Семинар-9.Этикалық дилеммалар: жағдаяттық талдау.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:Этиканың философиялық мәні туралы толық түсіндіре алу. Қазіргі кездегі адами құндылық рөлін ашып көрсету.Ұрпақтық дискурстағы этикалық құндылықтар туралы білу.
Сабақтың мазмұны:
Студент семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалады. Семинар сабақ барысында, студенттердің дайындығының негізінде әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап, рөлдік ойын және пікірталас ретінде жүргізіледі. Студенттер өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.
Семинар сұрақтарын негізге ала отырып,ұсынылған әдебиеттер мен интернет көздерін, электронды ресурстарды пайдалана отырып презентация дайындау. Презентация дайындау барысында студент өзі дайындаған тапсырма аясында сұрақ дайындап,аудиториямен кері байланыс оранту қажет.
Презентация дайындауға арналған сұрақтар:
1.Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері.
2.Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары). 3.Пайдалылық пен принциптер. Құндылықтық сана табиғаты.
4.Қазақ философиясының экзистенциалдық сипаты.
5.Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем. Жүсіп Баласағұн философиясындағы ақиқат мәселесі.
6.«Құт», «қанағат», «тәубе», «әділет», «сабыр» категориялары.
7.Ұрпақтық дискурстағы этикалық құндылықтар.
8.Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту – қоғамдық сана жаңғыруының алғышарты және негізі. Саяси этика. Зорлық.
9.Толеранттық. Адам құқығы. Кәсіби этика. Бизнестегі этика.
Бақылау сұрақтары:
1.Философия–таным, философия-адамгершілік, философия –эстетика,
философия логика ұғымдарының арасына теңдік белгісін қоюға бола ма?
2.Сіз үшін адамгершілік немен өлшенеді?
3.Этикалық өлшем дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1.Садықова Т.М."Философия" пәнінен барлық мамандықтарға арналған электронды оқу құралы, 2016ж.http://portal.kazatu.kz/e-books/content/YKtMyuy27jL3R68tx85p
2.А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж.http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /
3. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.
4. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.
5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Науч. редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.
Достарыңызбен бөлісу: |