17. Инфрақұрылым - өндірістік үрдістерді қамтамасыз ететін экономикалық, ғылыми-техникалық білімдерінің қызмет көрсету салалары.
18. Ирригация – жерлерді жасанды жолдармен суару.
19. Интенсивті – 1)жақсартылған, тездетілген; 2) жоғары өнімділік.
20. Индустрияландыру – ірі машиналық өндірісті жасау үрдісі және осы негізде аграрлық қоғамнан индустриалдық қоғамға өту.
21.Интеллигенция – ғылымның, техниканың және мәдениеттің түрлі облыстарындағы білім иелері.
22. Капитализм – пайда табу үшін жалдамалы еңбекті пайдаланатын және өндіргіш күштері капиталистер табының меншігінде болатын феодализмді алмастырған қоғамдық – экономикалық формация.
23. Капиталист – жалдамбалы еңбекті пайдаланатын капитал иесі, буржуазиялық қоғамдағы үстемдік етуші таптың өкілі.
24. Кадеттер - (фрац. сadet - кіші) - 1)феодалдық Франция мен Пруссиядағы офицерлік шенін алғанға дейінгі солдаттық шенді иенетін дворяндар; 2) революцияға дейінгі Ресей мен басқа шет мемлекеттердегі кадет корпустарындағы тәрбиеленушілердің атауы; 3)ХХ ғ. басындағы Ресейдегі конституциялық демократиялық партияның қосымша атауы.
25. Компенсация – келтірілген зиянды орнына келтіру, компенсация жасау.
26. Коммунизм - өндіргіш күштерге қоғамдық түрде иелік етуге негізделген және капитализмді біртіндеп ауыстыратын қоғамдық-экономикалық формация.
27. Консолидация – жұмыс өнімділігін арттыру үшін бірігу.
28. Консерватизм - ескіге бой ұру, оларды сақтауға тырысу; прогресс, өзгерісті, жаңаны қаламау, оларға қарсы болу.
29. Конституция - елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылысының принциптері мен мемлекеттің басқару, құқық тұжырымдарын бейнелейтін негізгі Заң.
30. Концессия - бір мемлекеттің өз өндіріс орнын, пайдалы кендерін, жерін жеке адамдарға, бірлестіктерге немесе басқа мемлекетке пайдалану үшін нақты мерзімге жалға беру шарты.
31. Көшпелілік – жайлымдарды ауыстырып отыруға байланысты көшпелілер өмір сүру тәсілі.
32. Мемлекет - қоғамның саяси ұйымы, экономикалық жағынан үстемдік етуші тап диктатурасының органы, мемлекет өзін туғызған құрлысты сақтауға, нығайтуға ат салысады.
33. Миграция – (лат мigration. мigra- өтемін, көшемін) 1)көшу, ауысу; 2) тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты адамдардың көшуі, яғни тұрғындар миграциясы. Ол қайтымсыз, уақытша, мезгілдік түрлерге бөлінеді. Сонымен қатар, миграция сыртқы (мемлекет сыртына) және ішкі түрлерге бөлінеді. Сыртқы миграцияға эммиграция, миграция ішкі түріне - селодан қалаға көшу, аймақаралық орын ауыстырулар жатады; 3) жануарлар миграциясы - жануарларды өмір сүріп жатқан жеріндегі жағдайлардың өзгеруіне байланысты көшуі.
Достарыңызбен бөлісу: |