PowerPoint бағдарламасында презентацияны қалай жасау керек?
Бүгін жақсы сөйлеу үшін тек қана өз идеяң туралы айту жеткіліксіз. Сондықтан да қазіргі кезде оқу процесінде презентацияны қолдануқажеттілігі туындайды. Адам құлақпен естігенінің 10-70 пайызын, көргенінің 20-72 пайызын, естіп көргенінің 65-85 пайызын игеретінін белгілі. Презентацияны қолдану - табыстың кепілі, өйткені оқу процесінің барлық қатысушылары үшін ойлау жүйесін дамыту, шығармашылық қабілетін шыңдау жолында жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Презентация-баяндаманы не сөйлеуді ілеспе жалғастыру, бірақ оныңорнын ауыстыру емес екенін есте сақтаукерек. Сондықтан да әуелде сөйлеудің концепциясын жасап алып, содан кейін ғана презентация жасауды қолға алу керек. Сол үшін келесі сұрақтарға жауап беруге тырысыңдар:
Пайдаланатын презентацияның мақсаты қандай?
Тыңдаушылардың ерекшеліктері қандай?
Презентацияның ұзақтығы мен жоспарланған мазмұны қандай?
Пайдалы кеңес:
Текст пен фон бір-бірінен ажыратылуы қажет, әйтпесе слайд нашар қабылданады.
Слайдтарда түрлі-түсті орынсыз қолданып, тым ала-құла жасамау керек. Бұл көру бейнесін тұрақты қалыптастыруға зиянды. Слайдтарда үш-төрт түсті қолдану тыңдаушының назарын аударып, әрі қабылдауын жақсартады.
Презентация жасағанда, слайдтағы материалды басты және қосымша деп екіге бөлуге болатындығын ескеру маңызды. Басты материалды былайша айшықтауға болады: мәтін мен обьектінің өлшемі, түр-түсі, арнайы эффектілер, экранда пайда болу тәртібі және т.б. Қосымша материал слайдтың басты ойын айқындау үшін керек.
Слайдтың «оқылуына» ерекше мән беру керек. Обьектінің әр түріне шрифтінің әр түрлі өлшемі болуы мүмкін. Слайдтың атын 22-28 шрифтімен, тақырыпшаның атын 20-24, мәтінді 18-22 шрифтімен жазған дұрыс. Мәтіннің атын, өзекті сөздерді айшықтау үшін майлы шрифт, астын сызу, жартылай майлы шрифтіні пайдаланыңыз. Қосалқы материал мен комментарийді рәсімдеу үшін курсивті пайдаланыңыз.
Тыңдаушылардың материалды қабылдаудың тиімділігін арттыру үшін «алты принципін» естен шығармаңыз: сөйлемде-алты сөз, слайдта-алты жол.
Презентацияның барлық слайдтарында шрифтің бір атауын қолданыңыз.
Қойылатын фотосуреттер немесе картинкалардың сапасы жақсы әрі үлкен өлшемді болғаны дұрыс. Жақсы дыбысталуына мән беріңіз, әйтпесе сөйлеген сөзі нашар естіледі.
Музыканың жайлы инструменталды не классикалық музыка болғаны абзал. Сондай музыка тыңдаушыларды пркезентацияның мазмұнынан алаңдатпай, керісінше эмоциялығын күшейтеді. PowerPoint презентациясы слайдтарын ауыстыру үшін мышканы қолданған ыңғайлы. Презентацияның екі данасын жасаған жақсы. Бір данасын өзіңе қалдырып, екіншісін –презентация көрсететін техникке беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |