екі жағдайдан организмде (қанда) СО, газының деңгейі төмендейді, ги- покапния дамиды, газдық алкалоз байқалады. Сондықтан мидағы ты- ныс алу, қан тамырларының қимылдық т.с.с. орталықтардың қозымды- лығы азаяды. Енді көңіл-күйдің көтеріңкілігі (эйфориясы) қатты тұнжы- раумен (депрессия) ауысады, орталық жүйке жүйесінің тежелуі болады. Бұл кезде науқас адамның қимыл-қозғалысы азаяды, тез шаршағыш- тығы байқалады, барлық шартты, шартсыз рефлекстері жоғалады, ол терең ұйқыға батады. Осыдан науқастың тыныс алуы сиреп, үзілісті (Чейн-стокс, Биот) тыныс алу пайда болады. Оттегінің жетіспеушілігінен, гипокапниядан және алкалоз дамуынан мидағы тыныс алу орталығы- ның салдануы адамның өліміне әкеледі. . 14.Электр тогының организмге әсері. Электрожарақаттың салдары. Адамға найзағай немесе техникалық электр ағымдары әсер етуі мүмкін. Адамға найзағай түскенде оның денесі арқылы өте қысқа мерзімде тым үлкен кернеудегі (миллион вольтқа дейінгі) электр ағымы өтеді. Бұл кезде найзағайдың әсерінен денеде күйіктер пайда болады, тіндерге ерекше тармақталған қан құйылулар, тіндердің қарайып кетуі және өлеттенуі байқалады. Кейбір дене мүшелері үзіліп кетуі мүмкін. Адам жүрегі мен тынысы тоқтап қалудан өледі. Техникалық электр ағымының бүліндіргіш әсері (электросоққы) оның түріне (тұрақты немесе ауыспалы), күшіне, кернеуіне, өту бағытына және өту уақытына, сонымен қатар тіндердің кедергілік қасиетіне және организмнің жалпы жағдайына байланысты. Электр ағымының күші бірдей болғанда, турақты электр ағымына қарағанда, ауыспалы электр ағымы организм үшін қауіпті. Күші 100 мА әсер еткенде электр ағымы адамның өліміне әкеледі. Күші 12-25 мА, жиілігі 50-60 Гц ауыспалы электр ағымы дене мүшелерін тырыс-