9. Құндылықтар философиясы
Дәріс мақсаты: Іс-әрекет пен сөздің этикалық нормаларға сай келуі, жан дүниенің ашықтығы мен еркіндігіне мүмкіндік беру, басқа адамдардың құқы мен құрметіне мән беру тәрізді тәрбиелік мағынасын ашу.
Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенінзерттейді.
Әлем өзінің байлығымен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әлемде рухани-практикалық игеру үдерісі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар құбылыстар тұлғаның сезімдеріне,ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді.Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды,қоршаған дүниедегі заттарды,құбылыстарды,үдерістердіқайырымдылық,әділеттілік,сұлулық пайдалылық т.б.тұрғысынан бағалап,құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады.
Құндылықтық қатынас әрқашан да субьектінің бойында белгілі бір эмоцияларды-қуану,сүйсіну,таңдану,табыну т.б. туғызады.Оның ішіндегі ең жоғарғысы-қассиеттерге табыну.Адамға қасиеттер қажет,мейлі ол дін болсын немесе діни емес зайырлық қасиеттер болсын.Бұл мәселе,әсіресе,қоғаныңадамгершілік тұғырлары мен мәдени дәстүрлерінің құнсыздануы мен деградациясы кезінде өзінің өзектілігін байқатады.Құндылықтар — қасиеттер.Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден,ана сүтімен бірге,өзінің ана тілі арқылы,мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Қасиеттер адам бойына моральдық жауапкешіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі.
Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылыұтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын шайып, күмәнсіз ететін гумандылық өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.
Құндылықтар әлемі – сөздің кең мағынасында мәдкниет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз құндылыұтар кешені бар. Құндылықтар адам болиысының әр түрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар – өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар – материалдық және рухани қажеттәләктерді өтеу үдерісіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеялары ие болуы мүмкін.
Заттар мен құбылыстар сипаттамалары табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы үдерістер бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Адамның өз өміріне деген қатынасын – өзіне-өзі тиесілігі мен өзіндік мәртебесін құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдар, дәуірлер, мәдениеттер, адам қоғамдары арасында қаншалықты айырмашылық болғанымен, олардың барлығы құндылықты-мәнді диспозициялардың жекелеген жағдайларынан туындайды және оны өз бойында тасымалдайды. Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерінен көрінеді: жеке тұлғалық және ұжымдық бейсаналықтан дүниетаным жүйелерінің ішкі мәнді ұйымдасқан күрделілігі мен институционалданған этностық нормаларына, ерекшеліктеріне дейін.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Аксиология және адамгершілік.
2.Этикалық ілімдердің тарихи типтері. Құндылықтар теориясының негіздері.
3.Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері.
Әдебиеттер тізімі:
1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /
2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.
3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.
4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.
5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.
Достарыңызбен бөлісу: |