1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи
тырып тастайды. Осыдан электр сымына тиген дене мүшесі тырысып, одан айырыла алмай қалады. Электр ағымының кернеуі 40 вольтқа дейін организмнің зақымдану- ына әкелмейді. Оның кернеуі 1000 вольтқа дейін көтерілгенде 50%,3000 вольтқа дейін көтерілгенде - 100% зақымданған адам жан тапсы- рады. 42,5 вольт кернеуі бар ауыспалы электр ағымының зақымдық қауіпі 120 вольт кернеуі бар тұрақты электр ағымының зақымдық қауіпімен тең болады. Бірақ тұрақты электр ағымының қауіптілігі 450-500 вольт кернеуге дейін ғана ауыспалы ағымнан аз болады. Ары қарай тұрақты электр ағымының кернеуі көтерілуіне байланысты ол ауыспалы ағым- нан қауіптірек болады. Кедергілік қасиеті. Ауыспалы электр ағымына адам денесінің жалпы кедергілерінің жиынтығын импеданс дейді. Ол тіндердің белсенді (ом- дық) және қайта әсерленген (сыйымдылық) кедергілерден түрады. Терінің сыртқы эпидермалық қабатының электр ағымына кедергісі бойынша 1- орында (2 млн. Ом), ары қарай сіңір, сүйек, жүйке және бұлшықет тіндері, қан - кедергісі азаюына қарай орналасады. Жұлын - ми сұйы- ғында ең аз кедергі болады. Адам денесінің жалпы кедергісі орташа 100 000 Ом (1000-нан миллиондаған Ом-ға дейін). Терінің ылғал болуы кедергіні төмендетеді. Құрғақ терінің кедергісі молырақ болады. Тері кедергісінің мөлшері электр ағымының күші мен кернеуіне байланысты. Оның кернеуі 10-40 вольт болғанда терінің эпидермисін жарып өтеді. Осыдан 220 вольт электр кернеуі дененің кедергісін күрт төмендетеді. Электр ағымының денеден өту бағыты. Төменнен жоғары қарай өт- кен тұрақты электр ағымы жоғарыдан төмен қарай өткен ағымнан қауіптірек болады. Бұл кезде жүректің синустық торабы қатолтың қоздырғыш әсерінде болады да, оның ұшы анодтық қозуды әлсірететін