1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы


Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Абай философиясындағы адам мәселесі. Адам өмірінің мән-мағынасы туралы Шәкәрімнің экзистенциалды ой-толғаныстары



бет3/19
Дата10.10.2022
өлшемі0.55 Mb.
#462356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1510937651370 Философия силлабус каз. 2020

Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Абай философиясындағы адам мәселесі. Адам өмірінің мән-мағынасы туралы Шәкәрімнің экзистенциалды ой-толғаныстары.

Адам, индивид (дара адам), жеке даралық, тұлға.

7. Өмір және өлім. Өмірдің мәні.


Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
Адам, оның өлімі және өлместігі. Өмір және өлім мәселелерімен іргелі философиялық мәселелердің өзара байланысы: метафизика және моральдық философия. Дүниенің мәңгі еместігін түйсіну - өмірдің мәнін түсіну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымындағы өлместік мәселесі. Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ой тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм. Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі категориясы ретінде. Махаббат адам өмірінің мәні ретінде. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидың мистикалық дүниетанымы. Абай философиясында махаббат өмірдің мәнін анықтайтын бастама ретінде. «Махаббатпен жаратқан адамзат...».


8. Этика. Құндылықтар философиясы.
Аксиология және адамгершілік (өнегелік). Этикалық ілімдердің тарихи түрлері. Құндылық теориясының негіздері. Құндылық ұғымы. Мән және болуға тиісті. Этикалық нормалар және құқық нормалары. Этикалық категориялар (борыш, игілік, мән және болуға тиістік, ар-ұждан, еркіндік). Конфуций адамгершіліктің алтын ережесі туралы. И. Канттың категориялық адамгершілік императиві.
Адами адамгершіліктің бастауларын түсіну тәсілдері. Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (борыш теориясы). Пайдалық және принциптер. Құндылық санасының табиғаты. Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем. Жүсіп Баласағұн философиясындағы әділдік мәселесі. «Құт», «қанағат», «тәуба», «әділет», «сабыр» категориялары. Ұрпақтар дискурсіндегі адамгершілік құндылықтар. Қазақ халқының бірегей ұлттық этикалық құндылықтарын сақтау және дамыту қоғамдық сананы жаңғырту жетістігінің алғышарты және шарты ретінде. Саяси этика. Зорлық-зомбылық. Төзімділік (толеранттылық). Адам құқықтары. Кәсіби этика. Бизнестегі этика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет