Бақылау сұрақтары:
1. КСРО-ның ыдырауына не себеп болды?
2. Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып қашан өзгертілді?
3. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады?
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық рәміздері қашан қабылданды?
5. Қазақстан Республикасы қандай әлемдік ұйымдарға мүше?
Дәріс 9. Экономикалық және әлеуметтік-демографиялық үдерістер
1.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі.
2.Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының траекториясы
3. Қазақстандық қоғамды әлеуметтік және этнодемографиялық модернизациялау.
4. Рухани жаңғыру және дамудың қоғамдық-саяси перспективасы
Дәрістің мақсаты – қазіргі кезеңдегі Қазақстанның экономикалық реформалары мемлекеттік дамуындағы саясаты мен бағдарламаларын қарастыру.
Түйін сөздер – экономика, келісім шарт, инфляция, бизнес, демография, миграция, рухани жаңғыру.
1. Өтпелі кезең – КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезең тәуелсіз әрқайсысында түрліше болды.
Қазақстан Өтпелі кезеңді 1989 – 1996 жылдары өтті.
Ресей 1990 – 1999 жылдары бастан кешірді.
Ал олардың ең құлдыраған кезі – тиісінше 1994 және 1992 жылдары Экономикалық реформа социалистік лагерьге кірген мемлекеттерден:
Польшада 1990 жылы жасалды.
Венгрияда, Чехия мен Словенияда 1991 – 1992 жылдары жасалды.
Ал КСРО құрамында болған Қазақстанда шын мәнінде мұндай реформа 1994 жылы басталды. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институц. дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан постсоциалдық елдерде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ушыға түсті.
Ал кейбір елдерге Азиялық дағдарыс (1997) та әсерін тигізді.
Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді.
1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.
1994 – 1995 жылдары агроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді.
Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Атап айтқанда, классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды.
Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрліинституттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды.
Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды.Кез-келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты белгілерінің бірі - оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуымен сипатталса, елдің шынайы әрі іс жүзіндегі нақты тәуелсіздігі қайсыбір мемлекетке кіріптарлықтан ада ететін экономикалық еркіндігімен де ұштастырылып жатады.
Әлем елдерімен салыстырғанда мемлекеттік шекарасының ұзақтығы дүниежүзінде бойынша бірінші орында тұрған Ресеймен шекетесетін Қазақстанның шығысында Азияның ғана емес, әлемнің алпауыт аждаһасына айналған Қытай орын тепкен. Басқасын айтпағанда осы екі ірі мемлекеттің ортасында тұрып, ғасырлар бойы бабасынан мұраға қалған ең бірінші байлығы - жерін сақтап қалу бір ерлік болса, алмағайып заманалардың қай-қайсысында да экономикалық тұрғыдан босаңдық танытпай, алып елдің жетегіне жұтылып кетпеуінің өзі үлкен абырой.
Олай болса, тәуелсіздікті тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде дәлелдеу аса маңызды. Сондықтан да, қазіргі Қазақ елі 20 жылдық тәуелсіздік тарихында елдігін ғана емес, экономикасының егемендігін де сақтаған мемлекет ретінде межелі табалдырықтан абыроймен аттап отырғаны да шындық. Өйткені, күні кеше көз алдымызда өткен тарихқа жүгінсек, тәуелсіздіктің де оңай келе қоймағанын анық байқауға болады. Бұнда да ең алдымен елдің экономикалық тәуелсіздігін сөз етпеуге еш құқымыз жоқ. 1991 жылы тәуелсіздігін жария еткен Қазақстан өзінің құрдас мемлекеттері секілді өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын бастан кешірді.
Өтпелі кезеңдегі негізгі мақсатымыз жоспарлы экономикадан нарықтық сатыға көшу болатын. Бұрыннан бағынып келген орталықтың күл-талқаны шығып, салааралық тұрмақ, өңіраралық байланыстардың аяқ астынан «жоғалуы» барлық саланы дерлік құлдыратуға сүйреді. Бұл Қазақстан тәуелсіздігінің тарихындағы алғашқы экономикалық дағдарыс болды. 90-шы жылдардың басында төске өрлеген гиперинфляциямен, өндірістің толық тоқтатылуымен, төлемсіздік дағдарысымен күрес экономикалық жағынан да дербестікке ұмтылған жас мемлекетіміз үшін үлкен сынақ болды. Ресми Мәскеу арқылы ғана шешімін табатын бюджеттік жүйе де тоқырап, тәуелсіз елді көтермелеп, жығылғанға сүйеу болатын қор мүлдем болмады.
Кеңес одағы шеңберіндегі Қазақ ССР-інің бюджеттік субвенциясы 50 пайызға дейін жететін. Бұның өзі сол кезде жеке отау тіккен дербес ел үшін аса қатерлі ғана емес, экономикалық тәуелділікке қайта итермелейтіндей Қазақ елі үшін мүлдем кері көрсеткіш болғаны даусыз. Тәуелсіздіктен кейінгі 1993 жылы гиперинфляция орын алып, бұндағы инфляция деңгейі - 2165 пайызды құраса, 1994 жылы ол 1158 пайызға жетті.
Сондықтан да, қалыптасқан күйзелістен шығудың жолы тым қиын еді. Сөйтіп, Қазақ еліне заң жүзінде жарияланып, әлемге мойындатылған тәуелсіздігін іс жүзінде дәлелдеудің, қайта кіріптарлықтан құтылу үшін экономикасын қорғаштап көтерудің сынағы келді. Бұл дегеніңіз - елдің жерін, территориясын сақтау, ұлттық мемлекеттіліктің белгілерін бекітумен қатар, дербес экономикалық саясат ұстану үшін тәуекелі берік тағдыршешті мәселелерде табандылықты талап еткені белгілі. Сонымен қатар сол кездері тәуелсіздік алған мемлекеттердің ішіндегі ең күрделі жағдай Қазақстанның басында болғаны да анық еді.
Әлемдегі ең ұзын шекараның ұзақтығы өз алдына, жас мемлекеттің қаржылық жүйесін алпайыт көршіден бұрып алып өз алдына тәуелсіз бағытқа түсіру де үлкен күшті талап еткені түсінікті. Өйткені, егемендіктің алғашқы жылдары көзге көрінбесе де әртүрлі экономикалық қысымдар болып тұрғаны анық. Басқасын айтпағанда, қазақтың мемлекеттілігіне қарсы «рубльдің шеңберінде қалыңыздар, әйтпесе ел болуларың қиын» деген кері пікірлер де сырттан айтылып жатты. Осы шеңбердің ықпалында ұстап тұру үшін нешетүрлі қитұрқы амалдарды бастан өткеруге тура келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында былай дейді: «Еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды төлеу үшін біз Ресейден ақша сатып алуға мәжбүр болдық.
1992 жылдың бірінші жартысына дейін Ресейдің Орталық банкісінен ақша қаражатын біз тегін алып тұрғанбыз. Бірақ кейіннен бюджеттер бөлінгенде рубльді сатып алуға тура келді. Ақшаны сатып алуға Қазақстан бюджетінде қаражат жетпегендіктен, ел оның тапшылығын бірден сезінді. Біз рубльді қарызға (несиеге деп те айтуға болады) алатынбыз. Артынан Ресей біздің 1,5 миллиард долларға қарызданғанымызды айтты. Бірнеше жылдар өткеннен кейін барып, «Байқоңыр» айлағы үшін есептескенде ғана осы қарызды жаптық».
Кейіннен тәуелсіздіктің тірегіне айналған төл теңгенің айналымға енуі елдің егемендігін біржолата нығыздай түскен еді. Қазақстан осылайша тәуелсіздіктің алғашқы 5-6 жылын түбегейлі дербес мемлекеттікті қалыптастыру, ішкі және сыртқы саясаттың жаңа жүйесін құру, экономиканы жұмыс істеуге мәжбүр ету, оны жекешелендіру, яғни либералды мемлекетті, либералды экономиканы қалыптастыру үшін тынымсыз жұмыстарды бастан өткерді. Соның арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ дағдарыстың жағымсыз салдарынан қарсы тұра алатын экономика құруға шама жетті. Осыдан соң барып Тәуелсіздіктің алтыншы жылында ҚР Президенті Н. Назарбаев қалыптасқан жағдайдан шығудың нақты бағдарын айқындайтын, сондай-ақ елдің алдағы даму белестерін айғақтайтын «Қазақстан-2030» даму Стратегиясын бекітті.
Аталмыш Стратегия жас Қазақстанның ұзақмерзімді, сатылап дамуына берік негіз қалағаны айқын. Стратегияға сәйкес, еліміздің миссиясы 2030 жылға қарай тәуелсіз, гүлденген, саяси һәм экономикалық тұрақты Қазақстанды қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттің бұған дейінгі жүріп өткен жолдары да, даму бағыттары да осы стратегиямен берік үндесіп келеді. Өйткені, «Қазақстан-2030» даму стратегиясын жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді стратегиялық іс-шаралар жоспары да бекітілді. Кезең кезеңге межеленген бірқатар басымдықтар айқындалды. Ал ондай басымдықтарды игеру бойынша бірқатар мәселеде жағымды динамика мен прогресс орын алды. Мәселен, көрсеткіштердің аса маңыздысы болып табылатын Ішкі жалпы өнімінің өсімі бойынша 2008 жылдың өзінде «Қазақстан-2030» стретагиясында 2010 жылға қарай қол жетуі межеленген мақсат орындалды. Әйтсе де, Қазақстан тарихындағы тағы бір күрделі кезең Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысымен тұспа-тұс келеді.
1998 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы дамыған нарықтарға ғана емес, жаңа қалыптасып келе жатқан нарықтарға да кері әсерін тигізді. Бұл Қазақстанның да ІЖӨ-не жағымсыз рөл атқарғаны да айқын. Еңсеріп қана қойған жоқ, сол жылдары Қазақстанның ел ордасын Ақмолаға көшіру туралы алып бастама көтерілді. Кейіннен бұл бастама елдіктің, егемендік пен тәуелсіздіктің символына айналған Астананы өмірге әкелді. Сөйтіп, қазіргі Астана Қазақстан өңірлері үшін экономиканы дамыту көшбасшысы болып қана қойған жоқ, саяси-әлеуметтік, қаржылық-экономикалық мәселелердің халықаралық алаңына да айналды. Сол арқылы басқа қалаларға бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаудың, инвестиция тартудың үлгісін көрсетіп келеді. Кеңес одағының ыдырауынан, Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысынан кейінгі ел басындағы ең үлкен күйзеліс АҚШ ипотекалық нарығынан бастау алған, сосын әлемдік деңгейде алапат толқын тудырған 2008 жылы бастау алған жаһандық қаржы дағдарысы еді. Құрылыс индустриясын қарышты дамытып отырған Қазақстан үшін де бұл оңай соққы болған жоқ. Құрылыс саласының соңынан банкілік-қаржылық жүйе де біршама шайқалды. Әйтсе де, жаһандық дағдарыстың сынағын бұл жолы да Қазақстан сәтті еңсерді. Елдің қаржылық-экономикалық жүйесін құлдырытпау, экономика секторларын қолдау бағытында Үкіметтің тұрақтандыру жоспары бекітілді. Ең бастысы, әлеуметтік бағдарланған бюджетті толық сақтау басты назарда болып, елдің жұмыссыздығын өсірмеуге көп күш салынды. Өңірлерде жұмыспен қамту стратегиясы жүзеге асты.
Ал 2010 жылы дағдарыс салқынын еңсеруді одан сайын түгесіп, дағдарыстан кейінгі даму сатысына өту мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осылайша, уақытылы қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар Қазақстанның Ішкі жалпы өнімінің құлдырауынан сақтап қалды. Мәселен, Экономикалық даму және сауда министрлігінің келтірген деректеріне сүйенсек, Қазақстан, тіпті, ең дағдарысты жылы болып саналатын 2008-2009 жылдарының өзінде ІЖӨ-нің төмендеуін емес, өсімін қамтамасыз етті.
Атап айтқанда ІЖӨ 2008 жылы - 3,2 пайызға артса, әлемдік күйзелістің шарықтау шегі саналатын ел экономикасына аса ауыр тиген 2009 жылы бұл - 1,2 пайыздық өсімді көрсетті. Сөйтіп, 2010 жылы еліміздің ІЖӨ 7 пайызға өсіп, біраз уақыт «шыр айналдырған» дағдарыстан кейінгі экономиканың қалпына келу белгілері көрінді. Өнеркәсіптік өндіріс 10,5 пайызға жоғарылады. Жұмыссыздықты жою мақсатында 100-ге тарта жаңа кәсіпорындар ашылды. Тарихи қалыптасқан өлшеммен статистиканы тағы да салыстырып қарасақ, 1996 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 1 мың 300 доллар шамасында қалыптасса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 10 мың доллар шамасында болды.
Ал орташа айлық жалақы аталған кезеңдерде 101 доллардан 526 долларға дейін артты. Ал еңбек нарығына келер болса, 90-шы жылдардың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 13-15 пайыздық көрсеткіште қатып тұрса, қазір 5,8 пайызды құрап, бұл көрсеткіш бойынша бірқатар дамыған елдермен тереземіз теңесті. Икемді салықтық-бюджеттік, ақша-кредиттік саясаттың нәтижесінде, жалпы макроэкономикалық тұрақтылық арқасында Қазақстанға 1993 жылдан бері 130 млрд. доллар шамасында тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде жаһандық ауқымдағы қатерлі үш дағдарыстың толқынына төтеп беріп, жаңа дәуірге қадам басты.
Бұндай жетістікті бағындыру ең алдымен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің, қазақ халқының өршіл мақсатқа ұмтылысын көрсететін мінезінің арқасында жүзеге асты. Былтырғы 2010 жылы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл тұрғысында: «ХХІ ғасыр Қазақстан үшін жаңа қауіп-қатерлерді өзімен бірге ала келді. Оның ішінде ең ірісі әлемдік дағдарыс болды. Осы жағдайда санаулы елдер ғана бұл сынды еңсере алды. Оның қатарында біздің Қазақстан да бар. Тәуелсіздік - бұл бәрінен бұрын елдің экономикалық тәуелсіздігі»,-деген болатын. Расымен, экономикалық жетістіктерді айтқанда, ондай жетістіктердің де оңай жолмен келмегенін естен шығармауымыз қажет-ақ. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің тұрығы мығымданып, оның ішінде экономикалық дербестігіміз мәңгілікке ұласа түсері айқын.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды.
Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады.
Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс.
Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты.
Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді.
Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді.
Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты.
Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл “ҚазМұнайГаз”,энергетикада“КЕГОК”, телекоммуникацияда “Қазақтелеком”, темір жолда “Қазақстан темір жолы”. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды.
Сондай-ақ, елдің экспорта өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты. Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық инсти- туттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті.
Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандан- дыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994—1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энерге- тикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы—теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — үлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді. Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша- қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды. Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді құралының бірі — экономикалық орталық болу тиіс еді. Алайда, Министрлер кабинетінде реформаны ойластырып, алға бастыратын орталық болмады.
Экономика министрлігі ондай орталық бола алмады. Нәтижесінде 1994—1995 жылдары дағдарысқа қарсы шаралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы орындалмай қалды. Макроэкономикалық тұрақтандыру және қүнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын өршіткені болмаса, разы етпеді. Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды қүруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі. Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате — ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бүған дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа көшудің жолдарын, тетіктерін білмейді деп есептелді. Сондықтан нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-ғалымдар АҚШ-тан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден т.б. жерлерден шақырылды. Бірақ олар өз елінде маман болғанмен, біздің жағдайды, халықтың менталитетін, психологиялық ерекшеліктерін ескермеді, тіпті білмеді де.
Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тэн классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды. Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру.
Ал біздің халық бұл үрдіске үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993—1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айтуға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады. 1991 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы — 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы — 45%-ке жетті. Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996—1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды.
Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын жэне орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды қүру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ. Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мүқтаж болатын. Олар “Қазақстан — 2030” ел дамуының Стратегиясында түжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан — 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем түстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген.
Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту; 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру. Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді. “Қазақстан — 2030” бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-қүқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жүмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, биліктің, сот жэне құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының қүрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам инсти- туттары даму жолына түсті. Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыптасқан әріптестік саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарда, соның ішінде, Б¥¥-да белсенді жұмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді. “Қазақстан — 2030” стратегиясында көрсетілгендей, әсіресе, соңғы жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000—2002 жылдары жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сау- атты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады.
Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1- орынды алады.
3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин, рухани негізсіз, экономикалық модернизация мүмкін еместігіне қатысты: «Любая модернизация, вне национальных традиций, обречена на неудачу» деп, Қазақ елінің ХХІ ғасырдағы саяси-экономикалық даму бағытын нақтылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде, егеменді ел тарихында алғашқы рет, идеологиялық бағытымызды белгілеп: «Дағдарыс ашып көрсеткен ішкі проблемалардың үлкен бір бөлігі, қоғамның рухани ахуалымен байланысты «Нұр Отанның» идеологиялық жұмысы, қоғамда рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталуы тиіс» деп, нақты белгілеп берді.
Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын қабылдап», «жеке тұлғаның рухани жағынан қалыптасуы, барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып тұр» деп нақтылады. Астанада бас қосқан Әлем діндері көшбасшыларының съезі, адамзаттың үшінші мыңжылдықта тек рухани негізде ғана біріге алатындығының дәлелі ретінде, Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысы негізінде, «Ел бірлігі доктринасы» қабылданып, үшінші тарауы, бірлік пен бейбітшілік, теңдік пен жасампаздыққа негізделген, «Ұлт рухын дамыту» қағидаты бекітілді. Айналамызды қоршап тұрған материалдық дүние ой-сана эволюциясының жемісі болғандықтан, алғашқы тас құрал-сайманнан бастап, жабайы атты қолға үйретіп, шалбар, дөңгелек, арба, т.б. материалдық құндылықтар ойлап тауып, адамзаттың мәдени-экономикалық дамуына үлес қосқан, бүгінгі қуатты Қазақ еліміз.
Ұлт рухын, көк Туымыздағы қырандай биікке самғатқан, Есік қорғанынан табылған, Алтын Адам сияқты мұраларымыз, (кешегі шумер (кеңгір), сақ (скиф), көк түрк (түрк қытай сөзі, тәңір – құты, қуатты мемлекет – деген мағынаны білдіреді), түріктің түп қазығы – қазақ (қалай оқысаң да «АҚ» – деген сөзден тұратын, «КЕҢ» – деген ұғым. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген осыдан шыққан), халқымыздың болашаққа нық басқан, тереңде жатқан, тарихи және мәдени сабақтастығына дәлел.
Қуатты Қазақстан – бүгін. (бірлік, теңдік, ұлт рухын дамыту негізіндегі, саяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих), ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық даму) 3. Қуатты Қазақ елі – ертең. (бірлік, теңдік, ұлт рухын дамыту негізіндегі, саяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих), ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық даму) адамзатының рухани алтын ғасырына бағытталған қуатты Қазақстан ұлттық идея доктринасы, рухани және материалдық құндылықтарды өмірге келтіретін сана жемісі, идеялар туындататын даналықты меңгерген, ақыл- парасат иесі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмдерін іске асыратын құжат ретінде жазылып, қабылдануы қажет.
Сонда ғана ол адамзатқа үлгі, өніп-өсіп, өркендеген ел доктринасы ретінде, барша халқымыздың мүддесіне сай, ұрпақтардың жарқын болашағына кеңінен жол ашатын құжат ретінде жемісін береді. Доктрина корпоративті мәдениетімізді ұлт рухын көтеру арқылы іске асыратын құжат ретінде жазылуы үшін, адамның жаны мен тәні сияқты, корпорация формасы болса, қозғаушы күші оның жаны тіл мен дәстүр, діл, тарихи шындықты бойына сіңіріп, дүниетанымы қалыптасқан, даналықты меңгерген ақыл-парасат иесі, интеллектуалды ұлт негізі, рухы биік тұлға болуы керек. Осы екі мәселені ұштастыратын, қуатты Қазақстан – ұлттық идеясы болып тұр. Қазіргі ғылымда, өмірге біржақты, материалистік тұрғыдағы көзқараспен қарау негізінде, қалыптасқан түсініктер бойынша: Адам дегеніміз – «Homo sapiens» түріндегі, сүтқоректілер қатарына жататын саналы жануар. Өмір мәні – әркім өзінше түсінетін ұғым.Тәрбие дегеніміз – (ҚР Білім және ғылым министрлігі тәрбие тұжырымдамасына сай) қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеті – достастық.
Әркімге бір еліктеп, жалтақтаудан туындап жатқан, осындай ұғымдар мен түсініктер, егеменді ел дүниетанымына әсер етіп, дамуымызға кедергі болуда. Сол себепті доктринаның қабылдануы, алдымыздағы кем дегенде жүзжылдық межені қамтитындықтан, ел үшін ерекше стратегиялық құжат пен заңдар, өз рухани дүниетанымымызға сай, ана тілімізде жазылып, өзге ұлт дүниетанымынан туындаған заңдардан көшіруді азайтсақ қана, ұлтымыздың бай қазынасы – рухы, жарыққа шығып, санасы оянып, дамуға көшері анық. Әр жүз жылда ұғымдар өзгеріп тұратындықтан, рухани алтын ғасырға бағытталған бағдарлама жасау мақсатымен, 2005 жылы Алматы мектептерінде эксперимент ретінде қолға алынып, 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының қолдауымен «Ақбастау – рухани тазалық ұстанымдарына негізделген, жүйелі ой-сана қалыптастыруға бағытталған, кешенді тәрбие бағдарламасы» өз жемісін беріп, қуатты Қазақстан – ұлттық идеясын іске асыруға бағытталған, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі, әлем ғылымында осы уақытқа дейін шешімі табылмай келген, қазақстандық брэнд, «рухани заңдылықтарға негізделген, адам ой-санасы жұмыс жүйесінің, пирамидалық құрылымының галограммасы» немесе тұмар жүйесі ғылыми жаңалық ретінде іске асырылып, авторлық құқыққа ие болды.
Қуатты Қазақстан – ұлттық идеясын іске асыруға бағытталған, кейбір ұғымдарға түсініктер: Қуатты Қазақстан – ұлттық идеясы деген не? Ұлттық (діл) идея, адам өмірінің мәнінен туындайтын ұғым. Адам өмірінің мәні – өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы, рухани жетілу болса, адамдар қауымдастығы, мемлекеттің ұлттық идеясы, рухы күшті, қуатты мемлекет қалыптастыру. Яғни «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын іске асыруға бағытталған, алтын ғасыр доктринасы. Доктрина деген не? Доктрина – лат. «doctrina», ілім, ғылым, оқыту, білімділік. Әрбір ұлт, халықтың, тіл, дәстүр, діліне қарай, қалыптасқан дүниетанымына сай ұстанымдары негізіндегі, саяси, теориялық даму бағытына, заманауи көзқарас.
4.Мемлекет басшысының жуырда жарық көріп, бүкіл зия-лы қауым өкілдері, ұстаздар мен ғалымдар арасында қызу талқылауға түскен стратегиялық мақаласы – Қазақстан халқын рухани дамыту мен ұлттық сананы жаңғыртудың негізі. Бұл саяси-идеологиялық құжат қазақ халқының стратегиялық бағытын анықтайтын, өткеніміз бен бүгінгіні болашаққа үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының жаңа тұжырымдамасы болып табылады.
Мақалада Мемлекет басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңіне қадам басқандығын және бұл жаңғыру еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуін мақсат ететіндігін атап айтып, болашақ қазақ халқын рухани кемелденген, Біртұтас Ұлт ретінде қалыптастырудың басымдықтарын ұсынады.
Елбасының рухани құндылықтарымызды алға тартып, руханияттың әр саласын түгендеп, тарихымыз бен мәдениетімізді дамыту жайлы айтылған зерделі пікірі көңілге қуаныш ұялатып отыр. Әрине, дамыған елдердің қай-қайсысын алсақ та, ең алдымен ұлттық рухты дамытып, саясат пен экономика ұлт мүддесі үшін қызмет етуге бағытталған.
Президент халықты терең ойға жетелеп, өткенімізді саралап, бүгінімізді бағалап, ұлттық кодты сақтай отырып жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіру керектігін сөз етеді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеп жүрген біз үшін, ұстаздар қауымы үшін, бұл мақаланың маңызы зор. Себебі, Қазақстанның үшінші жаңғыруы материалдық құндылықтардан гөрі рухани құндылықтарға басымдық беріп, уақыт сынынан сүрінбей өткен, көне дәуірден бізге жеткен озық дәстүрлерімізді табысты жаңғырудың негізі етіп алуды көздейді.
Елбасы бірінші тарауда ұлттық сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау, эволюциялық даму қағидаттарын тізіп берді. Бұл алты қағидат эволюциялық дамудың басты межесі.
Мемлекет басшысы «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» – деп, таяу жылдардағы міндеттерді белгілеп берді. Тарихи құжатта «Қазақ тілін біртіндеп латын тіліне көшіру», «Жаңа гуманитарлық білім», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» секілді бірнеше бастама көтеріліп, жобалар ұсынылған.
Елбасы айтқандай Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуға бет бұрғаны көңілімізді көкке жеткізіп отыр. Эволюциялық дамудың негізі ретінде әлеуметтік және гуманитарлық білім саласын дамыту – бабалар мұрасы мен еліміздің ұлттық ғұрыптары, салт-жоралғылары және ұлттық тәрбие беру арқылы өскелең ұрпақ бойында ұлттық сана қалыптастырудың бірден-бір жолы деп түсінеміз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқының санасын жаңғыртудың екінші бағыты ретінде қанымызға сіңген жағымсыз дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидалардан арылып, ұлттық және жеке байлығымызды үнемді пайдаланып, қанағатшылдық пен қайырымдылықты, ұстамдылықты насихаттайды. Кезінде Абай Құнанбайұлы сынаған жағымсыз мінез-құлықтар, «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншек, бекер мал шашпақтық» әлі күнге елімізбен бірге жасап келеді.
Бұл құжат халқымызды оятып, рухани жаңғыру арқылы кереғар қылықтардан арылуға шақырады.Мемлекет басшысының «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді бастаймыз» деген ойын құптаймыз. Еліміз латын қарпіне көшсе, туыстас түркі тілдес ұлттардың тілін де меңгеру жеңілірек болады. Сондай-ақ, «100 жаңа есім» және «әлемнің үлгілі 100 оқулығы» жобаларын Қазақстан білімі мен мәдениетін дамытудың бірден-бір жолы екенін көзі қарақты жандар айтқызбай түсінері хақ.
Жалпы алғанда Елбасы мақаласында орын алған игі бастамаларды кезең-кезеңге, бағыттарына бөліп қарастырсақ, ел дамуы мен өркендеуі үшін Қазақстан халқына арналған бағдарлама яғни Қазақстан халқының ұстанар ұстанымы мен ұлттық идеологиясы деп қабылдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |