Лексикография (грек. lexіkos — сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғыл. әдістемесін жасайды. Сөздіктің теор. мәселелері теоретик. Лексикологияда қарастырылады; ол Лексикология теориясы мен Лексикология тарихына бөлінеді. Лексикология теориясы сөздіктер типологиясын, оның макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау мен сөздерді, сөздік-мақалаларды орналастыру принципін, омонимдерді, сөздік қосымшасындағы қосалқы материалдарды, дәйектемелерді, т.б.) және микроқұрылымын (сөздіктегі мақала құрылымын: мағыналарға жіктеу мен анықтама, дәйектеме түрлерін, шартты белгілер жүйесін, фразеологияны, т.б.) зерттейді. Лексикология тарихы сөздіктер мен лексикограф. тұжырымдамалар тарихы және Лексикология мәселелерін шешу тарихы болып бөлінеді. Тәжірибелік Лексикографияға тілді қалыпқа түсіру мен оны үйрету, тіларалық қатынас, лексикол., сөзжасам, стилистика, тіл тарихы бойынша деректер жинау мен өңдеу жатады. Л-ның негізгі түрлері — жалпы аударма терминол. үйренімдік Лексикология және есептеу Лексикологиясы. Инженерлік лингвистикаға жататын есептеу Лексикологиясы қолданбалы тіл білімінде 20 ғ-дың 2-жартысында пайда болып, компьютерлік технологияда қолданыла бастады. Сөздіктер инж.-филол. туындыға айналды. Қазіргі Лексикология теориясы лексиканы белгілі бір жүйеде түсіндіреді, сөздердің лексика-семант. құрылымын көрсетіп, олардың мағынасын диалект. тұрғыда қарастырады. Лексикология лексикол-ға, стилистикаға, грамматика, фонетика және тіл тарихына сүйенеді. Сөздіктердің бірнеше түрлері бар: “Орысша-қазақша сөздік” (1954), “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 74), “Орфографиялық сөздік” (1963), “Абай тілі сөздігі” (1968), “Диалектологиялық сөздік” (1969), “Этимологиялық сөздік” (1996), терминол. сөздіктер (“Тау-кен ісі терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі”, 1959; “Орысша-қазақша терминология сөздігі. Экономика, философия”, 1962), т.б.;
Достарыңызбен бөлісу: |