«Ұттым/Ұтылдым»
«Ұттым/Ұттым» көзқарасына баламалардың бірі – «Ұттым/Ұтылдым» нұсқауы болып табылады. Ол бойынша: «Мен ұтсам, сен ұтылдың». Бұл көзқарас басқарудың авторитарлық стиліне сай: «Сенің емес, менің дегенім болады». «Ұттым/Ұттылдым» нұсқауындағы адамдар өз мақсатына жету үшін мансабын, билігін немесе жеке қасиеттерін пайдалануға бейім. Сіз ұмтылатын жетістіктің көбі басқа адамдармен қарым-қатынасыңызға байланысты. Ал «Ұттым/Ұтылдым» ділі бұл ынтымақтастықты бұзады.
«Ұтылдым/Ұттым»
«Ұтылдым/Ұттым» күйінде ойлау келіссөз кезінде тізе бүгіп, тез беріліп немесе шегінуді білдіреді. Осындай менталитетпен байланысты басқару стилі бойкүйездік деп аталады. Дегенмен «Ұтылдым/Ұттым» ойлауы қалыптасқан адамдар көп сезімін жоқ қылып, жерге көміп тастайды. Ал білдірмеген сезімдер ешқашан өлмейді: тірідей көмілген, кейін әлдеқайда қорқынышты формада көрінеді. «Ұтылдым/Ұттым» менталитетімен еңсесі түскен адамдар бойына жия беретін теріс эмоциядан, торыға түңілу мен иллюзияның тас-талқан болуынан көбіне психосоматикалық, дәлірек айтқанда, тыныс пен жүйке және қанайналым жүйесі ауруларына жиі ұшырап жатады.
«Ұтылдым/Ұтылдым»
«Ұттым/Ұтылдым» нұсқауындағы екі адам бір-бірімен жолыққанда, яғни табиғатынан табанды, бірбеткей, өзімшіл екеу өзара әрекеттескенде, «Ұтылдым/Ұтылдым» нәтижесі шығуы сөзсіз. Екеуі де ұтылады. «Ұтылдым/Ұтылдым» – екі жақтың кикілжің философиясы, шайқас философиясы. «Ұтылдым/Ұтылдым» – өзі бақытсыз, әрі басқалар да бақытсыз болуға тиіс деп есептейтін, ішкі бағыт-бағдарынан айырылған тәуелді адамның философиясы. «Ешкім ешқашан ұтпаса, онда ұтылғанның жағдайы да сондай жаман емес».
«Ұттым»
Тағы да бір кең тараған балама – «Ұттым» нұсқауы. «Ұттым» менталитетіндегі адамдар біреудің ұтылғанын міндетті түрде қалап тұрмайды. Олар үшін мұның еш мәні жоқ. Олар үшін тек өз қалауына қол жеткізсе болғаны.
Бәсеке мен дау-дамайдың еш мәні қалмағанда, «Ұттым» нұсқауы күнделікті келіссөзге неғұрлым кең тараған ұстаным болады. «Ұттым» менталитетіндегі адам өзгелер өзі жайында өзі ойлауына жол аша отырып, өз мүдделерінің санаттарымен ойлайды.
Жоғарыда айтылған философияларды зерттеу барысында «Қай нұсқасы жақсырақ?» - деген сұрақ туындауы мүмкін. Жауабы былай: бәрі де жағдайға байланысты. Қалыптасқан қарым-қатынасты бағаламасаңыз және ұтыс сіз үшін онша маңызды болмаса, онда белгілі бір жағдайларда жақын адамыңызды қолдау үшін «Ұтылдым/Ұттым» моделін қабылдай аласыз. Сондай-ақ сіз ұтыс үшін одан да маңызды құндылықтарға зияны тиетін шығын мен күш-жігер жұмсалатынын көрсеңіз, «Ұтылдым/Ұттым» ұстанымын пайдалана аласыз. ң жақсы таңдау шынайы өмір жағдаятынан келіп шығады. Қиындығы сол – ахуалды дәл бағалау және кез келген жағдаятқа үнемі бір сценарийді – «Ұттым/Ұтылдым», не болмаса қандай да бір басқасын қолдана беруге тырыспау. «Ұттым/Ұттым» нұсқауы барлық бесеуінің ішіндегі, шын мәнінде, бірден-бір өмірге бейім деген ойға сұраққа жауап іздеу барысында сондай ойға келдім.
Достарыңызбен бөлісу: |