1 Қоршаған ортада химиялық процестерді зерттейтін біп қатар ғылыми пәндер кешені қазіргі заманда қалыптасқан. Оларды «Қоршаған орта химиясы» жалпы тақырыбымен біріктіреді. ҚО



бет14/57
Дата19.01.2022
өлшемі269.24 Kb.
#454685
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
ЭКОЛ.ХИМИЯ КАЗ УМК

Бақылау сұрақтары:

Начало формы

Конец формы

1. Заттар айналымының түрлері, олардың қысқаша сипаттамасы.

2. Негізгі Биогеохимиялық циклдер қандай, олардың сызбаларын беріңіз.

3. Ресурстық циклдің заттардың табиғи циклдерінен айырмашылығы.

Презентация тақырыптары:

1. Биогендік элементтер циклінің ерекшеліктері.

2. Азот айналымы.

3. Оттегі айналымы.

4. Көміртегінің.

5. Фосфор айналымы.

6. Күкірт айналымы.

7. Су айналымы.

8. Көмірқышқыл газының айналымы.

9. Ауыр металдар айналымы.

10. Биогеохимиялық циклдарға адамның әсері және оның салдары.

 

Әдебиеттер:

1. Чибисова Н.В., Долгань Е.К. Экологическая химия: Учебное пособие / Калинингр. ун-т. - Калининград, 1998. - 113 с.

Дәріс 5 Тақырыбы "Экожүйлердің экология-химиялық сипаттамасы"

1. Экожүйе - берілген үлескіде бірге қызмет болатын организмдер (биотикалық бірлестіктер) және олармен өзара байланысты физикалық орта, энергия ағымы құрастыратын тірі және өлі бөліктер арасындағы анықталған биотикалық құрылыстар және зат пен энергия айналымы.

2. Экожүйе концепциясы 2 түрлі модельмен қарастырылады:

         1) таза экожүйеге қатысты - сызықтық модель;

         2) агроэкожүйеге қатысты - сақиналы (жартылай тұйық) модель.

 

1-сурет. Экожүйенің сызықтық моделі



Е - қозғалу күші

Р - қасиеттері

Ғ - ағымдары

У - өзара әрекеттесуі

         Мысалы, смогтың түзілуінде:

Е - энергия

Р1, Р2 - смог түзуші заттар (азот, көмірсутектер, т.б.)

Р3 - смог

Ғ1, Ғ2, Ғ3, Ғ4 - ағымдары

 

2-сурет. Экожүйенің сақиналы моделі.



А - ресурстар

В - дайын өнім

С - қалдықтар

 

         Экожүйенің кибернетикалық табиғаты бойынша онда энергия және зат ағымымен бірге, ақпараттық ағым да бар (физикалық және химиялық сигналдар). Экожүйенің ең негізгі қасиеті - тұрақтылығы. Екі түрлі тұрақтылығы бар:



1) резисторлық - бұзылыстарға қарсылық көрсету; экожүйе құрылысы, функциялары сақталады;

2) серпімділік - экожүйе құрылысы, функциялары қалпына келеді.

 

 

 



3. Жіктелуі.

Экожүйе

Табиғи

Жасанды

Теңіз, мұхит, тундра, шөл, орман

Құрлық экожүйесі

Тұщы экожүйе

Теңіз экожүйесі



Аквариум, қала, космостық корабль, агроэкожүйе

 

Энергия көздері бойынша экожүйе:

1. күнмен қамтамасыз етілетіндер - теңіз, ормандар;

2. күн және басқа көздерден энергия қабылдайтындар - орман, жағалау сулары;

3. күн және адам шығаратын энергиямен қамтамасыз етілетіндер - аквариум, агроэкожүйе;

4. отын энергиясын қабылдайтындар - қала, индустриалдық зоналар.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Экожүйе концепцияларын түсіндір.

2. Бір өндіріс мысалында сақиналы модельге мысал келтір.

3. Күн және адам шығаратын энергиямен қамтамасыз етілетін экожүйелерді қалай түсінесің?

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Панин М.С. Экология почв. – Алматы: Раритет, 2008. – 528 с.

2 Омарова, Н.М. Экологиялық химия. - 2007.

3 Гусакова Н. В. Химия окружающей среды: Учеб. пособие для вузов / Ростов н/Д: Феникс, 2004. – 185 с.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет