1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org
39. Меңгерудің негізгі формалары, компоненттері. Оқыту теорияларында жеке үдеріс немесе үйренумен теңестірілуде болса да, негізгі түсінік меңгеру болып саналады (үйрену, оқу әрекеті).
• Меңгеру өте күрделі, көпмағыналы түсінік әр тұғыр бойынша жан-жақты талданады. Біріншіден, меңгеру ол – игеру, иемделу арқылы адамның жеке дара тәжірибесінің даму жолының механизімдері, деп А.Н. Леонтьев әлеуметтік-мәдени қоғамдық-тарихи тәжірибелерді білім жиынтығы ретінде, әлеуметтік әрекеттер тәсілдері (дағды мен біліктілікке сәйкес), адамгершілік және мінез-құлықтың этикалық ережелерін игерумен сәйкестендірген.
• Аталған меңгеру арнайы білім беру жүйесінде болмасын, жеке шашыраңқы түрде болмасын адамның барлық өмір сүру жолында бақылау, қарым-қатынас, өзінің әрекеттері бойынша шешім қабылдау нәтижелерінде жүзеге асады.
• Екіншіден, меңгеру - барлық танымдық процесстерді қамтитын (сенсорлы-перцептивті, мнемологиялық), қабылданған материалды сақтап, мазмұндық талдаулар жасап, жеткізуді қамтамасыз ететін адамның күрделі интеллектуалды әрекеті.
• Үшіншіден, меңгеру ол – оқу әрекеті мен оқыту нәтижелері.
• Меңгерілген материалдың сапасы мен жүйелігі мен нәтижелігі маңызды.
С.Л. Рубинштейн бойынша, оқыту әрекеті мен оның сапалы мазмұнын меңгеру «оқыту үдерісінің маңызды негізгі бөлігі» болып саналады.
В. В. Давыдовтың айтуынша, "ғылыми білім мен оларға сәйкес дағдыларды игеру әрекеттің негізгі мақсаты және басты нәтижесі болып табылады"
С. Л. Рубинштейннің анықтамасы бойынша "білімді берік игеру процесі оқу әрекетінің орталық бөлігі болып табылады. Бұл психологиялық тұрғыдан өте күрделі процесс. Оған материалды қабылдау, оны түсіну, есте сақтау және оны игеру кіреді, бұл оны әртүрлі жағдайларда, әртүрлі тәсілдермен, т. б. еркін пайдалануға мүмкіндік береді."
С.Л. Рубинштейн бойынша, меңгеру процесінің келесі кезеңдерін ұсынады:
• 1. материалмен алғашқы танысу немесе оны қабылдау,
• 2. мазмұнын түсіну,
• 3. материалды бекіту бойынша арнайы жүмыс,
• 4. материалды меңгеру және оны тәжірибеде қолдана алу қабілеттілігі.
Әрбір кезеңде мұғалім – оқушы арасындағы бірлескен әрекет негізінде болады.
• Меңгерудің төртінші кезеңінде - тәжірибеде қолдану ол тек қана оқытудың нәтижесі ретінде ғана емес, сонымен қатар білімді игеру, бекіту, басқа да дағдыларды қалыптастыру тәсілдерін қолдана алу маңызды.
Меңгерудің маңызды сипаттамасы – оның басқарылуында. Меңгеруді басқару ақыл-ой әрекеттерінің сатылап қалыптасу жолы бойынша іске асырылуы мүмкін; ол «классикалық» жолмен, бағдарламаланған немесе проблемалық оқыту арқылы жүзеге аса алады