10 – тақырып. Жалпыәлемдік және аймақтық мәселелерді шешу бойынша Қазақстан Республикасының қызметі
Сабақтың мақсаты – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі мен бітімгерлік миссиясына тоқталу.
1.ҚР әлемдік қауымдастықтың тануы. ҚР сыртқы саясатының көпбағыттылығы.
2.ҚР-ның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметі.
3.Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы.
4.Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың жұмыстарына қатысуы.
Әдістемелік ұсыныстар:
ҚР-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттарына тоқталу. АҚШ Қазақстанмен экономика және қауіпсіздік салаларында нақты байланыстар орнатуының алғышарттарына назар аудару керек.Қазақстанның сыртқы саясат доктринасына оның Ресей және Қытаймен шекаралас болуы ерекше назар аудару керек. Қазақстанның ЭЫҰ мемлекеттерімен сыртқы сауда айналымына статистикалық шолу жасалуы тиіс. Еуразия идеясының мәні мен мазмұнына талдау жасау. Еуразиялық Одақ туралы айта отырып, күш-жігерді Еуразиялық Одақтың басты негізі ретінде ТМД-ны сақтауға, қазір пайда болып келе жатқан салауатты үрдістерді қолдауға бағытталған жұмыстарға назар аудару керек.Ұлт көшбасшысы ретіндегі Елбасының халықаралық аренадағы рөліне тоқталып өту керек.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. Т. 5., А., 2010.
2. Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы. А., 2017.
3. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
4.Тоқаев Қ.К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы, 2002.
5.Тоқаев Қ.К. Беласу. Дипломатиялық очерктер. Алматы, 2003.
6.Абишева Ж.Р., Аубакирова Х.А., Бекмағанбетов Ө.Ж., Енсепов Б.Б. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы. Астана, 2019.
Достарыңызбен бөлісу: |