1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Мотивациялық аясындағы қызығушылық



бет53/57
Дата07.12.2023
өлшемі375.48 Kb.
#485734
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

75. Мотивациялық аясындағы қызығушылық
Жалпы психологиялық анықтауда қызығушылық – бұл танымдық қажеттіліктерді эмоционалдық бастан кешіру. Оны оқу мотивациясы-ның компоненттерінің бірі ретінде сипаттай отырып, күнделікті, тұрмыстық, тіпті кейде кәсіби педагогикалық қарым-қатынаста «қызығушылық» термині жиі оқу мотивациясының синонимі ретінде пайдаланылатынына назар аудару қажет. Бұл туралы «оның оқуға деген қызығушылығы жоқ», «танымдық қызығушылықты дамыту қажет» деген сияқты айтулар куә болады. Түсініктердің мұндай ығысуы біріншіден, оқу теориясында дәл қызығушылық мотивация аясындабірінші зерттеу объекті болуымен байланысты (И. Гербарт). Екіншіден, ол қызығушылық өз бетінше – күрделі бір текті емес құбылыс болуымен түсіндіріледі. Қызығушылық «салдар ретінде, мотивациялық саланың күрделі үрдістерінің интегралдық көрінісі ретінде анықталады» және де бұл жерде қызығушылық және оқуға қатынас тҥрлерінің сараптап жіктелінуі маңызды. А.К. Маркова бойынша оқуға қызығушылық кең, жоспарланған, нәтижелі, процессуалды-танымдық және оны түрлендіруші болуы мүмкін. Мұғалімге, оқуға қызығушылықтың пайда болуы үшін (танымдық қажеттіліктің қанағаттануын эмоционалдық бастан кешіру ретінде) жағдай жасаудың және қызығушылықтың өзінің қалыптасуының маңыздылығын көптеген зерттеушілер атап көрсеткен. С.М. Бондаренко жүйелік талдау негізінде оқушы ҥшін қызықты болуын ықпал ететін негізгі факторларды атады. Осы талдауға сай, оқуға қызығушылықты тудырудың маңызды алғышарты ретінде іс-әрекеттің кең әлеуметтік түрткілерін тәрбилеу, оның мағынасын ұғыну, өз іс-әрекеті үшін зерттеп отырған үрдістерінің маңыздылығын түсіну болады.Оқушыларда оқыту мазмұнына және оқу іс-әрекетінің өзіне қызығушылықты тудыру үшін маңызды шарт – оқуда ақыл-ойдың дербестігін және бастамашылдықты көрсете алу мҥмкіндігі. Оқыту әдістері неғұрлым белсенді болса, соғұрлым оқушыларды қызықтыру жеңіл. Оқуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастырудың негізгі құралы – шешілуі оқушылардан белсенді ізденістік іс-әрекетті талап ететін сұрақтардың мен тапсырмаларды пайдалану.Оқуға қызығушылықты қалыптастыруда проблемалық ситуацияны жасау, ол оқушылардың өздерінде бар білім қорымен орындай алмайтын қиындықтармен қақтығыстыру үлкен рөл ойнайды; қиындықпен кездесе отырып олардың жаңа білімдерді алудың немесе бұрынғы білімдерді жаңа жағдайда қолданудың қажеттілігіне көздері жетеді. Үнемі қауырттылықты талап ететін жұмыс қана қызықты. Ақыл-ойдың қысылуын қажет етпейтін жеңіл материал қызығушылық тудырмайды. Оқу іс-әрекетіндегі қиындықтардан өту – оған деген қызығушылықтардың пайда болуының маңызды шарты. Оқу материалының және оқу міндетінің қиындығы қай кезде қызығушылықтың өсуіне әкеледі десек, онда тек қиындық шама жетерлік, жеңе алатындай, болған кезде ғана, кері жағдайда қызығу тез төмендейді.Оқу материалы және оқу жұмысының тәсілдері жеткілікті түрде саналуан болуы керек. Әртүрлілік оқушылардың оқу барысында түрлі объектілермен қақтығысуымен ғана емес, сондай-ақ бір объектіде жаңа жақтар ашылу мүмкін болуымен қамтамасыз етіледі. Оқушыларда танымдық қызығушылықты қоздырудың амалдарынң бірі – шеттеу, яғни оқушыларға ҥйреншікті және кҥнделіктіден жаңаны, күтпегенді, маңыздыны көрсету. Материалдың жаңалылығы -оған қызығушылықтың пайда болуының аса маңызды алғышарты. Алайда, жаңаны танып білу оқушыда осы уақытқа дейін жинақталған білімге сүйенуі тиіс. Бұрын меңгерілген білімді пайдалану – қызығушылықтың пайда болуының маңызды шарттарының бірі. Оқу материалына деген қызығушылықтың пайда болуының мәнді факторы – бұл эмоционалдық бояу, мұғалімнің жанды сөзі.Осы жағдайлар арнайы қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған оқу процесін ұйымдастырудың белгілі бағдарламасы ретінде қызмет ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет