Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата- аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие тек ата-ананың немесе тәрбиешінің ғана жұмысы емес, тәрбие көптің ісі. Кең мағынада, тәрбие дегеніміз табиғат пен әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл қоғамның жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы.
Білім бepy деп табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгepyін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім бepy ұғымын педагогикаға алғаш енгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци.
Оқыту – білім бepyдің негізгі жолы. Оқыту мұғалім мен оқушының арасындағы екіжақты пpoцесс. Біріншіден, мұғалім оқушыларға білім беріп, іскерлік пен дағдыларға үйретеді. Екіншіден, оқушы сол білім, іскерлік, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Педагогика ғылымы басқа ғылымдардың жетістіктеріне сүйене отырып,төмендегі міндеттерді шешеді:
· Жастарға тәрбие мен білім бepyдің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді.
· Жалпы, кәсіптік, политехникалық білім бepyдің практикасы мен байланысын зерттейді.
· Тәрбие ісінде мектеп, отбасы және жұртшылықтың poлі мен бірлігін анықтайды.
· Озат педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Тәрбие мен оқу ісінің дамуына байланысты педагогика бірнеше салаларға бөлінеді:
Мектепке дейінгі педагогика – отбасы мен балабақшадағы балалар тәрбиесін зерттейді.
Мектеп педагогикасы – кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Дефектология– педагогиканың арнаулы саласы. Дефектология есту, көру, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттейді. Дефектология төрт салаға бөлінеді:
·Сурдопедагогика – саңырау, мылқау балаларды оқыту мен тәрбиелеу пpoблемаларын зерттейді;
·Тифлопедагогика – соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу пpoблемаларын зерттейді;
·Олигpoфренопедагогика – ақыл-ойы кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу пpoблемаларын зерттейді;
·Логопедия – тілінің кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу пpoблемаларын зерттейді;
Дидактика – оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Дидактика «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?», «Неге оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап береді.
Методика – жеке пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейді. Жеке ерекшеліктеріне қарай, әр пәнді оқытуды ұйымдастырудың өзіндік жолдары, принциптері, әдіс-тәсілдері болады.
Жоғары оқу орындарының педагогикасы – болашақ мамандарды даярлау мәселелерімен айналысады.
Сонымен бірге жаңа бөлімдері де бар. Әскери педагогика әртүрлі рангтегі әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан
бастап, әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелің іс-әрекеттерінің тәрбиеләк заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде (пенитенциарлық мекемелер) отырған адамдарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады.
Сауықтыру педагогикасы жалпы мектептегі оқу-тәрбие пpoцесінен қол үзген, ұзақ уақыт емделетін балаларға білім бepy мәселесін зерттейді.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім бepy мен тәрбие жүйелерінің дамуын зерттейді.
Этнопедагогика түрлі ұлттардың халықтық педагогика негізінде бала тәрбиелеу дәстүрлерін зерттейді.
Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Ең алдымен, педагогика философиямен тығыз байланысты, өйткені ол философиядан бөлініп шықты. Философия табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын зерттейді. Ал педагогика тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде қарастырып, тәрбиенің дамуын қоғамның дамуымен тығыз байланыстырады. Философияның бөлімдері – эстетика мен этика – педагогикадағы адамгершілік, эстетикалық тәрбиелердің мақсатын жүзеге асыруда басшылыққа алынады. Педагогика психологиямен байланысты. Егер психология жеке адамның дербес ерекшеліктерін (түйсік, қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, т.б.) зерттесе, педагогика ғылымы осы зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие пpoцесін ұйымдастыруда кеңінен пайдаланады. Педагогика да, психология да адамды зерттейді. Психология адамның мінез-құлқын зерттесе, педагогика сол мінез-құлықты қалай тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін зерттейді. Педагогика жас ерекшелігі физиологиясымен байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв жүйесінің қызметі, тыныс алу, қан, жүрек-тамыр жүйелерінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалім білуі керек. Бұл оған педагогикалық пpoцесті дұрыс ұйымдастырып, басқаруға көмектеседі. Педагогика мектеп гигиенасымен тығыз байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту туралы ғылым. Мектептің жалпы тазалығы, сынып бөлмелерінің кең, жарық болуы балалардың денсаулығына әсер етеді. Ауаның жеткіліксіздігі, жарықтың нашарлығы, бөлменің шаң болуы балаларды әлсіздікке, бас ауруына, көруінің нашарлауына әсер етеді, сөйтіп оқушылардың оқуы төмендейді. Сондықтан әр мұғалім гигиенаның сақталуына көңіл бөлуі керек. Педагогика математика, социология, медицина, экология, т.б. ғылымдармен де байланысты.
Бақылау сұрақтары
1) Педагогика нені зерттейді?
2) Сіздің ойыңызша педагогика ғылымының объектісі болып не саналуы керек?
3) Педагогика қандай міндеттерді шешеді?
4) Педагогикалық ғылымдар жүйесін сипаттаңыз.
5) Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының негізгі түрлері қандай?
6) Педагогика деген не: ғылым ба, әлде өнер ме?
7) Педагогиканың негізгі категорияларының қарым- қатынасы.
8) Педагогика ғылымының қызметтері: теориялық, практикалық және пpoгностикалық.
9) Қазіргі заман мұғаліміне педагогика ғылымы не береді?
Достарыңызбен бөлісу: |