1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет32/65
Дата03.01.2022
өлшемі0.91 Mb.
#451506
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65
руханият силлабус (1)

Дәріс тезисі

Жыраулар поэзиясы – халқымыздың тарихында қайталанбас, айрықша орны бар, рухани-әлеуметтік маңызы орасан зор, тарихи-мәдени құбылыс. Жыраулар поэзиясының өзімен дәуірлес өзге елдер әдебиетіндегі үлгілерден бөлек арна түзе, өзіне ғана тән мазмұнмен және өзіне ғана тән пішінмен тарих сахнасына шығуының сыры оның қазақ топырағында тарихи оқиғалармен, тарихи жағдайлармен орайласа тууы. Жыраулар поэзиясының кемелдене өркендеу дәуірі ХV-ХVIII ғасырларға тән болғанымен, оның алғашқы бастаулары ХV ғасырға дейінгі жылдарда жатқаны және жаңа тұрпатты поэзияның ізашар өкілдері есімдері бүгінгі ұрпаққа аңыз болып жеткен шешендер мен алғашқы жыраулар болғандығы. Қазақ хандығы дәуіріндегі жы­раулар поэзиясында ерлік тақырыбының басымдық алып, өз мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қай­сарлығын жыр­лау мәселесі.



Халық жырауларды қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Академик М.Әуезов: «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, – дейді М.Әуезов, – ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария – Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.

Бекіту сұрақтары

  1. Жыраулар поэзиясында шешендікпен айтылған ой-толғамдардың басты түйіні неде?

  2. Жыраулар поэзиясының жанрлық ерекшеліктері: авторлық және фольклорлық дәстүр дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Жыр мен толғау, жыршы мен жырау сөздерінің мағыналық ерекшеліктері қандай?

Әдебиет

  1. Сүйіншалиев Х. «Қазақ әдебиетінің тарихы». – Алматы: Санат, 1997 – 233 б.

  2. Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991 – 429 б.

  3. Бердібай Р. Ғасырлар толғауы. – Алматы. 1977 – 320 б.

  4. https://melimde.com/eoj-894-342-950-574-aza-handi-deuir-edebietini-zerttelui.html


Тақырыбы: ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият.

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. 1. ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері.

  2. Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Дулаттардың ақындық мектебінің басты идеялық нысанасы.

  3. Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына өзек болған мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары.

Дәріс тезисі

Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы болғандығы. Бүгінгі таңда қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан саралануы.  ХІХ ғасырдағы үлкен-үлкен құбылысты оқиғалар мен күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстардың қазақ әдебиетінен көрініс табуы. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңдылықтарын сол кезеңдердегі қазақ халқының тарихымен сабақтастықта қарау қажеттігі. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен қазақ қоғамының тарихы арасындағы жанды байланыс.

Жаңа әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің өзара үндестігі мен көркемдік-эстетикалық бағыттарының аражігі. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы. Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы қаһармандық рух. Ғасырдың екінші жартысында пайда болып ұлттық әдебиетті әлемдік мәдени процесс биігіне көтерген Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев тұлғалары мен олардың әдебиеттегі мәртебелі реформаторлық қызметі. Отаршылдық қысымның сөз өнеріндегі көрінісі. Зар заман ақындары шығармашалығындағы басты идея мен әлеуметтік шындық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет