1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология


Резистенттілікті төмендететін факторлар



бет19/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

Резистенттілікті төмендететін факторлар:

19. Жасуша патофизиологиясы.
Жасуша бүлінуі –жасушаның және жасуша ішілік құрылымдарының тұтастығы мен функцияларының бұзылыстары.
Мысалы, миокард инфаркті кезінде олардың қызмет етуі бұзылады, нәтижесінде жедел оттегі жеткіліксіздігінен жүрек бұлшықеті жасушаларының өліміне әкеледі. Нәтижесінде жүрек бұлшыкетінің жарты бөлігі жиырылуға катыспайды да, организмнің қанайналымы бұзылып, салдарынан қауіпті гипоксия дамуына басқа мүшелердің - бүйрек, ми, бауыр қызметтерінің бұзылыстарына әкеледі.
Көптеген улануларда бірінші бауыр немесе бүйрек жасушалары бүлінеді, ал бұл мүшелер қызметінің бұзылысы организмнің басқа жасушаларының заталмасуының уытты өнімдерімен улануына байланысты жүреді. Біріншілік немесе екіншілік жасуша бүлінісі - кез келген жағдайда организмге жағымсыз әсер етеді, сондықтан оның дамуының ерте сатысында жойылуы тиіс. Бірақ ауру туындататын әсерден жасушаларды корғау немесе алдын алу үшін тірі организм- де жасушалар қалай және неге бүлініп, өлімге ұшырайтынын білу керек.
Жасуша бүліністерінің этиологиясы. Жасуша бүліністеріне көптеген себепкер ықпалдар әкеледі. Оларды сырттан әсер ететін- экзогендік және организмнің өзінде пайда болатын - эндогендік - деп екі үлкен топқа ажыратады.
Экзогендік бүліндіргіш ықпалдар өз алдына инфекциялық және бейинфекциялық болып бөлінеді. Оларға:
• биологиялық ықпалдар (микробтар, вирустар, қарапайым жәндіктер, майда саңырауқүлақтар, аутоантиденелер мен цитотоксиндік Т- жасушалары т.б.);
• физикалық ықпалдар (иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр соққы, электромагниттік толқындар т. б.);
механикалық ықпалдар жаншылу, қысылу т.б.);
• химиялық ықпалдар (органикалық немесе бейорганикалық улы заттар, кейбір дәрі-дәрмектер, гипоксия, реоксигенация
•психогендік ықпалдар ( жарақаты, рухани ауыр эмоциялар т.б.) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет