1. ОҚытушы туралы мәліметтер



бет50/66
Дата07.06.2022
өлшемі2.07 Mb.
#459049
түріСеминар
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
oak kaz tar 2021-2022 - kopiya

Заң шығарушы билікті — Парламент, атқарушы билікті — Үкімет, сот билігін —соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.
Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.
2005 жылғы 4 желтоқсанда ҚазақстанРеспубликасы Президентінің кезекті сайлауы болып өтті. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кірісті. Бұл салтанатты сәт инаугурация (ұлықтау) деп аталады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында өтті.
Республика Президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктер Конституция мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.
Мемлекеттік органдар арасындағы жанжалдарды болдырмаудың елеулі механизмі Президенттің (тыйым салу) құқығы. болып табылады. Вето құқығы: "Парламент қабылдаған заңды Президент түзетуге қайтара алады" дегенді білдіреді. Бұл "кейінге қалдырушылық ветосы" деп аталады.
Президенттің түзетуге қайтарған мына заңдарын көрсетейік: "Қазақ КСР-дағы меншік туралы" (1990 ж.), "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін бақылау палатасы туралы" (1993 ж.), "Нотариат туралы" (1997 ж.) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" (2005 ж.) және басқалары. Заңдарды түзетуге қайтарудың себептері: Конституция талаптарына сәйкес келмеуі, заңдарды талдаудың әлсіздігі, құқықтық сараптаманың төмен денгейі, заңдарды өмірде пайдаланудың мүмкін еместігі.Конституцияда Президент өкілдігін шектейтін жағдайлар да көзделген. Президенттің Парламент, мәслихат депутаты болуына, басқа да жалақылы қызмет атқаруына және кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Президент өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партиядағы қызметін тоқтатады. Президент өзінің міндеттерін атқаруы кезінде іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді жөне бұл үшін Қазақстан Республикасының Парламенті оны қызметінен кетіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Конституцияда көзделген ретте Президент зандық күші бар заңдар, сондай-ақ жарлықтар шығарады. Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады.
Сенат әр облыстан, республикалық манызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасынын барлық актілеу органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардын саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізім бойынша сайланады. Парламент өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Сессия бірлескен және бөлек палаталардан, палаталар бюроларынан, тұрақты комитеттерден және палаталардың бірлескен комиссияларынан тұрады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында республикалық бюджет қаралады және бекітіледі, оның орындалуы туралы Үкімет есеп береді.
Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі — алты жыл. Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланады. Қазақстан Республикасыньың кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі (стажы) бар, тиісті облыстың (яғни оны депутаттық я сайлайтын облыстың), республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.
Қазақстан Республикасынын жасы жиырма беске толған азаматы Мәжілісдепутаты бола алады. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің тұрақты қайсы жерде тұратын мекеніне қарамастан 67 сайлау округінің қалаған біреуінен дауысқа түсе алады. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді:

  • тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай мәселелер қаралады;

  • қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады;

  • қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін;

  • тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады.

  • Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі.

Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Парламент депутаттарының аса маңызды құқығы болып табылады. Депутат қандай да бір тегеурінді талап мандатымен байланысты емес. Мұның мәнісі Парламент депутаты бүкіл халықтың өкілі болып табылады деген сөз. Парламент депутаты мемлекеттік қызметші емес. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, ақы төлейтін өзге де қызмет атқаруға (оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық кызметтен басқа), кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе бақылаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Бұл талаптардың бұзылуы депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.
Парламент Конституцияға сәйкес мына түрдегі заңнамалық актілер қабылдайды:

  • Қазақстан Республикасының заңдары;

  • Парламент қаулылары;

  • Сенат пен Мәжілістің қаулылары.

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен енгізіледі. Мұндай заң 1998 жылы 7 қазанда қабылданды. Ол Конституцияға 19 өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Конституциялық заңдар әр палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. Жай заңдар, Парламент пен оның палаталарының қаулылары Парламент депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Республиканың заңдары Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Барлық заңдар баспасөзде басылып шығарылады.
Парламентті тарату негізін Конституция анықтайды. Парламенттің таратылуы, палаталар арасында, Парламент пен Үкімет арасында, Парламент пен Жоғарғы Соттың арасында еңсерілмейтін келіспеушілік туған жағдайда ғана болады. Парламентті тарату құқығы Конституция бойынша тек Республика Президентіне берілген. Парламентті таратқан жағдайда Президент жедел түрде Парламенттік сайлау өткізу туралы жариялайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың іс-әрекетіне басшылық етеді. Үкімет бүкіл елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Үкімет мүшелері республика халқына және Президентке ант береді. Үкімет Президент өкілеттігі мерзімінің негізінде әрекет етеді және жаңадан сайланған Президент алдында өз өкілеттігін доғарады.
Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе (белгілі бір жағдайда, себептермен) өздерінің орнынан түсетіндігі туралы (мысалы, Үкімет мүшелерінің өз бастамасымен кызметтен кетуі) Президентке мәлімдеуге құқылы. Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген ретте Үкімет орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдейді. Президент өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға құқылы.
Сонымен, Президент — мемлекет басшысы, мемлекеттін ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілеттік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының (заң, атқарушы және сот) келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Парламенті заң шығарушылық қызметі жүзеге асыратын республиканын жоғары өкілетті органы. Үкімет — атқарушы биліктің жоғары органы, оны Президент құрады және оған экономика, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси басқару, сыртқы саясат салаларында кең аукымды өкілеттік берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет