1. ОҚытушы туралы мәліметтер


«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты



бет35/66
Дата07.06.2022
өлшемі2.07 Mb.
#459049
түріСеминар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66
oak kaz tar 2021-2022 - kopiya

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Тәуелсіздік жылдарында ұлт тарихында тұңғыш рет деп айтуға болады, Қазақстан кәсіпқой тарихшылары ешкімге жалтақтамай, өз халқының тарихы туралы өз ойларын еркін жаза алатын жағдайға жетті. 1989-1990 оқу жылынан бастап, республика мектептерінде жаңа дербес пән - «Қазақстан тарихы» дүниеге келді. 1991-1992 жылдары жаңа оқу жоспарына сай тарих факультетінде Қазақстан тарихын оқыту қолға алынды. 1992 жылдан бастап Қазақстан тарихы пәні барлық орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқу жоспарына енді. 1993 жылдың екінші жартысынан бастап елімізде тарих мәселелеріне арналған қазақ тіліндегі тұңғыш журнал «Қазақстан тарихы» шыға бастады. Белгілі ғалымдар, зерттеушілер тарих ғылымының өткені мен келешегі туралы пайымды ой-пікірлер білдірді, тарихқа жаңаша қараудың үлгісін көрсетті. Еліміздің тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып, дербес, тын, тәуелсіз ой-пікірлер мен тұжырымдар қалыптаса басталды. Тарих ғылымында жаңа бағыттар, айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Біріншіден, өзгеріс ең алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық –методологиялық негіздерін қамтыды. Бұрынғы таң шеңберлі, қасаң таптық позицияға негізделген методологиядан, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алған және ұлттық мүддеге негізделген методологияға бағыт алында. Қазақ тарихы жалпы адамзат тарихының тінінде (контексінде) зерттеле бастады. Екіншіден, қазақ тарихшылары өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға мүмкіндік алды. Қазақ тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар дайындалып қорғалды және монографиялық зерттеу жұмыстары дүниеге келді. Үшіншіден, Қазақстан тарихшылары бұрын жабық болған қолдануға тыйым салынған дерек көздерін пайдаланып, оларды ғылыми айналымға тарта бастады. Жаңа деректерді іздестіру, оларды сұрыптап, талдау негізінде арғы-бергі тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толтырудың жолдары мен әдістері айқындалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде арнайы деректану және тарихнама кафедрасы ашылды. Төртіншіден, халқымыздың тарихына қатысты бұрын пайда болған деректер газет, журнал беттерінде молынан жарияланды немесе жеке кітаптар түрінде жарық көрді. Бұл факторлар тарихымыздың қара түнек беттерін ашық, тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында «Қазақ тарихы», «Отан тарихы», «Алаш» журналының шығуы халық санасында жаңа көзқарас қалыптастыру мен насихаттауда оң қызмет атқарды. Бесіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын тақырыптар, яғни «тарих ақтаңдақтары» ашылып, большевиктер партиясының халқымызға қарсы жасаған қылмысты істері әшкереленді. Большевиктер қолымен ұйымдастырылып, ұлтымызға орны толмас қайғы-қасірет әкелген зұлматтың себеп-салдары көрсетіліп көлемі анықталды. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған еңбектер көлем едәуір болды. Олардың арасында, әсіресе, кеңестік тоталитарлық жүйе тарихынан жазылған еңбектер айтарлықтай мол.
2. Қазақ халқының ұлт-азаттық күрес тарихында жеке тұлғалар мен қоғам қайраткерлердің орны мен рөлі ерекше. Өкінішке орай, осы қайраткерлердің ұлттың азаттығы жолындағы күресі мен еңбегін кешегі кеңестік империя тұсында барынша бұрмаланып, ел жадынан ұмыттыруға тырысты. Дегенмен тәуелсіздік алған жылдардан бастап ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рөл атқарған Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті Отандық тарихшыларының еншісіне тиіп, өз заманында халқымыз қастерлі де қадірлі ұғымға айналған Алаш немесе Алашорда қозғалысының іс-әрекеті сол шақтағы бүкіл қазақ қоғамының шыңына шыққан тарихи құбылыс ретінде танылып, бүгінгі күні дербес тарихи мәселе тұрғысында қарастырылуда.
Алаш қозғалысы ақиқатын білуге деген еліміздегі жаппай құлшыныс, бұл қозғалыстың алдына қойған мақсатының өміршеңдігінен және бүгінгі күннің тәуелсіздік идеяларымен үндесіп жатуынан туған еді. Алашордаға қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжырымды ойлар А. Байтұрсыновтың атақты «Революция және қазақтар» деген мақаласында айтылды. Бұл мақала Алашорданың нағыз халықтық сипатын көрсете отырып, болашақта құрылар КеңестікҚазақ мемлекетінде де ұлттың өзін-өзі басқаруы мәселесі және Орталықтағы биліктің өз кезегінде аймақтағы билікпен санасуы қажеттілігін көрсеткен. Бұдан кейін С.Сейфуллин «Қазақ интеллигенциясы» деген мақаласында Алаш қозғалысының 1905 жылдан бергі тарихына шолу жасайды. Алаш қайраткерлерін контрреволюцияшыл, реакцияшыл деп айыптай келе, олардың қазақ қоғамын жандаңдыруға ізденістерін де жоққа шығармаған. Алашорда қозғалысы тарихы таптық және партиялық тұрғыдан «зерттеу» науқаны Ф. Голощекиннің Қазақстанның партия ұйымын басқаруға келген 1925 жылдан кейін үдей түсті. Осы кезден бастап Алашорда қозғалысы жетекшілері мен қарапайым мүшелеріне қарсы саяси науқан басталып, идеологиялық тұрғыда күрес Қазақстан бойынша жаппай жүргізіле бастады. Партиялық тапсырыспен сол кездегі республикалық мемлекеттік баспаның директоры А.К.Бочагов 1927 жылы Алашорда туралы «Краткий исторический очерк национально-буржуазном движении в Казахстане периода 1917-1919 гг.» деген атпен кітапша шығарады. Бұл еңбек идеологиялық сұраныс тұрғысынан жазылғандықтан, Алашорданы қаралаудан аса алмай, Алашорда қызметіне тарихи негізде объективті талдау жасалынбады. Алайда Ф. Голощекинбасқарып отырған Қазақстан партия ұйымы А.К. Бочаговтың еңбегіне қанағаттанбай, тағы да партиялық тапсырыспен Алашорданы қаралау мақсатында 1929 жылы Н.Мартыненкоға «Алашорда: сборник документов» құжаттар жинағын» шығартады. Алайда кейін бұл кітаптар Қазақ Өлкелік партия ұйымының ұйғаруымен пайдаланудан алынып тасталынды. Бұл еңбектерге тағылған айып: онда Алашорда қозғалысының тарихын жан-жақты талқылау негіз болатын құжаттардың беріліп кетуі және оны авторлар Алаш идеологиясын насихаттау сипатында қосты делінді. Осыдан кейін 30-жылдары Қазақстанда үстемдік алған жаппай қуғын-сүргін саясатының шеңгеліне Алаш қозғалысының қайраткерлері ілінгендіктен тікелей Алаш немесе Алашорда қозғалысына арналған зерттеулер жүргізуге 80-жылдардың соңына дейін мүмкіндік берілмеді.
Қазақстанда Алаштану мәселесін алғашқылар болып зерттеуді К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Д. Аманжолова және Т. Омарбековтер бастап, олардың еңбектері Алаштану мәселесін ғылыми тұрғыда жаңа негізде тереңдетіп зерттеуге жол ашты. Мәселен, зерттеуші К. Нұрпейісов Алаш қозғалысы, Алаш партиясы және Алашорда үкіметі тарихына арналған қомақты еңбегін 1995 жылы жарияласа, дәл осы жылы зерттеуші М.Қойгелдиевтің Алаш қозғалысы мен қазақ зиялылары қоғам-саяси өмірдегі қызметтері жөніндегі еңбегі жарық көрді. Зерттеуші К. Нұрпейісовтің еңбегінде алғаш рет дербес тарихи мәселе Алаш немесе Алашорда қозғалысы біртұтас саяси феномен ретінде ғылыми түрғыда зерттелінді. Зерттеуші М. Қойгелдиев еңбегінің маңыздылығы, оның зерттеу арнасында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси өмірінің жарқын беттерін нақты ғылыми дәлелдермен көрсетілді. Д.Аманжолова еңбектерінің құндылығы сонда ол Ресей мұрағаттарындағы Алаш қозғалысына қатысты құжаттарды ғылыми айналысқа қосты. Алаш зиялыларының 1920-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметіне, олардың қуғын-сүргін кезеңіндегі қасіреті мен тағдыр-тәлкегінен құнды мәліметтер Т.Омарбеков еңбегінде жан-жақты талданады. Аталған авторлар Алаштану мәселесінің негізгі бағыттарын айқындап, зерттеу нысандарын жіктеп берді. Жоғарыда есімдері аталған зерттеушілер 90-жылдардағы Алаштану мәселесін жан-жақгы қарастыруға зор серпіліс әкелді. Нәтижесінде бұл бағыттар бойынша Алаш қозғалысын әр қырынан зерттеуге арналған диссертациялық жұмыстар да қорғалды. Олардың ішінде Алаш пен Алашорда тарихының тарихнамасына арналған Р. Нұрмағамбетова мен Алашорда үкіметінің шығыс және бөлімін зерттеген Е. Сайлаубай мен Д. Сүлейменованың еңбектері Алаш қозғалысының қыры мен сыры танып білуде өте маңызды. Сонымен бірге Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметіне, Ақпан және Қазан төңкерістері азамат соғысы жылдарындағы Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси, шаруашылық, мәдени іс-шараларының әр қырына арналған А. Махаева, С. Рүстемов, К. Ілиясова, С. Иманбаева, Н. Шаяхметов, Б. Рысқалиева, Х. Тұрсын т.б. сынды ғалымдардың ғылыми жұмыстары да мәселенің жан-жақты ашылуына мүмкіндік береді.
3.XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П.Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартыпалынғанжерлернегізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғайоблыстарындаболды. Бұлоблыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдарияоблысынан 500 мың десятина еңқұнарлыжералынды. XX ғасырдыңбасындаҚазақөлкесінде тау-кенөнеркәсібі даму үстіндеболды. Өйткені, қазақжерініңқазбабайлығынигерудежақсыжолғақойылабастағанеді. 1902 жылыбарлығы 18695 жұмысшыеңбекететін 197 өндірісорныжұмысістеген. Тау-кенөндірісіменбіргеөнімөңдейтіншағынкәсіпорындаржуйесі де қалыптасабастады. Бұлкезеңдеөлкеде 690 кәсіпорынболса, ал онда 7297 адамжұмысістеген. XX ғасырдыңеңірідегенөндірісорындарынаҚарағандыкеміршахталары, Қазақөлкесініңшығысжәнеорталықаудандарындағытүсті металлургия, Орал-Ембімұнайөңдеукәсіпорындарыкірді. Ісжүзіндебұлөндірісорындарышетелкәсіпкерлерінің, негізіненағылшын, француз, американдықтардыңқолындаболды. «Спасск мыс кеніші» акционерлікқоғамыныңтөрағасыағылшынпарламентініңмүшесі Артур Фелл, ал төрағаныңорынбасары Франция президентініңжиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-АзиялықдепаталатынРиддер мен Екібастұзкеніштерініңкорпорациясыағылшынкомпаниясыныңиелігінеберіліп, оғанболашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшынқаржыгеріУрквартқаржысалды. Қазақжеріарқылыөтетінтеміржолдарды салу нәтижесіндетеміржолжұмысшыларының саны өсебастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент теміржолыныңұзындығы 1656 км құраса, ал ондаістейтінжұмысшылардың саны 30 мыңғажетті. Бұлтеміржол 1901-1905 жылдарысалынып, Қазақөлкесіндегіеңнегізгі магистральға айналды. ЖолбойындаШалқар, Қазалы, Перовск, Түркістансияқтыірібекеттержұмысістеді. XX ғасырбасындаРесейдеболсын, Қазақөлкесіндеболсынжұмысшылардыңәлеуметтікжағдайыөтеауыреді. Әсіресеқазақ жұмысшыларының әлеуметтікжағдайыешбір сын көтермейтіндәрежедеболды. Оларжұмыстыңеңауыртүрлерінжәнежалақы аз төленетінбөліктеріндеістеді. Өйткеніқазақжұмысшыларыныңкәсібимамандықтарыболмады, көпшілігімаусымдық жұмыстарғажалданды. Өндірісбасшылары мен жергіліктіпатша әкімшілігіқазақжұмысшыларыныңорыстіліндееркінсөйлейалмайтындықтарынпайдаланып, үнеміолардыңазаматтықәріәлеуметтік құқықтарынбұзыпотырды. Кәсіпорындартехникалыққауіпсіздікталаптарынорындамады, құрал-жабдықтарменқамтылмағанкүйдежұмысістеді. Оныңүстінееңбекшіхалыққашетелмамандары да астамшылықкөрсетіпотырды. Мұныңбәріжұмысшылардыңөзжағдайларынжақсартуүшінкүрескешығуғаитермеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет