1 Педагогикалық бағдарламалық құралдардың дидактикалық мүмкіншіліктері


· Жеке оқу жоспарын білім алушы жасайды, жоғары оқу орны белгілеген тәртіппен қашықтықтықтан оқытудың жетекшісімен келісіледі және бекітіледі



бет39/70
Дата02.01.2022
өлшемі156.95 Kb.
#453911
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Дәріс2

· Жеке оқу жоспарын білім алушы жасайды, жоғары оқу орны белгілеген тәртіппен қашықтықтықтан оқытудың жетекшісімен келісіледі және бекітіледі.
· Қашықтықтықтан оқыту нысанына түсуші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейін қашықтықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде кіріспе курстарын өткізеді.
· Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады. Қашықтықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс.
· Базалық жоғары оқу орны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.
· Білім беру ұйымы қашықтықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.
· Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.
· Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны күніне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.
· Білім беру ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтықтық кеңестерін алуды ұсынады. Студенттің өзіндік жұмысына әлектрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет