1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар



бет27/57
Дата07.12.2023
өлшемі375.48 Kb.
#485734
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар:
• Жаттығуды уақыт бойынша дұрыс бөлу. Жаттығу кезінде дағдының өріс алуы графикалық сызықтармен өлшенеді.
• Үйретушінің әрекетті орындаудың негізгі жоспарын, принципін түсінуі;
• Орындалған әрекеттің нәтижесін білу;
• Бұрын игерілген білімдер мен қалыптасқан дағдыларды үйренудің қазіргі сәтіне әсер етуі. Оқушының үйреншікті дағдысы екінші нәрсені меңгеруге жәрдемін тигізетін болса, онда мұны дағдының тасымалдығы деп атайды. Сонымен қатар бір дағды екінші дағдының қалыптасуына жәрдемін тигізудің орнына кейде кедергі жасайтыны да белгілі. Мұны дағдының интерференциясы деп атайды.
• Қайта өндірушілік пен сенімділіктің ұтымды ара қатысы.
41.Білім алушы-оқу әрекетінің субьектісі ретінде.
Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Адам баласы дүниеге келгенде екі түрлі қасиетпен келеді. Бірі-ішсем, жесем десе, екіншісі-білсем, үйренсем». Бүгінгі күн талабы бойынша екінші қасиетті дамыту керек.
Оқушылар өз қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін бүгінгі күнде жағдайлар жасалуда. Мектептерде түрлі үйірмелер жұмыс жасаса, сонымен бірге заманауи техника да балалар үшін қызмет жасауда. Жыл көлемінде оқушылар түрлі байқаулар мен интеллектуалдық марафон мен олимпиадаларға қатысады. Субъектінің өз бетінше білімін жетілдіру ғылыми және саяси информациялардың ағымында бағдар ұстай білу біліктілігіне дағдыландыру аса маңызды. Оқушының шығармашылық қызығушылығының артуы –оның жеке тұлға ретінде дамуы деп түсінгеніміз жөн. Шығармашылықпен айналыса отырып әр оқушы өз-өзін таниды. Өзіндік ой түйіп, белгілі бір шешімге келеді. Бала өзін қызықтырған дүниемен айналысамын десе, оған «жоқ», «болмайды», «қолыңнан келмейді» деп кесіп жауап беруге болмайды.
Оқытудағы іс-әрекет субъектісі позициясы бойынша:
• мақсатты ұйғару;
бағдарлама жасау;
• жоспарлау әрекеттері;
• жүзеге асьфу;
• бақылау (өзіндік бақылау);
• бағалау (өзіндік бағалау).
Оқу іс-әрекетіне байланысты бірнеше зерттеушілер бес топты көрсетеді:
Бірінші топқа білімді игеруге, өзіндік жұмыс істеу әдістемелеріне, кәсіби білімге ие болуға ұмтылатын білім алушылар жатады.
Екінші топқа оқу іс-әрекетінің барлық салаларында білім алуға ұмтылатын студенттер жатады.
Үшінші топқа, тек қана өзінің мамандығына ғана қызығушылық болатын студенттер жатады.
Төртінші топқа, жақсы оқитын, бірақ оқу бағдарламасына тандамалы қарайтын, тек қана өзіне ұнайтын пәндерге ғана қызығушылығы туындайтын студенттер жатады.
Бесінші топқа жалқау және еріншектер жатады.
В.Т.Лисовскидің ойынша білім алушылардың типологиясы келесідей болады:
1. «Үйлесімді». Өз мамандығын саналы түрде тандайды.
2. «Академик». Тек қана «үздік» оқиды. Сондықтан көп уақытты ғылыми-зерттеу жұмыстарына жібереді.
3. «Қоғамшыл». Оған қоғамдық іс-әрекетке жарқын түрде икемділік тән. Әдебиетпен және өнермен қызығады.
4. «Өнерсүйгіш». Жақсы оқиды, бірақ ғылыми жұмысқа сирек қатысады.
5. «Ынталы». Мамандығын шын ниетпен тандамаған, бірақ шын ниетпен,максимум күш жұмсап оқиды.
6. «Көңілі қалған». Шындығында адам қабілетті, бірақ тандаған мамандығы оған қызықты емес. Бірақта жоғарғы оқу орнына түскен соң оны оқу керек деген ойда.
7. «Жалқау». Сабақты нашар оқиды, аз күш жұмсайды. Бірақта өзіне толықтай риза. Өзінің кәсібі жайлы ойламайды
8. «Шығармашыл». Оған кез-келген сабаққа немесе қоғамдық жұмысқа деген шығармашылық жағы тән. Бірақ, бір жерде отыратын,жинақылықты талап ететін сабақтар оны қызықтырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет