1. ОҚытушы туралы мәліметтер



бет59/66
Дата07.06.2022
өлшемі2.07 Mb.
#459049
түріСеминар
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
oak kaz tar 2021-2022 - kopiya

Әдістемлік ұсыныстар:
1985ж М.С. Горбачев жариялаған "қайта құру" деп аталатын әлеуметтік - демократиялық өзгерістерді сипаттаудан бастаған дұрыс. Бұл ұғымның негізгі мазмұнын аша отырып, осы кезеңнің негізгі сатыларын жұмыс жоспарына сәйкес бағалауға көшіріңіздер. Елдің әлеуметтік - экономикалық дамуын жеделдетуге бағытталған Горбачев реформаларының барысы мен кезеңдеріне талдау жасау қажет. Желтоқсан оқиғасы, оның себептері мен барысына тоқталу. Алғашқы саяси, экологиялық ұйымдар мен партиялардың қызметіне тоқталу. КСРО-ның құлау себептерін Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабының желісі бойынша талдау.


Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы 5 томдық. Т. 5, А. 2010.
2.Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы. А., 2017.
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
4.Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. Алматы, 1992.
5.Абишева Ж.Р., Аубакирова Х.А., Бекмағанбетов Ө.Ж., Енсепов Б.Б. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы. Астана, 2019.
6.Табеев Қ.Т. Қазақтың желтоқсаны. Алматы, 2006.


8 - тақырып. Қазақстанның ұлттық қайта жандануы және демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы


Сабақтың мақсаты – Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік тәуелсіздігінің бастаулары мен елдегі саяси үрдістерге тоқталу.

1.«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы. ҚР Президенттік сайлау.


2.Мемлекеттің ішкі саясатын қалыптастыру.
3.1993, 1995 жж. Конституциялар. 
4.Құқық қорғау органдарының қалыптасуы.
5.Елбасының «Қазақстан – 2030» Жолдауы. Астананы көшіру.


Әдістемелік ұсыныстар:
«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңының негізгі ережелерін зерделеп, нақты егемендік және тәуелсіздік алу процессінде Конституциялық заңның маңыздылығын білу керек. ҚР рәміздері – бұл оның егемендігімен тәуелсіздігінің,халық пен биліктің бірлігі. 1993ж. ҚР Конституциясының негізгі ережелерін зерделеу, оның кемшіліктері және шыңдықтан алыстығы. Сонымен қатар 1995ж. Конституцияны қарастыру қажет. Елбасының Жолдауындағы көтерілген мәселелерге тоқталып өту керек.


Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы 5 томдық. Т. 5, А. 2010.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2007.
4.Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. Астана, 2002.
5. Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы. А., 2017.
6. ҚР Конституциясы. А., 1995.
7. ҚР Мемлекеттік рәміздері. А., 1996.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет