 жылы өсім 2,1 есеге өсті, ал, 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда маржаның пайыздық өсімі 20,8% құрды.
Банктегі маржаның пайыздық көрсеткіші таза кірістің жалпы тенденциясының өсуі байқалса да жылдар бойы ауытқып өзгеріп отырады. Зерттелініп жатқан банктер көбінесе кірістік салық төлеуден бөлек кірістің ірі бөлігін ұстап қалуға қатысты саясатты ұстанады. Жүргізілген зерттеу көрсеткіштері көрсеткендей, нарықтағы несие беру мен басқа да кірістік белсенділерді алудағы бәсекелестіктің шиеленісуіне орай, көптеген несиелер мерзімі өтіп кеткендер қатарына өтеді, Қазақстанның көптеген банктері комиссиялық марапаттаулары пайызсыз түрдегі кірістердің өсуіне мән бере бастады. Мұндай марапаттаулар бірлескен кірістің көлемін көтереді әрі акционерлерге төлеуге жіберілген таза кірісті ұлғайтуға көмектеседі.
Банктерді зерттеудегі жүргізілген талдау көрсеткендей, ресурстарды тиімсіз басқару, ең алдымен жарияланған кірісті төмендетуде көрінеді әрі ол ликвидациялық және төлемақы мүмкіндігі проблемасына алып келеді. Бұл проблеманы шешу үшін күтуді нақтырақ қалыптастыру керек әрі көзге көрнбейтін өзгерістер көзін дәлірек анықтауды үйрену керек. Банктер қаржылық құрастыруды үш негізгі блокты әртүрлі мерзімдегі міндеттемелеріне қарай таңдап әрі біріктіре отырып қолдана және өшіре алады, қаржылық тәуекелділікті шектей алады: несиені кеңейту, бағаны тіркеу мен бағаны қауіпсіздендіру.
Ресурстар көзін қалыптастыруды талдаудың бір элементі ретінде кірістілік көрсеткіші енеді – капиталдың таза кіріс сомасына қарай бөлу жолымен алынатын капиталға пайда әкелу нормасы болып табылады. Жеке капитал келесі элементтерден тұрады: таратылмаған таза кірісті енгізетін бекітілген капитал, қосымша капитал мен бағалау қоры. (жабылмаған шығыс) [30].
Кіріс көрсеткішінің бағалау әдісін қолдана отырып, біз зерттелініп жатқан банктер мысалында есеп жасадық әрі оның негізінде қаржы ресурстарының көзін талдадық. 2001-2005жж. зерттелініп жатқан банктердің кірістілігі талдауының нәтижесі 11,12,13,14 кеселерде көрсетіледі.
«Валют-Транзит Банкі» АҚ шешуші көрсеткіштерін талдай отырып, келесі қорытындыға келуге болады. (11 кесте):
1. 2002 жылы банктің акционерлері 2001 жылға қарағанда өз капиталын инвестициялаудан 2 есе үлкен кіріс алды, ал 2004 жылы ол 8,5 % төмендеді. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,4% өсті. Бұл дегеніміз, 2004 жылдан бастап «Валют-Транзит Банкі» АҚ өзінің Қазақстандағы қаржылық нарықтағы орнын ұлғайтқанын, өзінің ақшалай-несиелік құралдарын таза кірісті ұлғайту үшін кеңінен қолданғанын дәлелдейді.
2. «Валют-Транзит Банкі» АҚ белсенділігінен таза кірісті алу тұрақты түрде жүзеге асуда, орташа алғанда соңғы бес жылда ол 2,4% құрайды. Бұл дегеніміз, қолма-қол валюта, құнды қағаздар, өңделмеген бағалы металдар үнемі таза кірістер алып келеді дегенді дәлелдейді.
3. Таза маржалық пайыз былайша өзгеріп отырды: 2002 жылға дейін тұрақты түрде өсіп отырды, 2003 жылы 4,5% өсті, 2004 жылы қайта 1,9% өсті, ал, 2005 жылы 1,8% төмендеді. Мұндай нәтижелер қаражаттар көзінің өзгеріп отыруы мен кірістік белсенділіктің жоғалуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |