1. ОҚытушы туралы мәліметтер


-тақырып. Ұлттық зиялылардың қызметі және азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы



бет54/66
Дата07.06.2022
өлшемі2.07 Mb.
#459049
түріСеминар
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
oak kaz tar 2021-2022 - kopiya

2-тақырып. Ұлттық зиялылардың қызметі және азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы


Сабақтың мақсаты – қазақ зиялыларының қалыптасу барысы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-ағартушылық бағытқа тоқталу.


1.Ұлттық зиялылардың қалыптасу үрдісі: әлеуметтік құрамы, білімі мен қызметі.


2.Қарқаралы петициясы.
3.Жадидизмнің ағартушылық идеясының ықпалы.
4. Ресейлік түрікшілдік доктринасы және оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына ықпалы.


Әдістемелік ұсыныстар:
Бұл семинардың ерекшелігі, ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдайы қарастырылады және осы кезеңдегі азаттық күресінің түрлері көрсетіледі.
Қазақ зиялыларының әлеуметтік базасы және құрулу жолдарына назар аударуы қажет. Сұраққа жауап беру керек: қазақ зиялыларының қатарын қандай әлеуметтік топтар толықтырған? Сонымен қатар қазақ зиялыларының көпшілігі ресейлік ЖОО оқығанына назар аудару керек. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов және т.б. өмірлік жолын, ғылыми және саяси қызметтерін зерттелуі қажет. Жадидизмнің ағартушылық идеясының қалыптасуының тарихи алғышарттарына талдау жасау керек. Ресейлік түрікшілдік доктринасы және оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына ықпалы талданады.


Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. Т. 4., А., 2000.
2. Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы. А., 2017.
3. Әбдіәкімов Ә. Қазақстан тарихы. А., 1997.
4. Мұхамедов М.Б, Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.
5. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
6.Қазіргі Қазақстан тарихы: Хрестоматия /Б.Ғ.Аяғанның ред. – Алматы, 2010.
7. Абишева Ж.Р., Аубакирова Х.А., Бекмағанбетов Ө.Ж., Енсепов Б.Б. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы. Астана, 2019.


3-тақырып. Қазақстандағы кеңестік билікті саяси модернизациялау мен әлеуметтік-экономикалық ерекшелік


Сабақтың мақсаты – қазан төңкерісінен кейінгі елдегі саяси оқиғалардың барысы мен қорытындысына және де кеңестік биліктің алғашқы іс-шараларын талдау жасау..

1.Қазан төңкерісі және Алаш Орда үкіметінің қалыптасуы.


2.Түркістан және Алаш автономиясы. М.Шоқайдың рөлі.
3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында.
4.Жер-су реформасы және ЖЭС.
5.ҚазАКСР-нің құрылуы. Қазақ кеңестік мемлекеттінің қалыптасуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет