Бекіту сұрақтары
Қ.Жұбановтың кіндік қаны тамған туған жері мен білім алуы туралы қандай деректер білесіздер?
Профессор Қ.Жұбановтың қоғамдық-әлеуметтік қызмет жолы.
Қ.Жұбановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің маңызы мен зерттелуі.
Әдебиет
Құдайберген Жұбанов. Шығармаларының толық жинағы – Ақтөбе: Жұбанов университеті, 2019. - 584 б.
«Жұбанов тағылымы» атты Х халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, 2019. – 546 б.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581бет.
Ұлықпанова Ә.Ж. Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі әдебиеттану аспектілері. Дәрістер жинағы. Ақтөбе, «Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік университеті», 2016 ж. – 176 б.
Ұлықпанова Ә.Ж. Қ.Жұбанов – фольклор және әдебиет зерттеушісі. Дәрістер жинағы. Алматы: «Отан» баспасы, 2018. – 256 б.
Тақырыбы: М.Әуезов және жалпы адамзаттық құндылықтар
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
М.Әуезовтің шығармашылық өнегесі мен адамдық бейнесі.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық-даналық тұлғасы.
Мұхтар Әуезов шығармаларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар.
Дәріс тезисі
М.Әуезов әлем әдебиетінде жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өрнекті із, тағылымды табыс қалдырды. М.Әуезов мұрасы қазақ әдебиеті көкжиегін кемелдікпен толықтырып, қазақ руханиятына даңғыл жол салуымен де ерекшеленеді. Мұхтар Әуезов есімі Абай есімімен рухани сабақтастықты жалғастырып, адамзаттық құндылықтар шеңберін шеберлікпен дамытуымен де асқақтай түседі. М.Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы. Абай тұлғасы. Тарихи және замана шындығын бейнелеудегі суреткерлік шеберлік. Әуезов прозасындағы көркемдік жетістіктер.
М.Әуезов үшін мәңгілік-мәнді тақырып – Абай тақырыбы. Хакім Абай жазушы шығармашылығының өмірлік мән-мағынасына айналды. «Абай жолы» эпопеясында қазақтың ұлттық ерекшелігі айқын танылады. Кейіпкерлердің қайталанбас тұлғасы, олардың ішкі жан-дүниесін ашудағы сезімталдық, бір-біріне, отбасына деген, табиғатқа, қоғамға деген көзқарастарын ашу арқылы бүкіл бір ұлттың тұтас бейнесін қимыл-қозғалыс үстінде көрсетеді.
М.Әуезовтің өнегелі өмір жолы мен ғылыми мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін құндылығы. Әуезов және Абай, Мұхтар және әлем әдебиеті, М.Әуезов және айтыс өнері, Әуезов және шығыс әдебиеті, М.Әуезов және қорқыттану, Мұхтар және фольклор, М.Әуезов және түрік, араб әдебиеті.
Бекіту сұрақтары:
Абай мұрасы – М.Әуезовтің қандай еңбектерінде сараланды?
Абай сөздері М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қандай түрленуге ұшырады?
М.Әуезов Ж.Аймауытовпен қандай шығармашылық байланыста болды?
Әдебиет
Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992 ж.
Еспенбетов А. Уақыт өрнегі. Алматы. Інжу-маржан, 2005 ж.
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 20-том. Алматы, Жазушы, 1985 ж.
Нұрғалиев Р. Мұхтар Әуезов тағлымы. Алматы, 1987 ж.
http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1582264&lang=kk
Тақырыбы: Аймақтық әдебиеттанудың идеологиялық маңызы мен бағыт-бағдары
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
Қазақ фольклорындағы Ақтөбе топырағы ізі.
Ақтөбе аймағындағы ақын-жырау поэзиясы үлгілері (ХY-ХІХ ғғ).
ХХ ғасырдағы Ақтөбе аймағының қаламгерлері.
Дәріс тезисі
Ұлт тəуелсіздігі – руханият əлеміне кең өріс ашты. Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Осы ұлттық идеяны іске асыратын басты фактор мемлекет болып табылады. Сондықтан да осы мемлекеттік іске салғырт қарамай ұлттық идеяның негізгі бағыттарының тетіктерін жасау қажет. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі.
Аймақтық әдебиеттанудың көрнекті өкілдері. Ақтөбе өңіріндегі ақын-жазушылардың қазақ әдебиеті тарихындағы, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындау.
Тарих тағылымы бойына жиған жас ұрпаққа сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу міндетінің маңыздылығы. Жастарды ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеу өлшемдері. Қандай да бір елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең маңызды жетістіктері тәрбиесінен көрінуі арқылы оның ұлттық құндылықтарының мәніне ие болады және өскелең ұрпақтың азаматтығы мен отаншылдықты, рухани-адамгершілік жан-дүниесі қалыптасуына белсенді түрде ықпал етеді.
Бекіту сұрақтары
Ақтөбе өңірінен шыққан көркем сөз шеберлері кімдер?
Өңірлік қаламгер туындыларының идеялық-эстетикалық мән қандай?
Туған жерді ән мен жырға қосқан өнер иелері кімдер?
Әдебиет
Жәдігер (Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы). Ақтөбе, “Шамшырақ-Ақтөбе” ЖШС, 2016, 388 бет
Адырна: Т1. Ежелгі жыраулар / Құраст. Ж.Асанов. - Ақтөбе кітапханасы -2015. -10 б.
Жеті ғасыр жырлайды: Т.1./Құраст. Е.Дүйсенбайұлы.-Алматы: Жазушы, 2014.-18 б.
Ақтөбе. Энциклопедия / Бас ред. Тәжібаев М.-Ақтөбе- 2015.- 425 б.
Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Тасмағамбетов И. - Алматы: Аруна Ltd. ЖШС,2015.-218 б.
Жәдігер: Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы. Ред.алқасы төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе, 2016.-9 б.
Ғасырлар тоғысындағы қазақ жыры / Құраст. Дүйсенбайұлы Е.- Алматы: Раритет, 2017.-362 б.
https://aktobeonyry.blogspot.com/2018/11/blog-post_389.html
Достарыңызбен бөлісу: |