1. Пән туралы ақпарат


Тақырып 12 Биологиялық процестердің термодинамикасы



бет6/20
Дата01.03.2024
өлшемі3.94 Mb.
#493628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
722810082412 Биофизика

Тақырып 12 Биологиялық процестердің термодинамикасы
Термодинамика – энергиялардың бір-біріне айналу заңы туралы ғылым. Сонымен қатар денелердің әр түрлі қасиеттерін және зат күйінің өзгерістерін зерттеумен шұғылданады. Термодинамика - табиғат құбылыстарының микроскопиялық қасиеттерін ескермей – макроскопиялық қасиеттерін зерттейді. Құбылыстарды ол тәжірибелерден қорытылып шығарылған бірнеше заңдарға (бастамаларға) сүйене отырып қарастырады.
Термодинамика негіздерінде оның 2-бастамасы жатады.
1. – Бастама энергияның бір түрден басқа түрлеріне айналғанында басталатын сандық қатынастарды тағайындайды.
2. – Бастама осы энергия айналымдары қай жағдайда жүзеге асатынын, яғни процесстердің қай бағытта өту мүмкін екендігін анықтайды.
Тірі организмнің өмір сүру кезеңіндегі барлық процесстер «Тірі организм - қоршаған орта» - системасындағы өтетін энергетикалық байланыстардың өзгеруімен тығыз байланысты, сонымен термодинамика әдістері биологияда кеңінен қолданылады.
Қазіргі таңда термодинамиканы биология саласында қолдану негізінен 2 - бағытта жүзеге асуда.
1. Тірі организм мен жеке система органдары тыныштық күйде жұмыс істеу кезіндегі энергетикалық айналымды есептеу және биологиялық процесстердің п.ә.к мен биохимиялық құрылымдардың байланыс энергиясын анықтау.
2. Тірі организмді ашық термодинамикалық система деп қарастыру арқылы заттардың клеткалық мембрана арқылы активті және пассивті тасымалдауы мен биоэлектірлік потенциалдың пайда болуын зерттеу.
Әдебиеттер:Н.:1-2, Қ.: 1-3, ИР.: 1-2


Тақырып 13 Термодинамканың тепе-теңдік күйлері
Тепе-теңдік күйі ретінде мейлінше көп уақыт аралығынан кейін оқшауланылған жүйеге ауысқан күй танылады. Бұл релаксация уақыты деп аталатын уақыт дене табиғатына, жүйедегі бөлшектердің өзара əрекет ету сипатына, сондай-ақ бастапқы теңсіздік күйіне байланысты. Релаксация уақыты өткеннен кейін оқшауландырылған жүйе өлшемдері тұрақты мəн қабылдайды жəне əрі қарай өзгермейді. Интенсивті өлшемдер жүйенің барлық
бөліктерінде біркелкі мəндерді қабылдайды. Сондықтан тепе-теңдік күйі толықтай жүйенің экстенсивті жəне интенсивті өлшемдерінің белгілі бір жиынтығымен сипатталады. Күй өлшемдері арасындағы байланыс күй теңдігі деп аталады. Мысалы, идеалды газдың тепе-
теңдік күйінің теңдігі температураны, қысымды (интенсивті сипаттамалар), көлем мен салмақты (экстенсивті сипаттамалар) өзара байланыстырады.
Классикалық термодинамика тепе-теңдік күйлерін сипаттаумен айналысады, оның тепе-теңдік термодинамикасы деген екінші атауы осыдан келіп туындайды.
Әдебиеттер:Н.:1-2, Қ.: 1-3, ИР.: 1-2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет