1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері



бет55/57
Дата07.12.2023
өлшемі375.48 Kb.
#485734
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

77. Мотивация және эмоция.
Мотивация психология ғылымында жеке тұлғаның дамуындағы мінез-құлқы мен іс-әрекеті, әрекеттегі белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлға іс-әрекеттің қай түрі болмасын, оның мотивациялық ерекшеліктерін ескермей, әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әртүрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді. Сонымен қатар, мотивация қызметі адамды қандай да бір күшке итермелеуші, қозғалмалы күштердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Бұл күштер адамның ішкі және сыртқы жағында орналасады және оны саналы немесе саналы еемес кейбір іс-әрекеттерге итермелейді. Осыған байланысты іс-әрекет түрткісі мен адамның реакциясы өмірлік тәжірибеге, тәрбиеге, эмоциялық күйіне байланысты адамдар бірдей әрекетке әртүрлі қабылдауы мүмкін. Сондықтан мотвацияның нақты анықтамасын беру керек: «Мотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі».
Студенттерді оқыту қызметінде міндетті түрде мотивтік құрылымды білу керек, ол жұмысты түзету әдістерінде, позитивті оқыту мотивациясын көтермелеуде, оқыту процесінің нәтижелілігінде көрініс табады.
М.В. Матюхина оқу мотивациясының қайнар көзін үш мотивке тәуелді деп көрсетті:
*Ішкі – танымдық және әлеуметтік қажеттіліктер (әлеуметтік іс-әрекеттерге және жетістіктерге жету ұмтылысы);
*Сыртқы – қатысушының өмірлік жағдайымен анықталады; оған талап, нәтижелілік, мүмкіншіліктер кіреді;
*Жекешелік – қызығушылықтар, қажеттіліктер, нұсқаулар, өлшемдер және стереотиптер, сонымен қатар өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылу, басқа қызмет түрлерінде өзін-өзі тануы .
Оқу мотивациясында ішкі, сыртқы және жекешелік көздерінің әрекеттесуі оқыту қызметі мен оның нәтижесіне ықпал етеді. Бір қайнар көзінің болмауы оқу мотивіне немесе оның өзгеруіне алып келеді.
Мотивация оқыту сатылары мен оның нәтижесіне әсер етеді (9-тарау). Бихевиоризм мотивацияны мінез-құлықтың қозғаушы күші деп есептейді. Ал мінез-құлық сыртқы әсерлерге жауап ретінде пайда болады. Скиннердің (1968) операнттық шарттылық теориясында мотивацияны түсіндірерліктей жаңа қағида жоқ. Оған сүйенсек, қандай да бір себеп болған жағдайда мотивацияға негізделген мінез-құлық арта түседі немесе бекиді. Оқушыларда мотивацияға негізделген мінез-құлықтың болуы қозғаушы күштің бар екенін және оның әлі де жалғасатынын білдіреді.
Ал танымдық теория ынта мен оқытуды өзара бір-бірімен байланысты болса да, екі бөлек нәрсе деп қабылдайды. Біреуде мотивация бар, бірақ оқығысы келмейді, ал басқа адам мотивациясыз-ақ оқи береді. Бұл теория бойынша мотивация зейінге тікелей әсер етеді және білімнің пайда болуына көмектеседі. Қозғаушы күш оқушыларды ынталандырғанымен, оның мінез-құлыққа әсері өздігінен іске аспайды, керісінше, оқушылардың оны қалай қабылдауына байланысты болады. Осы уақытқа дейін орын алған қозғаушы күш (адамның осы уақытқа дейін орындауға мәжбүр болған ісі) қазіргі сенімімен қайшы келген кезде адамдар сенімдеріне сүйенеді (Bandura, 1986; Brewer, 1974). Зерттеулер оқушыларды ынталандыратын көптеген танымдық процесс элементтерін анықтады. Мысалы, мақсат, әлеуметтік салыстырулар, өзіндік тиімділік, құндылықтар және мүдделер. Оқушылардың ынтасын арттыру үшін мұғалімдер оқу тәжірибесі мен қоршаған ортаның ынталандыру әсерін естен шығармағаны абзал.
Мотивацияның атқару тәртібі келесідей психикалық процестерден тұрады: түрткіні қабылдау, оның эмоционалдық бағасының мағынасы, мәнін түсіну және түрткі бағасы, түрткіге көз жеткізу. Эмоционалдық бағалаудың білімде орны - оның мазмұндылығымен және объектілік мағынасымен, сонымен қатар ішкі жалғаспалы факторлармен, ең алдымен оның жеке оқытушысымен сипатталады. Оқытушының негізгі оң эмоционалдық бағасы мынадай болу керек: тартымды, өзінің пәніне деген ішкі терең талап қоя алушылық және оқушыларға өз білімін жеткізе алушылық. Жасандылық пен жалған әрекет жасау тез байқалады және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Егер оқу процесінің нәтижесі болмаса, тартымдылық жоғалады.
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет