1. ОҚытушы туралы мәліметтер



бет57/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
umkd filo2024

БӨЖ тапсырмалары
Өзіндік жұмыстың мақсаты: бүгінгі демократияға негізделген азаматтық қоғамға бағытталған студент жастарды дүниеге көзқарастың тарихи түрлерімен таныстыра келіп, философияның жалпы адамзат дамуындағы рөліне терең талдау жасауға үйретіп, ғылыми танымды қалыптастырудың бастамасына жол ашу.
Студенттің өзіндік жұмысы – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. Эссе орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Нұсқаулық: Әр тапсырмадан кем дегенде 3-тапсырманы алып орындаңыз. Әр тапсырманы 3-ші аптаның соңына дейін орындап, Платонус жүйесіне жүктеп қою қажет.
Тапсырма-1.«Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі» тақырыбы бойынша эссе дайындау.
Эссеге қойылатын талаптар:

  • айқын және логикаға сүйенген ой;

  • тақырыпты ашуда аналитикалық және сыни бағдардың болуы;

  • оқытушының барлық сұрақтарына толықтай жауап беру;

  • өзіндік жұмыс дайындау студенттің аналитикалық жұмыс жасағандығын меңзеуі керек, игерілген білімі мен ақпаратты жүйелендіру қабілеті, сонымен қатар, материалды қысқа әрі нақты таныстыруы;

  • тапсырманы орындау барысында шығармашылық көзқарас көтермеленеді.

Ұсынылып отырған тапсырманы үш аптаның ішінде жүктеулеріңіз міндетті.Мәтінді Word бағдарламасы арқылы теріп жібересіздер.Мәтін Антиплагиат бағдарламасымен тексеріледі. Антиплагиаттан өтпеген жағдайда ең төменгі баға қойылады.
Тапсырма-2.«Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу» тақырыбына сараптау жұмысынаэссе дайындау. Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін» оқулығын қолдануұсынылады.
Тапсырма-3.«Ешкім де философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан шаршамасын. .....философия жасқа да, кәріге де керек, біріншіге жастық жігерді болашақ алдындағы пісіп жетілген батылдықпен ұштастыруға, екіншіге өмірдің соңында рухани жаңарып, өткенге қуану үшін» деген пікірді грек философы Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың маңызы неде? Эпикур пікіріне арнап, эссе дайындау.
Тапсырма-4.«М.Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары» тақырыбына шығармашылық жұмыс дайындау. Эссе жазу.
Тапсырма-5. Бір ойшылдың (өз таңдауыңыз бойынша) еңбегін мысалға ала отырып, индуктивті және дедуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауын жасаңыз.
Тапсырма-6.«Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе-негіздемежазу.
Тапсырма-7.Абай философиясындағы адам мәселесі бойынша эссе-негіздемедайындау.
Тапсырма-8.Стоицизм және гедонизм: олар туралы қазіргі заманғы түсініктерге сүйене отырып, эссе негіздеме жазу.
Тапсырма-9.«Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары» тақырыбына эссе дайындау.
Тапсырма-10.«Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі» тақырыбына эссе жазу.
Тапсырма-11.«Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі» тақырыбына эссе пайымдау жазу.
Тапсырма-12.«Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы» тақырыбына шығармашылық жұмыс (эссе, дайындау).
Тапсырма-13.«Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім» тақырыбына эссепайымдау жазу.
Тапсырма-14. К.Амстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс:Құдайтану баяны» еңбегін талдау негізінде эссе жазу.
Тапсырма-15.« ...(кәсіби қызмет салалары) өзекті философиялық мәселелері» тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.


Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /
2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.
3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.
4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.
5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет