1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы



бет4/19
Дата10.10.2022
өлшемі0.55 Mb.
#462356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1510937651370 Философия силлабус каз. 2020

9. Еркіндік философиясы.


Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі (Б. Спиноза). М. Хайдеггер еңбектеріндегі еркіндік пен ақиқат байланысы. Еркіндік және жауапкершілік: Ж. П. Сартр. Еркіндік және абсурд (Альбер Камю). Еркіндік тұжырымдамалары (Бердяев Н. А.).
Ерік бостандығы. Еркіндік иерархиясы. Оңды (позитивті) және теріс (негативті) еркіндік. Адамның еркіндігі, әділдігі, өмірі мен қадір-қасиеті адамгершілік-құқықтық құндылықтар ретінде. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.
Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Жеке еркіндік және табиғи құқықтар.
Өмірді, табиғат пен мәдениетті қорғау аясында адам тұлғасын, оның бостандығы мен жауапкершілігін қалыптастыру шарттары. Сөз бостандығы және өзін-өзі көрсету. Еркіндік пен шығармашылық мәдениеттегі адамның шынайы өмір сүруінің тәсілі ретінде. Абайдың «толық адам» тұжырымдамасы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік пен тәуелсіздік идеялары.

10. Өнер философиясы.


Философия және өнер. Мәдениет феномені ретінде өнердің өзіндік ерекшелігі, оның жеке тұлғалық және әлеуметтік функциялары. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам.
Антикалық философиядағы өнер философиясы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.). Фәлсафа дәстүріндегі өнер философиясы (Омар Хайям, әл-Фараби, Ибн-Рушд, Ибн-Араби, Руми). Христиандық ортағасырдың көркем-эстетикалық әлемі (Аугустин, Иоанн Дамаскин). Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы және көркемдік практикасы (Л. Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А. Дюрер, М. Монтень, Эразм Роттердамский). Жаңа еуропалық эстетика және XVII-XVIII ғасырлардағы көркем практикасы (Д. Локк, Р. Декарт, Вольтер, Д. Дидро, Ж. Руссо). Классикалық эстетика негіздері (И. Кант, Г. Гегель, Ф. Шеллинг). XIX ғ. екінші жартысы - XX ғасырдағы өнердің классикалық емес философиясы (Ф. Ницше, Дж. Дьюи, Ж. П. Сартр, М. Хайдеггер).
Қазіргі философиядағы өнерді зерттеу стратегиялары. Өнер философиясының негізгі категориялары: әлемнің эстетикалық бейнесіі, еліктеу және ынталандыру, әдемілік, көркемдік бейне, көркемдік стиль, көркемдік талғам, символ, мимезис, катарсис, симулякр және т. б. Қазақ халқының өнер философиясы. Қобыз, домбыра атты ұлттық аспаптар көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақтың дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй - қазақ өнерінің феномені.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет