2.1 “Тұран Әлем Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты
«Тұран Әлем Банкі» АҚ 1997 жылы 15 қаңтарда «Алем Банк Казахстана» («Қазақстанның Әлем Банкі») АБ-мен «Туран Банк» («Тұран Банкі») КАБ-нің қосылуы нәтижесінде құрылды.
«Қазақстанның Әлем Банкі» АБ 1990 жылы Внешэкономбанктің (Сыртқыэкономбанкі) Қазақстандағы филиалы ретінде құрылған және бірнеше жылдар бойы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілімен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі агенті болып келді. 1994 жылға дейін «Алем Банк Казахстана» АБ елдегі халықаралық операцияларды жүргізетін бірден бір жалғыз банк болды және Қазақстанның алдыңғы қатарлы қаржы институттарының бірі саналды. Ол SWIFT және REUTERS халықаралық банк жүйелеріне қосылған тұңғыш банк, VISA International және Master Card жүйелерінің бірінші қатысушысы болып табылады. «Туран Банк» КАБ тарихы республика аумағында 1925 жылы КСРО Промстройбанкінің бөлімшесі ашылған сәттен басталады. Банктің қызметі экономиканың индустрия секторының құрылуы және қалыптасуымен тікелей байланысты болды - банк құрылысты қаржыландырып, Қазақстанның ең ірі кәсіпорындарына қызмет көрсетті.
«Қазақстанның Әлем Банкі» АБ мен «Туран Банк» КАБ-ы осы банктердің 100% акциялар пакетінің иесі болып табылатын Қазақстан Республикасы Үікіменің келісімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының шешімінің негізінде қосылған. Қосылу туралы шешімнің қабылдануы 1996 жылдың соңында бірқатар индустриялық кәсіпорындардың қарыздарын төлей алмауы салдарынан туындаған кезде екі банктің де Қазақстан экономикасы үшін үлкен маңыздылығымен байланысты. Ол КСРО-ның құлауынан кейін орын алған экономикалық құлдыраудың салдары болды. Бастапқыда банк 100% акциялар пакетін Үкімет иеленетін, жабық түрдегі акционерлік қоғам ретінде құрылды. Қалпына келтіруші банк- алдыңғы банктердің 61,9 млн. $ сомасы көлеміндегі қарыздарын өз мойнына алды. 1998 жылдың наурыз айында «Тұран Әлем Банкі» АҚ жабық аукционда толығымен жекешелендіріліп, онда банктің 100% акцияларын жергілікті жеке меншік компаниялардың консорциумы («Консорциум серіктестігі») сатып алды.
«Тұран Әлем Банкі» банкі Қазақстан Республикасындағы 2-ші дәрежелі банк болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші сатысын құрайды.
«Тұран Әлем Банкі» Қазақстан Ресупбликасының басқа банктерімен және басқа елдердің банктерімен қатынастарда, халықаралық банктерде және басқа да қаржы-несие ұйымдарында клиенттің мүддесін білдіреді.
«Тұран Әлем Банкі» өз қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығымен құрады. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №154-1 Заңы банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (банкроттық) туралы хабарлай отырып, банк операцияларын жүргізу лицензиясының күшін жойғаннан кейін Ұлттық Банк сотқа жүгінеді деп белгілеген11.«Тұран Әлем Банк» ХҚЕС-ке сай қаржылық есеп беруді құрайды.Банктің аудиторы- Ernst & Young Kazakhstan.
Қаақстанның жергілікті банктері бойынша «Тұран Әлем Банк» рентабельділік бойынша бірінші орында.2003-2005 жж. таза табыстың мөлшері қайтадын өсіп, 39,000 млн тенге құрады. Бұл табыстардың улкен бөлігін негізгі қызмет бойынша табыстар құрды.
Банктің құрылғанына аз уақыт болса да, осы уақыт ішінде «Тұран Әлем Банкі» Қазақстанда бірінші болып клиенттерге барынша жақын болып келетін, кассалық-есеп айырысу бөлімшелерінің жүйесін дамытуды қолға алып, орасан жетістіктерге қол жеткізді, банкті бүкіл республика таныған. Бүгінгі таңда аймақтық жүйені дамыту масштабы бойынша «Тұран Әлем Банкі» республиканың алдыңғы қатарлы бес банкінің құрамына кіреді.
Қазіргі таңда «Тұран Әлем Банкінің» жарғылық қоры 1 млрд. 300 млн. теңгеге (643 миллион доллар) өсті. Банктің клиенттері 200-ден 350 000 адамға көбейді. «Тұран Әлем Банкі» Қазақстан Республикасының банк жүйесінде айтарлықтай жағдайды иеленіп, елдің ең ірі банктерінің қатарына кірді. 1999 жылдың желтоқсанында астаналық «Ақмола-банк» «Тұран Әлем Банкінің» құрамына кірді. «Тұран Әлем Банкі» жыл сайын жетістіктерге қол жеткізуде. Мысалы, 2006 жылдың 1 шілдесінде банктің 5 филиалы, 50 кассалық-есеп айырысу бөлімшелері мен 107 қолма-қол шетел валюталарын айырбастау пунктері болды. Ал қазіргі таңда оның 27 қалада 22 филиалы, 196 КЕБ бар. Банк жыл сайын әлемнің «үлкен бестігіне» кіретін халықаралық аудиторлық компаниялар мен бірлесе отырып, аудиторлық тексерулер жүргізеді. 2005 жылы KPMG халықаралық аудиторлық компаниясы банктің қызметіне ерекше баға берді, ал 2006 жылдың қорытындылары бойынша Deloitte & Touche тәуелсіз аудиторлық фирмасы «Тұран Әлем Банкінің» бухгалтерлік есептері мен есеп беру жүйесін аудиторлық тексеруден өткізді. Бұл тексеру банктің сенімділігін тағы бір дәлелдеп берді. Осылайша, 2006 жылы банк халықаралық стандарттарға өтудің барлық көрсеткіштерін орындады. «Тұран Әлем Банктің» филиалдар жүйесі, яғни тұтынушылар салымдарынан тұратын кең ресурстық база,өте маңызды рөл атқарады, әсіресе банкаралық несиелеу жүйесі жоқ жерлерде.Соңғы кездері инвесторлар қаражаттарын жоғарғы кластағы активтер тобына аудару және экономиканың өтімділік дәрежесінң өсуі әсерінен банк ресурстарды тарту қызметі айтарлықтай жеңілдетілді. Бірақ осыларға қарамастан «Тұран Әлем Банктің» «клиент депозиттері» деген көрсеткіші едәуір төмендетілді. Банк соңғы екі жылдың ішінде бөлінбеген пайда арқасында өзінің базалық капиталын екі есе өсірді. Банктің тұрақты рейтингі - ВВ-/тұрақты/В. Банктің рейтингтері келесідей бөлінеді:
-ағымдағы рейтингтер;
-Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингтері.
Ағымдағы рейтингтер мәліметтерін 1 кестеде, ал несиелік рейтинг-терді иемдену тарихы 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 1
ҚР «Тұран Әлем Банкінің» ағымдағы рейтингтері
Контрагенттің несиелік рейтингі
| BВ-/тұрақты/В |
Депозиттік сертификаттар рейтингі
|
BВ-/В
|
Бірінші дәрежелі қамтылмаған міндеттемелер рейтингі
|
ВВ-
|
Достарыңызбен бөлісу: |