1. Пәннің төлқұжаты. Пәннің атауы Жалпы кітапханатану



Дата28.06.2016
өлшемі248 Kb.
#163792



Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/179



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы

Жалпы кітапханатану пәні бойынша


6М091000 Кітапхана ісі мамандығының магистранттарына арналған
Пән бағдарламасы (Syllabus)

Павлодар


Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Бекітемін

Факультет деканы_________

___________ Сарбалаев Ж.Т

(қолы) (Т.А.Ә.)

«___»_____________20__г.

Құрастырушы: Қапасова Б.Қ.филол.ғыл. кандидаты, доцент


Журналистика кафедрасы

Жалпы кітапханатанупәні бойынша

6М091000 Кітапхана ісі мамандығы магистранттарына арналған
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Пән бағдарламасы (Syllabus) элективті пәндер катологі негізінде жасалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды «__» ______201__ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________Алдабергенов Қ.М. «__» ______201__ж.
ГПФ оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«__ » __________ 201___ж. №__ хаттама.


ОӘК төрайымы______________________ Ксембаева С.К.

1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы Жалпы кітапханатану

Таңдау компоненті

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2



Барлық аудиториялық сағат саны - 45

Дәріс -30

Тәжірибешілік/семинар сабақ -15

МӨЖ- 90


ОМӨЖ- 22,5

Барлық сағат саны -135



Бақылау түрі

Емтихан


Пререквезиттер Жалпы шетел библиографиясы

Кәсіптендіру пәндерді оқыту әдістемесі



Постреквезиттер Қоғамдық байланыстар

Кітапханалық-библиографиялық

қызметінің маркетингі

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

Кітапханатану – кітапхана ісінің теориясын, тарихын, әдістемесі мен технологиясын зерттейтін ғылыми пән. Терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген «Кітапханатану жөніндегі негізгі басшылықтың іс-тәжірибесі» атты 2 томдық еңбектің авторы, неміс кітапханатанушысы М.Шреттингер (19 ғ.). Кітапханатанудың негізгі салалары: жалпы кітапханатану, кітапхана қоры, кітапхана каталогы (құжаттарды электронды тасымалдау), оқырмандармен жұмыс, кітапхана жұмысын ұйымдастыру, кітапхана ісінің тарихы. Кітапханалық ой жүйесі қолжазбалық және баспа кітаптарды, басқа да ақпараттық тасымал құралдарын жинайтын, сақтайтын және пайдаланатын мекеме ретінде кітапханалардың пайда болуымен бірге қалыптасты. Кітапханатану білім саласы ретінде басқа ғылымдардан бөлек өмір сүрмейді. Оның халықаралық байланыстары басқа ғылымдардың әдістері мен іс-тәжірибелерін, нақты материалдарын, теориялық мәселелерді шешу үшін пайдаланылса, олар өз кезегінде кітапханатанудың теориялық және іс-тәжірибелік қуатын қолданады. Кітапханатану білімінің аса маңызды теориялық қағидаларына сүйене отырып, қазақстандық кітапханатану білімі қазіргі қоғамдағы кітапхана үрдістерінің даму заңдылықтарын теориялық тұрғыдан белгілейтін қағидаларды жүйеге келтіріп, кітапхана ісінің әлеуметтік мәселелерін, кітапханалардың қоғамдық рөлін, Қазақстан жағдайларындағы халыққа кітапханалық қызмет көрсету түрін жан-жақты зерттейді.



Мақсаты: кітапхана ісінің негізгі теорияларын оқыту, меңгерту. Әлемдік ақпараттандандыру және қоғамды компьютерлендіру тенденциясы негізінде қазіргі кітапхана ісінің қызметтерін компьютерлік оқытуға бағындыру, ақпаратты қоғам технологияларына, ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыруды құру және пайдалануды қамтамасыз етудің негіздерін оқыту.

Міндеттері:

- жалпы кітапхана ісінің тарихына шолу, негізгі теориялық сипаттарын анықтау;

- жалпы кітапханалық жүйені қалыптастырудың басты міндеттері, қызметтері мен әрекетттеріне қатысты жұмыстарды кеңейтудің негіздерін үйрету;

- кітапханалық үдерісте қазіргі жаңашыл әдістерді қолданудың ерекшеліктері;кеңейту мүмкіндіктерін ашу;

- дәстүрлі әдістерді инновациямен сабақтастыра отырып, кітапхана ісінде пайдалану арқылы тиімді, сапалы қызмет көрсету;

- тапсырыс бойынша сайттар мен анықтамаларды, тақырыптарды іріктеу;

- мүделі тақырыпта жедел ақпарат таба алу;

- кітапханатану ісіндегі қызметтің тиімділігін арттыру жолдарын көрсету.

3. Пәнді оқу қорытындысында магистрант мыналарды білуі керек:

а) пәнді игертуде магистранттармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – кітапханатану ісінің теориясын жетік білу және оны инновациялық әдістер арқылы қызметте пайдалану жолдарын үйрену;

ә) ақпараттық-библиографиялық қызмет түрлерінің теориясын мәліметтермен жұмыс істей білуде қолдана білу;

б) кітапхананың ақпараттық библиографиясын кітапханалық қормен толықтыру, жазу мен оқуді меңгеру;

в) басылым беттеріндегі, кітапхана қоғамдық қызметіндегі кітапханатанудың теориялық, практикалық сипаттарын түсіну үшін өз жұмыс стильдерін қалыптастыру үшін барлық жұмыс тәсілдерін игерулері қажет;

Пәнді оқу қорытындысында мынаны істей алуы керек:

а) кітапханатанудағы анықтамалық- библиографиялық мәліметтерді талдай білу;

б) кітапханатану пәнінде алған теориялық, тәжірибелік білімдерін анықтамалық- библиографиялық мәліметтерді кітапхана қызметінің құралы ретінде қолдана алу;

в) мамандығына сәйкес білімді меңгеріп, кез-келген қажетті ақпараттармен жұмыс істей білу;

г) кітапхана жұмысына қажет анықтамалық- библиография заңдылықтарды теориялық және практикалық тұрғыда игеру;

д) кітапхананың анықтамалық- библиографиялық ресурстарының түрлері және қызметтік қабаттары бойынша қажетті білімдерінің болуы;



ж) кітапхана ісіндегі анықтамалық -библиография ресурстарын еркін қолдана алу.


4. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлеріне қарай академиялық сағатқа бөлу





Аудитор сағат саны

МӨЖ



Тақырыптың атауы

Дәрісс

Тәжіриб

студиял

лабор

барлығыы

ОМӨЖ

1

Пәннің мақсат, міндеттері

3

1







9

2

2

Кітаптар басылымының тарихи-деректік құндылықтары


3

1







9

2

3

Қазақстандық жалпы кітаптану тарихының алғашқы кезеңдері

3

1







9

2

4

Қазіргі кітаптану мәселелері

3

1







9

2

5

Кітапхана ресурстарын толықтыру

3

1







9

2

6

Кітапнама – баспа өнімдерінің ғылыми-практикалық қызметінің бір саласы.

3

2







9

2

7

Кітаптанудағы негізгі құрылым мен мазмұндық ерекшеліктер

3

2







9

2

8

Қазіргі кітапханатанудағы жаңа технологиялық қызметтер

3

2







9

2,5

9

Қазіргі дерек қорлармен жұмыс

3

2







9

3

10

Қазақстандық кітапханатанудың шетелдермен байланысы

3

2







9

3




Барлығы : 135 (2 кредит)

30

15







90

22,5


5.Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Шортанова А. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы.(ХХ ғ. 20-40 жж). Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат. –Алматы, 2009.

2.Библиографический указатель материалов по истории Казахстана: Восточные источники, опубликованные до 1917 г. / Сост. Н. Сабитов. – Алма-Ата: Наука, 1947. – 40 с.

3. Гаффин А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети Internet.- М.: Артос, 2010 (Просто о сложном).

4.Гилстер П. Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 2009.- 735 с.

5.Соломенчук В. Интернет: краткий курс: Пособие для ускоренного обучения.- СПб.: Питер, 2009.- 288 с.: ил.

6. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 2010

7. Шөкіш А. Интернет – Америка барлаушылырының туындысы немесе ғаламдық ақпараттар туралы не білеміз?//Алтын орда.-2009.- ақпан.-Б.19



Қосымша:

1. Советтік Қазақстанның кітаптары. Ретроспективті жинақталған библиографиялық көрсеткіш. – І том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1962. - 444 б.

2 Советтік Қазақстанның кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш. - ІІ том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1961. – 358 б.


  1. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 180 б.

  1. Қазақ кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш (1807–1917). / Құрастыр.: С.С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина. – Алматы: Мектеп, 1986. – 38 б.


6. Дәріс сабақтарының мазмұны.

Дәріс № 1. Пәннің мақсат, міндеттері.

1. Жалпы кітапхана ісінің тарихына шолу, негізгі теориялық сипаттары.

2. Жалпы кітапханалық жүйені қалыптастырудың басты міндеттері, қызметтері мен әрекетттеріне қатысты жұмыстарды кеңейтудің негіздері.

Кітапнама (немесе Библиография) (көне грекше: бібліон – кітап және көне грекше: драпһо – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философия және эстетика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады.

Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен тығыз байланысты, әдеби және ғылыми сынмен салаласа дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымның жеке бір саласына айналды. Қазақстанда 1937 жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне (кітап, мерзімді баспасөз, т.б.), сыртқы белгілеріне (авторы, атауы, жарыққа шығу мерзімі мен орны), мазмұнына (тақырыптық, пәндік, жүйелік) қарай топтастырылды.

Дәріс № 2. Кітаптар басылымының тарихи-деректік құндылықтары

1.Кітап басылымдарымен жұмыс түрлері.

2. Қазақ библиографиясының дамуы.

Библиографияда баспа туындыларына библиография сипаттама берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже бойынша жасалады. Библиография сипаттамада автордың атыжөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажет жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған) сипаттама жасалады. Библиография атқаратын қызметіне қарай – ретроспективті (ағымды, өткенді шолу) және перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер), тақырыбына қарай – салалық, өлкетану, елтану, сын және жалпы әмбебап болып бөлінеді. Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері – библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін биобиблиография деген түрі де болады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты кітапханалық процестер де автоматтандырылған. Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін Интернетке қосылу библиография үшін үлкен жетістік болды. Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында техника баспа материалдары (микрофиштар, магниттік таспалар, дискеттер) пайдаланылады.

Қазақ библиографиясы, негізінен, қазақ баспасөзінің даму тарихымен тығыз байланысты. 1900 жылы Қазан қаласында Қазақстан туралы А.Е.Алекторовтың «Указатель книг, журнальных статей и заметок о киргизах» деген көрсеткіші, т.б. орыс ғалымдарының бірен-саран библиография көрсеткіштері жарық көрді. «Айқап» журналының (1911–15 жылдары) беттерінде жаңа шыққан кітаптар жөнінде хабарлама-деректер мен тізімдер жарияланып тұрды. [2]1926 жылы қазақтың қоғам қайраткері және бірінші библиографы Міржақып Дулатовтың 2 бөлімді «Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіші» шықты. 1937 жылы журнал мақалалары мен кітап жылнамалары, 1940 жылы кеңес дәуіріндегі Қазақстан мерзімді басылымдарының библиографиясы жасалынды. Соғыстан кейінгі жылдары республикада библиография ісі өркендеді. 1957 жылдан бастап арнаулы басылым – «Баспасөз шежіресін», 1971 жылы «Қазақ ССР кітаптарының жылнамасын» шығару ісі қолға алынды. Библиографиямен көптеген ғалымдар шұғылданды: тарихшы-ғалым Н.Сәбитовтың «Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші, 1862–1917 жылдары» (1948 жылы), Қазақ өлкетану библиографиясының бас библиографы Г.П.Царевтың «Что читать по животноводству» (1953 жылы), С.Ақашевтің «Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру» (1965 жылы), қазақ әдебиеті библиографы Ә.Қ.Нарымбетовтың 4 томдық «Қазақ әдебиеті» (1-том – 1970 жылы; 2, 3, 4-том – 1997 жылы) библиография көрсеткіштері, тіл білімі саласында Ш.Сарыбаевтың «Библиографический указатель литературы по тюркологии» (1989 жылы), авторлар ұжымы құрастырған «Библиография обществоведов Казахстана» жинағы, Қ.Б.Жарықбаевтың психология ғылымы бойынша көрсеткіштері, Ү.Сұбханбердинаның «Дала уәлаяты» газеті (1996 жылы), «Қазақ, Алаш, Сарыарқа» (1993 жылы) атты мазмұндамалық көрсеткіштері, Орталық ғылыми кітапхананың жаратылыстану ғылымдары бойынша салалық көрсеткіштері, Э.И.Иванчикованың «Мангышлак», Г.А.Демешеваның «Животный мир Казахстана. (1960–1970)» (1997 жылы), т.б. кітаптар жарыққа шықты.
Дәріс № 3 Қазақстандық жалпы кітаптану тарихының алғашқы кезеңдері.


    1. Негізгі міндеттері.

    2. Библиографиялық қызметті ұйымдастыру.

Кітапханатанудағы анықтамалық- библиографиялық мәліметтерді талдай білу.

Негізгі бағыттары:

- Қазақстанның тарихы, әдебиеті, мәдениеті жайында іргелі библиографияны қалыптастыру;

- Қазақстанның қоғамдық ғылымдарының, мәдениетінің, әдебиетінің, өнер және тіл ғылымының үздіксіз ағымдағы ақпараттарын қалыптастыру;

-Есімдердің авторитеттік/нормативтік файлдар жазбаларының ұлттық дерекқорын қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

- ретроспективтік ғылыми-көмекші библиографиялық құралдарды дайындап шығару;

- ұсыныстық библиографиялық құралдарды құрастыру («Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндерінің күнтізбесі», «Қазақстан қайраткерлерінің биобиблиографиясы»);

- ағымдағы ғылыми-ақпараттық библиографиялық құралдар - реферативтік журналдар дайындап шығару;

- оқырмандар сұранысы бойынша Қазақстан туралы күрделі жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау;

- «Қазақстантану» атты бас (қызметтік) библиографиялық картотекасын ретроконверсиялау (қазақ, орыс тілдерінде);

- Есімдердің ұлттық авторитеттік файлдар жазбаларын қалыптастыру үшін авторитеттік/нормативтік файлдарды ұйымдастыру, жүргізу және редакциялау.

Құрылымы:

- ретроспективтік библиография тобы;

- ұсыныстық библиография тобы;

- авторитеттік файлдарды қалыптастыру тобы.

Кітап берілімі мен басылым түрлері олардың мазмұнына қарай жүргізіледі.

Кітап берілімінің жалпы санына оқырмандардың талаптары бойынша әзірленген көшірмелер де енеді.

Бір күн ішіндегі кітап берілімінің жалпы қорытындысы жұмыс күнделігіне түсіріледі. Ай, тоқсан, жыл ішіндегі беру туралы деректер жинақталады. Кітап берілімінің жалпы есебі кітапхананың әрбір есеп құжаттарында, кітапхананың жұмыс күнделігінде немесе статистикалық есеп журналында ескерілген даналар санын жинақтаумен жүргізіледі.

Кинофотофоноқұжаттар беру, сақтау мен атаулардың берілген бірлігінің саны бойынша есептеледі:

) кинофильмдер- берілген бобиналар саны;

2) диафильмдер- берілген орамалар саны;3) магнитті көздер-берілген катушкалар, кассеталар саны;

4) күйтабақтар- берілген дискілер саны;

6) электронды көздер-магнитті дискілер, СD-ROM дискілер онда жазылған құжаттар даналары, аудио және бейнекассеталар, дискеттер т.т саны бойынша есептеледі.

Оқырмандар, келушілер, басылымдар, кітап берілімінің есебі, күн сайын оқырмандарға қызмет көрсету барысында, жұмыс күнінің соңында оқырман формулярын санау жолымен немесе автоматтандыру мен механикаландыру құралдарымен жүзеге асырылады. Жұмыс қортындыларының сандық көрсеткіштері жұмыс күні біткесін кітапхананың жұмыс күнделігіне түсіріледі.

Кітапхана қызметін пайдаланушы оқырмандардың негізгі топтарын білмейінше, библиографиялық қызметті тиісті деңгейде ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтан оқырмандарды реалды және потенциалды библиографиялық ақпарат пайдаланушылар ретінде классификациялау қажеттілігі туындайды. Библиографиялық көзқарас тұрғысынан алғанда оқырмандардың кәсіптік қызмет сферасы, олардың лауазымдық мәртебесі негізінде дифференциациялау әдісі қызығушылық туғызады. Пайдаланушыларды дифференциациялау құжаттар мен ақпараттық қызмет құралдарын оқырмандарға дәл бағыттау үшін қажет. Мысалы, әлеуметтік ғылым саласы пайдаланушыларының негізгі топтарына: оқытушылар, аспиранттар, жоғары және орта оқу орындарының студенттері жатады. Одан арғы дифференциациялау әртүрлі белгілеріне: саласына, мамандығына, біліміне, мекеме бағдарына байланысты жүзеге асырылады.

Салалық библиографияда ақпарат пайдаланушыларының негізгі екі тобы ерекшеленеді:

- кәсіптік

- кәсіптік емес.

Әлеуметтік ғылым саласындағы кәсіптік библиографиялық қажеттіліктер дәстүрлі ақпарат көздерінің көмегімен қанағаттандырылады – ағымдағы және ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық құралдар, сондай-ақ библиографиялық деректер базасының көмегімен, бастапқы ақпарат көздерімен. Кәсіптік емес библиографиялық қажеттіліктер – бұл оқырмандардың күнделікті қызығушылығынан туған ақпараттық қажеттіліктері. Азаматтардың кең топтарына арналған ақпарат көздеріне мерзімдік басылымдар: журналадар мен газеттер жатады.

Кез келген мамандардың ақпараттық қажеттілігі өзінің құрылымы жағынан күрделі болып келеді және бастапқы құжаттар туралы мәліметтерге, библиографиялық ақпаратқа, сондай-ақ фактографиялық және концептографиялық ақпаратқа деген талаптарымен ерекшеленеді.

(Е. В. Иеништің «Библиографический поиск в научной работе» (1982г.) және Г. Б. Паршукованың «Методика поиска профессиональной информации» (2006г.) кітаптары, ПМУ білім порталындағы «Библиографическое пособие в научной деятельности» мақаласы).

Библиографиялық-ақпаратық қызмет түрлері

Кезінде кітапханалық-ақпараттық қызметкерлер тарапынан бір де бірі ақпараттық қажеттіліктерді зерттеу мәселесіне көңіл аударылмады.

А. И. Черный ақпараттық қажеттілікті келесі жолмен анықтады:

ақпараттық қажеттілік – бұл «белгілі бір мақсатқа жетуге арналған ақпарат». Оны қанағаттандыру үшін кітапханалар мен мұрағаттар, ал кейінгі кезде – күрделі ақпараттық жүйелер жасалды. Көптеген зерттеушілер айтқандай, пайдаланушылардың қажеттіліктері өздерін ақпаратпен қамтамасыз ететін мамандардың қызмет көрсету түрін анықтайды.

Кез келген деңгейдегі кітапханалар ақпараттық, ғылыми, мәдени және білім мекемелерінің функцияларын атқарады. Олар пайдаланушыларға қажетті үлкен кітапханалық-ақпараттық ресурстар жинақтап, оларды насихаттау мен ақпараттандырудың әдістері мен амалдарының арсеналына ие.

Ақпараттық қажеттіліктерді құжаттық, библиографиялық, фактографиялық деп бөлуге болады.

Құжаттық ақпараттық қажеттілік –бұл құжаттарға деген қажеттілік.

Библиографиялық қажеттілік - бұл құжаттар туралы мәліметтерге деген қажеттілік.

Фактографиялық – бұл фактілік мәліметтерге деген қажеттілік.

Осы ақпараттық қажеттіліктердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысу арқылы әлеуметтік ғылымдар бойынша ақпараттық қажеттіліктерді өтеу барысында ақпарат көздерінің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Библиографиялық ақпараттандыру – қызмет көрсетудің ең күрделілерінің бірі. Оның негізін оқырмандар сұранысына сәйкес ақпаратпен қамтамасыз ету құрайды.

Бұқаралық библиографиялық ақпараттандыру

Бұқаралық библиографиялық ақпараттандыру оқырмандар мен ұжымдарды жаңадан түскен әдебиеттер туралы мәліметтермен таныстыруға бағытталады.

Бұқаралық библиографиялық ақпараттандырудың кең таралған түріне кітапханаға жаңадан түскен әдебиеттер туралы мәліметтеремен ресімделген ақпараттық бюллетень шығару жатады.

Бюллетеньдерге қойылатын негізгі талаптардың бірі – жеделдік және ақпараттық интервалдың аз болуында (әдебиеттің кітапханаға келіп түскен уақытынан бастап кезекті бюллетеньге енгізілу мерзімі). Ең тиімді нұсқа – айсайын шығарылатын бюллетеньді бір жарым айдан кешіктірмеу.

Бюллетень шығаруға мүмкіндігі жоқ кішігірім кітапханаларда жаңадан түскен әдебиеттер тізімін жасап, ережеге сәйкес кітап беру үстелінің жанына іліп қойылады.

Оқырмандарды жаңадан түскен әдебиеттермен таныстырудың тиімді жолдарына мамандар күні, ақпараттандыру күндері, көрмелер жатады. Олардың артықшылығы оқырмандардың кітапханаға түскен әдебиеттермен тікелей таныса алуында. Бұл шаралардың қаншалықты қажеттілігін сауалнама жүргізу арқылы анықтауға болады.

Дәстүрлі манмандандырылған қарым-қатынастан өзге, бүгінгі күні жаңа ақпараттық технологияларға негізделген заманауи нұсқалар белсенді түрде қолданылады:

- электрондық журналдар – жылдам жариялануымен, жеделдігімен және қолайлығымен

ерекшеленетін (Интернетке шығу мүмкіндігі болғанда);

- электронды басылымдардың мұрағаты – қандай да бір себептермен баспа басылымдарына енбей қалған баяндамалар мен материалдардың толық мәтіндері;

- интернет-конференциялар – негізгі ерекшелігі қашықтан қатынасу мүмкіндігі болуында, ақпаратпен танысуға мүмкіндік алушылар санының шексіздігінде;

- Интернет жүйесіндегі кәсіби форумдар мамандардың көкейкесті мәселелерді талқылап, консультация алуларына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде жалпыбілім және актуалды тақырыптарға арналған көптеген Интернет-ресурстар жұмыс атқарады. Олармен және оларға ұқсас ресурстармен танысу, оқырмандар үшін ақпарат ұйымдастыру барысында кітапханаларға көп көмек көрсетеді.

ХХ ғасыр соңы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен айқындалып, ақпаратқа қол жеткізу жолындағы географиялық, ведомстволық және басқа да бөгеттерді азайтуға көмектесті. Ақпараттық қызмет қоғамдық ақпараттық ресурстар жиынтығын пайдалануға бағытталатын болды. Бұл ресурстардың навигациялық құралдары ретінде жеке кітапханалардың және кітапханалық консорциумдардың электрондық каталогтары алынды. Кітапханааралық абонемент құжаттарды электрондық табыс етумен алмастырылды.


Дәріс № 4. Қазіргі кітаптану мәселелері

  1. Оқырмандарды ақпаратпен хабардар ету түрлері.

  2. Қолжазбалар қорымен жұмыс.

Кітапхана құрылымында жетекші орын алатын, қызмет көрсету барысында маңызды рөл атқаратын, оқырмандарды ақпаратпен хабардар ететін – библиография саласы.

Библиография – жалпы адамзатқа, қоғам мүшелеріне, білім берудің барлық тармағын қамтып зерттейтін, баспа шығармаларын тіркеп әрі насихаттап отыратын іс-тәжірибелік қызмет саласының бірегей тармағы болып табылады.

Ғылыми кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету барысында кітапхана бөлімдерінің бір саласы – ақпараттық-библиография бөлімі қызметінің атқаратын істері өте ауқымды. барлық оқырмандарға ақпараттық сұраныстарына сәйкес анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету.

Библиографиялық анықтамалар орындау.

КАБИС бағдарламасында мақалалар деректер базасын құру.

Библиографиялық көрсеткіштер құрастыру, ақпараттық тізімдер әзірлеу.

Оқырмандарға библиографиялық кеңестер беру және кітапхана қорын насихаттау.

Бөлімнің басты функциялары:

Оқырмандарға қызмет көрсету.

Күнделікті мерзімді басылымдардағы мақалалармен танысып, сараптап оқу процесі сұранысына қажет қазақ, орыс және шет тілдеріндегі шығып жатқан тақырыптық және ЕҰУ-дың ғалымдары мен оқытушы-профессор құрамының мақалалары мен өзекті мәліметтерді дер кезінде КАБИС бағдарламасына еңгізу және электрондық каталогтағы мерзімді басылымдар картотекасын ұйымдастыру.

- РМЭБ – http://www.rmeb.kz/,
- ҚазҰЭК – /http://www.kazneb.kz;
- Ресей мемлекеттік кітапханасы Электронды диссертациялық кітапхана – http://diss.rsl.ru/;
- ЭБС «КнигаФонд» – /http://www.knigafund.ru/ т.б. туралы кеңестер дер кезінде беріліп отырады.
ЕҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамына, студенттер мен қызметкерлеріне библиографиялық анықтамалық және библиографиялық хабарлар дайындалады, библиографиялық және биобиблиографиялық көрсеткіштер құрастырылады, тақырыптық-библиографиялық тізімдер әзірленеді, оқырмандарға оқу мәдениеті мен кітапхана-библиография білімін насихаттау жұмыстары жүргізіледі, оқырмандарды бөлімнің атқаратын жұмыстарымен таныстырады. Бөлім жұмыстары мен жаңалықтар, жаңа басылымдар туралы кітапхана веб-сайтына материалдар беріп отырады.

Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған алғашқы күндерден-ақ кітапхана қызметі мен тыныс-тіршілігіне көптеген өзгерістер енді. Оған «Ұлттық кітапхана» мәртебесі берілді, халықаралық деңгейде таныла бастады. Бүгінгі таңда рухани ошақ көпте­ген халықаралық кітапханалық қоғамдастықтардың мүшесі, соның ішінде кітапханалық ассоциациялар мен мекемелердің халықаралық федерациясына (ИФЛА), Ұлттық кітапханалар директорларының конференциясына (CDNL) және «Еуразияның кітапханалық ассамблеясы» коммерциялық емес серіктестігіне (БАЕ) мүшелікке енсе, 2008 жылдан бастап ИФЛА/РАС (Сақтау және консервация) негізгі бағдарламасының аймақтық орталығы болып отыр.



Дәріс № 5 Кітапхана ресурстарын толықтыру

1.Жаңа қоғам: жаңа қақпараттық ресурстар.

2. Кітапханатанудағы жаңа сандық технологиялар.

«Қазақстан: өткені мен бүгіні» библиографиялық дерекқоры жасақталып, оған күнделікті кітапханаға келіп түскен мерзімді басылымдардағы Қазақ­станға қатысты барлық ақпараттар енгізіліп отырады. Дерекқор негізінде «Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер» атты ағымдағы библиографиялық көрсеткіш орыс, қазақ тілдерінде шығарылады. Дерекқорға деген оқырмандар сұранысы жоғары.

Дерекқор және кітапхананың электронды каталогы негізінде Елбасының тәуелсіз мемлекет құру жолындағы еңбегі туралы толық библиография қалыптастыры­лып, Президенттің өмірі мен саяси қызметін көрсететін қазақ, орыс және шетел тіл­деріндегі 16 000 библиографиялық жазбаны қамтыған «Н.Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты екі томдық іргелі ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш басылып шықты.

Соңғы жылдары кітапханада электронды кітапхананы қалыптастырудың озық іс-тәжірибесі жинақталып, ақпараттарды сандық түрге көшіру арқылы құжаттардың жаңа түрлерін, сонымен қатар, құжаттарды сақтаудың, тасымалдаудың жаңа формасын жасау мүмкіндігі туды.

Бүгінгі таңда кітапханаға келуші оқырмандармен қатар, виртуалды оқырмандар қа­тары 3-4 есеге артып отыр. Осыған орай кітапхана қызметіне жоғарғы технологиялар мен автоматтандыруды енгізудің басты бағыттарының бірі ретінде құжаттарды сандық түрге көшіру жұмыстары басталды және бұл үдеріс қор сақталымын қамтамасыз ету және оны жетілдіру, қорға қолжетімділікті кеңейту, жалғыз дана басылымдарға деген оқырмандар сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Толық мәтінді қор жасақтаудың алғашқы тәжірибесі ретінде авторлық баспа басылымдарының электронды көшірмелерін және мультимедиялық альбомдар дайындау істері атқарылуда. Алғашқы өнімдер ретінде «Қазақстанның музыкалық мұрасы» және «Хроника Казахстана в казахских газетах с 1913 по 1932 гг. (арабской графикой)» СD-ROM- дарын атап кетуге болады.

Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды сандық түрге көшіру мақсатында «Қазақстанның жазба мұрасы» атты бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2004 жылы Ұлттық кітапхана мен IBM Global Services корпорациясының сандық электронды мұрағат жасау мақсатын көздеген бірлескен жоба аясында «Құс жолы» қайырым­дылық қорының (Казкоммерцбанк) демеушілігімен «Zeutschell» неміс компания­сының үлкен форматты сканері алынды және бейнелеу студиясы ашылды. Осы студия көмегімен қолжазбалар қорынан Ясауидің «Рисаласы», Әбілғазының «Хандар шежіресі», Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыры», XII ғасыр Құраны, «Қазақ кітабы» басылымдарының топтамасынан А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәли­ханов, Ж.Аймауытов, Б.Майлиннің шығармалары, алғашқы қазақ мерзімді басылымдарынан «Айқап», «Садақ», «Таң» журналдары, араб графикасында 1913-1918 жылдары жарық көрген «Қазақ» газеті, 1923-1932 жылдардағы «Еңбекші қазақ» және 1932-1936 жылдардағы «Социалды Қазақстан» топтамасы сандық түрге көшірілді және бұл тізімді жалғастырып тізе беруге болады.

Кітапхана оқырмандарының интернет желісі, әртүрлі тасымалдағыштардағы ақпа­раттар, дерекқорларға, соның ішінде халықаралық EastView («Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі басылымдар»), ағылшын тіліндегі EBSCOhost (жетекші ақпарат берушілерден лицензияланған толық мәтінді, көпшілікке арналған деректер базасының сан алуан түрі болып табылатын ағылшын тіліндегі интерактивті ақпараттық-библиографиялық жүйе) дерекқорларына, толық мәтінді құқықтық және нормативтік құжаттардың «Параграф», «Эталон» дерекқорларын пайдалану үшін және олардың электронды нұсқасына әр адамның оңай қол жеткізуіне мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, құжаттарды электронды түрде жеткізу және мемлекеттік қызметкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету қызметтері жүзеге асырылады.
Дәріс № 6 Кітапнама – баспа өнімдерінің ғылыми-практикалық қызметінің бір саласы.


  1. Кітапханадағы ғылыми жұмыстар.

  2. Оқырмандарға қызмет көрсету.

Кітапхана- ғасырдан – ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей алып келе жатқан шырағы, биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы болса, кітап баға жетпес байлық. Осы рухани қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің алдына қойған мақсаты:

Еліміздің рухани байлығының сақталуы және сол байлықты әр оқырманға жеткізу, уақыт талаптарына сай жұмыс жүргізу;

Қазіргі заманға сай қызмет көрсетуде ақпараттық ресурстарды жүйелі түрде пайдаланып, оқырманның сұранысын қанағаттандыру.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің міндеттері:

кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамассыз ету;

сапалы кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсету;

жаңаақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;

республикалық және халықаралық кітапханалық – ақпараттық ғылыми жобаларға қатысу.

Қызмет көрсету бөлімі қордың мүмкіндігін көрсету жолында әр түрлі ақпараттық жұмыстарды тұрақты өткізіп келеді және осы мақсатта төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастырып отырады:

Әр түрлі ресми мерекелерге арналған кітап көрмелері

Көрме-шолулар

Жаңа кітаптардың тұсаукесерлері

Танымал тұлғалармен кездесу

Атаулы күндерге арналған көпшілік іс-шаралар

1. Жалпы ережелер

1.1. Кітапхананы пайдалану ережесі ҚР Конституциясы, «ҚР Мәдениет туралы» заңы, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы кітапхана мекемелерінің қызметі туралы Ереже» (2002 ж. 8.05. №118 бұйрық) негізінде әзірленді.

1.2. Кітапхана кітап қорындағы кітаптарды, қолжазбаларды, аудио-бейнежазбаларды және басқа басылымдарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастырушы мәдени, ғылыми-ақпараттық мекеме болып табылады.

1.3. Кітапхана өзінің қорын пайдалануды, сақтауды, толық және тиімді жинақтауды қамтамасыз ете алады, мүмкіндігіне қарай, қоғамның экономикалық, саяси-әлеуметтік және рухани өркендеуіне көмек береді, қоғам мүшелерін ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды.

1.4. Кітапхана қоры - Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана қорының негізгі бөлігі және мемлекеттің меншігі болып табылады.

1.5 Кітапхана қызметін пайдалану мекеме, кәсіпорын, ұйым және 16 жастан асқан әрбір азаматтарға тиесілі.

1.6 Кітапхана қызметін пайдалану - ақысыз. Қызметтің кейбір түрлері мен оның төлем мөлшері «Республикалық бюджеті туралы» ҚР Заңдары, ҚР Бюджет кодексі негізінде құрылған облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың «Ақылы қызмет көрсету туралы ережесінің» белгіленген тәртібімен анықталады.

2. Кітапхананы тұтынушылардың міндеттері мен құқығы

2.1 Тұтынушылар құқығы:

- Кітапхананы тұрғылықты жеріңізде, оқуда және жұмыс орныңызда да өз еркіңізбен пайдалануға құқылысыз;

- Кітапхананың оқу залы мен Интернет арқылы көрсетілетін ақпараттық көмекті қолданумен, баспа туындыларын уақытша пайдалану, сондай-ақ, басқа кітапханалардан кітапханааралық абонемент бойынша пайдалану

(тұтынушы есебінен);

- Кітапханада көрсетілетін анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету мен басқа да ақысыз қызмет түрлерін пайдалану;

- Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу:

2.2 Кітапханаға жазылу тәртібі:

- Тұтынушы кітапханаға жазылу үшін төлқұжат немесе жеке куәлігін, және мекен-жайын куәландыратын құжатын беру қажет, ол болмаған жағдайда жұмыс не оқу орнынан, не тұрғылықты жерінен анықтама құжатты ұсынады, одан бөлек тіркеу карточкасын толтыруға қажетті өзге де өзі жайлы мәлімет беруіне болады.

- Оқырмандарға бөгде тұлғаға беруге тыйым салынған оқырман билеті бойынша қызмет көрсетіледі.

- Билетті жоғалтқан жағдайда, оның құнын төлеу арқылы қайта алынады.

- Жергілікті тіркеуде жоқ азаматтар тек қана оқу залында жұмыс істейді.

- Кітапханаға жазылар алдын оқырман, кітапхана ережесімен танысып, оларды орындайтындығын оқырман формулярына қол қою арқылы растайды.

2.3 Тұтынушылар міндетті:

- Кітапхана қорынан алынған баспасөз өнімдері мен басқа да құжаттарды ұқыпты ұстау, оларға ешқандай белгі түсірмеу, оның беттерін кеспеу әрі майыстырмау, оны кітапханадан алып шықпау;

- Ақпаратқа еркін кіруге мүмкіндік жасалған бөлімдердегі қорлардың орнын бұзбау, каталог пен картотекадағы карточканы алмау;

- Кітапханаға кіргенде сырт киімі мен сөмкесін киімілгішке тапсыруға, бағалы заттары мен ақшасын қалдырмауға, ұялы телефонын өшіріп қоюға міндетті;

- Кітапты пайдаланар алдында мұқият қарап алуға, жыртылған не бүлінген жерін байқаса, дер кезінде кітапханашыға көрсетуге, керісінше жағдайда өз мойнына алуға;

- Кітапханаға кіргенде, деректерді алғанда және кітапхана қызметін талап еткенде оқырман билетін көрсетуге, егер оқырман билетін жоғалтып алған болса, кітапхана қызметкеріне айтуға;

- Кітапхана қорынан алынған кітаптарды ұқыпты ұстауға, олардың сақталуын қамтамасыз етуге;

- Кітапхананың жиһаз- мүліктеріне, компьютер техникасына мұқият қарауға;

2.4.Оқырмандарға рұқсат етілмейді:

- Кітапханаға сырт киіммен, қолшатырмен, портфельмен, іші көрінбейтін пакеттермен және үлкен сумкалармен, азық-түлікпен, фотоаппаратпен, магнитафонмен т.б. кіруге;

- Деректерді және басқа материалдарды — суреттер, микрофильмдер, микроафишалар, аудио-бейне кассеталар, үнтаспалар, СD-RОМ-дар және т.б. кітапханаға алып кіруге;

- Каталог пен картотекада карточкаларды суырып алуға, оларға белгі салуға және ашық кітап көрмелеріндегі кітаптардың орналасу тәртібін бұзуға

- Кітапхана ішінде шылым шегуге, дауыстап сөйлеуге, күлуге және т.б.

2.5. Оқырмандар жауапты:

- Кітап қорына зиян келтірген азаматтар ҚР «ҚР Мәдениет туралы» заңына және осы Ережеге сәйкес кітапхана алдында жауап береді.

- Оқырман тарапынан кітапхана қорындағы баспа шығармаларына зиян келтірілсе немесе жоғалса, сол немесе ұқсас басылыммен ауыстырады, ауыстыра алмаса, кітапхана белгілеген баға бойынша, он есе нарық құны мөлшерін төлейді.

- Егер оқырман тарапынан кітапхана Ережесі сақталмаса, онда кітапхана қызметін пайдалану құқынан айырылады:

3. Кітапхана міндеті:

- Оқырмандарға кітапхана қызметін пайдалануға ыңғайлы жағдай жасауға.

- Толық мазмұн бойынша және уақытылы мерзімді оқырман сұранысын қанағаттандыруға.

- Кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызметін жаңартып тұру.

- Оқырмандарға жоғары мәдени қызмет көрсетумен керекті іс-деректерді таңдауға көмек көрсету, олардың каталог, картотека, анықтама-библиографиялық және ақпараттық материалдарды пайдалануға беру, кітап көрмелерін жаңа әдебиеттерді қарайтын көрмелерді және басқа шараларды ұйымдастыру жолын табу;

- Оқырман сұраған деректер жоқ болса, кітаптар аралық абонементпен сұраныс жасау.

- Оқырмандарға берілген басылымдарды уақытылы кітапханаға қайтаруды бақылау.

- Сұранысы жоғары басылымдарды пайдалануға беру мерзімін қысқарту.

- Бұрын берілген мерзімі аяқталған басылымдарды алған соң ғана келесі басқа басылымдарды үйге беруге болады.

- Оқырмандарға басылымның пайдалану мерзімі аяқталған он күннің ішінде қайтаруын немесе мерзімін ұзартуын еске түсіру. Егер осы айтылған мерзім ішінде басылым қайтарылмаса, оқырманға талап ету хатын жіберу немесе телефон арқылы ескерту

- Оқырман және абонементтің келісімімен жасалған басылымдардың он есе құны төлемі кітапхана кассасына салынады. Алынған соммаға кіріс ордері жазылып, оқырманға квитанция беріледі.

- Кітапхана қорына келтірілген зияны үшін төленген ақшалай қаражат кітапхана қорып толтықтыруға, басылымдарды түптеуге және т.б. сақтауға қамтамасыз ету шараларына жұмсалады.

- Кітапхана оқу орындары, мектеп, жекеленген мекеме мен ұйымдармен кітапханалық қызмет көрсету бойынша келісім шарт жасайды және алдын ала берілген мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының тапсырысы бойынша топтық экскурсия өткізеді.
Дәріс № 7 Кітаптанудағы негізгі құрылым мен мазмұндық ерекшеліктер

1.Библиографиялық сипаттауды құрастыру

2. Библиографиялық сипаттаудың элементі

3. Библиографиялық ақпарат пайдаланушылар

Кітапхана қызметін пайдаланушы оқырмандардың негізгі топтарын білмейінше, библиографиялық қызметті тиісті деңгейде ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтан оқырмандарды реалды және потенциалды библиографиялық ақпарат пайдаланушылар ретінде классификациялау қажеттілігі туындайды. Библиографиялық көзқарас тұрғысынан алғанда оқырмандардың кәсіптік қызмет сферасы, олардың лауазымдық мәртебесі негізінде дифференциациялау әдісі қызығушылық туғызады. Пайдаланушыларды дифференциациялау құжаттар мен ақпараттық қызмет құралдарын оқырмандарға дәл бағыттау үшін қажет. Мысалы, әлеуметтік ғылым саласы пайдаланушыларының негізгі топтарына: оқытушылар, аспиранттар, жоғары және орта оқу орындарының студенттері жатады. Одан арғы дифференциациялау әртүрлі белгілеріне: саласына, мамандығына, біліміне, мекеме бағдарына байланысты жүзеге асырылады.

Салалық библиографияда ақпарат пайдаланушыларының негізгі екі тобы ерекшеленеді:

- кәсіптік

- кәсіптік емес.

Әлеуметтік ғылым саласындағы кәсіптік библиографиялық қажеттіліктер дәстүрлі ақпарат көздерінің көмегімен қанағаттандырылады – ағымдағы және ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық құралдар, сондай-ақ библиографиялық деректер базасының көмегімен, бастапқы ақпарат көздерімен. Кәсіптік емес библиографиялық қажеттіліктер – бұл оқырмандардың күнделікті қызығушылығынан туған ақпараттық қажеттіліктері. Азаматтардың кең топтарына арналған ақпарат көздеріне мерзімдік басылымдар: журналадар мен газеттер жатады.

Кез келген мамандардың ақпараттық қажеттілігі өзінің құрылымы жағынан күрделі болып келеді және бастапқы құжаттар туралы мәліметтерге, библиографиялық ақпаратқа, сондай-ақ фактографиялық және концептографиялық ақпаратқа деген талаптарымен ерекшеленеді.


Дәріс № 8 Қазіргі кітапханатанудағы жаңа технологиялық қызметтер

  1. Үздіксіз ізденіс нәтижелері және кітапханатанудағы өзгерістер.

  2. Жаңа технологиялардың басты сипаттары.

Кітап қорын толықтыру барысында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Мұны толықтыру күнделікті тынымсыз және үздіксіз ізденімпаздықты қажет ететін өте күрделі және өзекті үдерістердің бірі. Бір айта кететін жәйт, мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында кітап қорын толықтырудың мүмкіндігі мол болды. Мысалы, мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың ұлттық стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жобалардың бірі – «Мәдени мұра» бағдарламасының орны бөлек. 2005-2007 жылдары жоба аясында ұйым­дастырылған Батыс Еуропа елдерінің кітапханалары мен мұрағаттарынан жазбаша деректерді анықтау мен көшірмелерін жасау жөніндегі ғылыми-іздестіру жұмыстарына кітапхана мамандары қатысып, мыңнан астам материалдарды іріктеп әкелді.

«Әлеуметтік маңызды әдебиеттер түрлерін басып шығару» бағдарламасы кітап­хана қорын толықтырудың жаңа жүйесін қалыптастырудағы негізгі жоба болып отыр.

Мемлекеттік тілді көпшілікке тарату міндеттерін шешуге бағытталған «Тілдерді қолдану мен дамытудың» мемлекеттік бағдарламасы аясында ғылым салалары бойынша 5 000 данадан астам терминологиялық, түсіндірме сөздіктер, оқулықтар, электронды басылымдар алынды.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының демеу­шілігімен қазақ әдебиетінің асыл мұралары ретінде жарық көрген шығармалар, 2000-2003 жылдары ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан кітапханаларының қорын Ресейдің ең ірі баспаларынан жарық көрген әртүрлі саладағы басылымдармен толықтыруға мүмкіндік ашқан «Пушкин кітапханасы» мегажобасы, АҚШ-тың «Еуразия қоры» гранты арқылы Америка мен Шығыс Еуропа елдерінің баспаларынан жарық көрген ағылшын тіліндегі «Экономикалық және құқықтық әдебиеттерді сатып алу» жобасы бар.

Кітапхана әртүрлі халықаралық жобаларға: «Жапон қорының кітапханаларды қол­дау» бағдарламасы, «Корея туралы» , АҚШ-тың «Журналдарды сыйлау», Қытай ұлттық кітапханасымен бірлескен «Қытайға жол», Ресей ұлттық кітапханасымен «Қазақстан құжаттарының мұрасы Ресей Ұлттық кітапханасының қорында» жобаларына қатысу арқылы, «Дүниежүзілік банк» пен «Азия Даму Банкі», «Сорос Қоры», ЮНЕСКО, Гете институты, АҚШ-тың Конгресс кітапханасы, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Украина, Түркия, Вьетнам, Иран, Корея, Германия, Жапония, Чехия, Қытай, Франция, Польша және т.б. мемлекеттерден тұрақты серіктестер тапты.

Кітапханада елімізде шығатын баспа өнімдерінің міндетті данасының мемлекеттік депозитарийі ретінде ұлттық библиографияны дамыту бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Ұлттық библиография, біріншіден, елдің экономикасы, ғылымы мен мәдениетінің даму көрсеткіші болса, екінші жағынан, кітапханалардың ақпараттық қызметінің және оны тұтынушылардың тәжірибелік құралы болып табылады. Тәуелсіздік жылдары қоғамдық өмірдің барлық салаларында, ғылым мен мәдениетте әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сонымен қатар, кітапханалық-библиографиялық қызметте де түбегейлі бетбұрыстар болды. Бүгінгі таңда ұлттық библиография мәселесінің өзектілігі еліміздің ұлттық өркендеуімен, ұлт тарихына деген қызығушылықтың күшеюімен, бүгінгі күн үшін де, болашақ үшін де орасан мәні бар кітап және басқа да құжаттардың, тарих пен мәдениеттің құнды ескерткіштерінің маңыздылығы сияқты үдерістермен байланыстырылады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бірінші кезекте халық жадынан сызылып тас­талған қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері мен тарихи қайраткерлерінің есімдерін, еліміздің дамуының барлық бағыттары бойынша өлкетану әдебиетін кеңінен насихаттауға ұмтылыс жасалды. Кешегі сталиндік зор­лық-зомбылықтың құрбаны болған қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттермен таныстыру және насихаттау мақсатында «Қайта оралған қаламгерлер», «Қазақ әдебиетінің классиктері», «Қайта оралған есімдер» атты ретроспективті библиогра­фиялық көрсеткіштер сериясы шығарылды. Қазақстан тарихнамасында өзіндік маңыздылығымен ерекше «Алаш» тақырыбы, сонымен қатар, ЮНЕСКО шеңбе­рінде аталып өткен даталар назардан тыс қалған жоқ.


Дәріс № 9 Қазіргі дерек қорлармен жұмыс

  1. Дерек қорлармен жұмыс көлемі.

  2. Тәуелсіздік және дерекке жаңа көзқарас.

Кітапхана Автор – баспагер – кітапхана – оқырман арасын жалғастырушы алтын көпір десек, ол өз қызметінде еліміздің саяси-мәдени өміріндегі оқиғаларға, даталарға байланысты Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасына, әлемдік мәдениетке оқырмандардың қолжетімділік еркіндігін кеңейту, оларды танымдық оқуға тарту, кітапхана қорын кеңінен ашып көрсету, кітапхананың тартымды бейнесін жасауға ықпал ету мақсатында шығармашылық топтармен, бірлестіктермен, ғылыми, мәдени мекемелермен, өнер ұжымдарымен, баспалармен, Қазақстандағы өзге мемлекеттердің өкілдіктерімен және басқа да серіктестермен бірлескен кешенді әртүрлі көпшілік шараларды жоспарлы түрде жүргізеді.

2010 жылы «Еуропаға жол – Өркениетке жол» кітап көрмесі Еуропаның жаңа техника мен технология саласындағы ақпараттық ресурстары, медицинадағы жетістіктер мен зияткерлік мұрасы арқылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ және Еуроодақ елдерімен ынтымақтасу шежіресімен танысуға мүмкіндік жасаса, «Н.Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты кітап көрмесі Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің даму тарихын Елбасының сындарлы саясатымен жан-жақты ұштастыра баяндады.

Кітапханалық шаралар кешені Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен жүргізіліп келді. Өткен жылы күзде осы аттас көрме және Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына арналған көрме Санкт-Петербург қаласының жұртшы­лығына да кеңінен таныстырылды.

Мұндай шаралар қатары өте көп және бұл үрдіс кітапхананың күнделікті қалыпты тыныс-тіршілігі десек болады.

Елбасының Жарлығымен бекітілген «Қазақстанның үдемелі индустриялық-иннова­циялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» стратегиялық басымдықтары мен мақсаттарын негізге ала отырып, еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуге бағытталған «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуын кітапханалық ақпаратпен қамтамасыз етудің 2012-2014 жылдарға арнал­ған бағдарламасының» жобасы дайындалып, министрлікке ұсынылғанын да сөз орайында айта кетсек, оның еш артықтығы жоқ деп білеміз.

Әрине, Ұлттық кітапхана қорларын кітапханадан тыс пайдаланушыларға қол­жетімділікті қамтамасыз етуші негізгі құрал интернет желісіндегі www.nlrk.kz Ұлттық кітапхана порталы болып табылады.


Дәріс № 10 Қазақстандық кітапханатанудың шетелдермен байланысы

  1. Жаңа байланыс жолдары.

  2. Шетел іс-тәжірибелерін пайдалану.

Алғашқы жылжымалы кітапхана 1905 ж. АҚШ пайда болды. 1920 ж. Германияда алғашқы библиотрамвай жүре бастады. Норвегияда катер негізінде жылжымалы кітапхана құрастырды. Венесуэла мен Кения сияқты Африка мен Латын Америкасының кейбір елдерінде, шалғайдағы елді мекендерге кітаптарды әдеттегі көлік саналатын, есектер мен түйелер сияқты жүк артылатын малдар жеткізеді.

Ресейлік іс-тәжірибе.

Алғашқы ресейлік жылжымалы кітапхана 2003 жылы Волгоград облысы Әкімдігі мен «Пушкин кітапханасы» Қорының бірлескен жобасы нәтижесінде пайда болды. Жылжымалы кітапхана ретінде автобус қайта жабдықталып, балар кітапханасына тапсырылды. Оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау «Волгоград библиобусының» басты міндеті болып табылады. 2006 жылы Москвада Москваның Батыс жағына қызмет көрсететін «Мобильді кітап» атты екінші кітапханалық пункт іске қосылды. 2007 жылы Карелия Республикасының Кондопога қаласында «Жылжымалы кітапханалық-ақпарттық кешен» қолданысқа енді, ал 2008 жылы Самара облысында қабылданған облыстық бағдарлама аясында облыстың 3 ауданында библиобустар құрылды. Барлық мобильді кітапханалар бүгіндері табысты қызмет атқарып келеді. толығырақ

Мобильді әлеуметтік жобалар. Поездағы "Кітап бары". Көшпелі планетарийлер. Экомобиль. Үйсіз жануарларды таратудың жылжымалы фургоны. «Нанотрак» мобильді оқыту сыныбы". Киномобиль. толығырақ

АКҚкК (КИБО) негізіндегі әлеуметтік-маңызды жобалар. Архангельск облысы. Белгород облысы. Брянск облысы. Иркутск облысы. Курск облысы. Псков облысы және т.б.

КИБО – отандық өндіріс автокөлігінің негізінде дайындалған және еліміздің кез келген жерінен Интернетке кеңжолақты қолжетімдікті ұсынатын Ресейдегі ең алғашқы мобильді әмбебап кешен. Құжаттар мен ұсыныстар. Тренингтер. Үлгілер және қызметтер. Қазақстандық іс-тәжірибе.

АҚШ Street Lab, Inc коммерциялық емес ұйымдарында және Алматы әкімдігінің қолдауымен 2012 жылы Қазақстанда «Алматыдағы мәдениет жылы» акциясы аясында құрылған «Мобильді кітапхана» жобасы іске қосылды. Ұйымдастырушылары – Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы. Жылжымалы кітапханаға арналған ағылшын тіліндегі кітаптарды Америка елшілігі және «American Corner» америка бұрышы ұсынды. Елшіліктің арқасында ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған балалар басылымдары бар.
7. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары.

1. Пәннің мақсат, міндеттері.

1. Жалпы кітапхана ісінің тарихына шолу, негізгі теориялық сипаттары.

2. Жалпы кітапханалық жүйені қалыптастырудың басты міндеттері, қызметтері мен әрекетттеріне қатысты жұмыстарды кеңейтудің негіздері.
2. Кітаптар басылымының тарихи-деректік құндылықтары

1.Кітап басылымдарымен жұмыс түрлері.

2. Қазақ библиографиясының дамуы.
3. Қазақстандық жалпы кітаптану тарихының алғашқы кезеңдері.

1. Негізгі міндеттері.

2. Библиографиялық қызметті ұйымдастыру
4. Қазіргі кітаптану мәселелері

1.Оқырмандарды ақпаратпен хабардар ету түрлері.

2.Қолжазбалар қорымен жұмыс.
5 Кітапхана ресурстарын толықтыру

1.Жаңа қоғам: жаңа қақпараттық ресурстар.

2. Кітапханатанудағы жаңа сандық технологиялар.
6. Кітапнама – баспа өнімдерінің ғылыми-практикалық қызметінің бір саласы.

1.Кітапханадағы ғылыми жұмыстар.

2.Оқырмандарға қызмет көрсету.
7. Кітаптанудағы негізгі құрылым мен мазмұндық ерекшеліктер

1.Библиографиялық сипаттауды құрастыру

2. Библиографиялық сипаттаудың элементі

3. Библиографиялық ақпарат пайдаланушылар.


8. Қазіргі кітапханатанудағы жаңа технологиялық қызметтер

1.Үздіксіз ізденіс нәтижелері және кітапханатанудағы өзгерістер.

2. Жаңа технологиялардың басты сипаттары.
9. Қазіргі дерек қорлармен жұмыс

1.Дерек қорлармен жұмыс көлемі.

2.Тәуелсіздік және дерекке жаңа көзқарас.
10 Қазақстандық кітапханатанудың шетелдермен байланысы

1. Жаңа байланыс жолдары.

2. Шетел іс-тәжірибелерін пайдалану.
8.Өздік жұмыс тапсырмалары.

1.Ақпараттық іздеу және ақпараттық үрдістер

2.Ақпараттық іздеу

3.Құжаттарды және ақпараттарды жинау

4.Құжатты және ақпаратты сақтауды ұйымдастыру.

5.Құжаттарды және ақпараттарды өңдеу.

6. Ғылыми кітапқа аннотация жазыңыздар.

7.Әдеби кітапқа аннотация жазыңыздар.

8. «Егемен Қазақстан» газетіне аннотация жазыңыздар.

9. «Сарыарқа самалы» газетіне аннотация жазыңыздар

10.Аннотация туралы түсінік

11.Оn-line-мен қызмет

12.Басылымдарды референттеу

13.Реферат туралы түсінік.

14.Рефераттың түрлері.

15.Рефераттың жанрлары



10. ОМӨЖ кеңесінің кестесі




Сабақ түрлері

Дүйсенбі

сейсенбі

Сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңестер

15.50-16.40
















2.

Тәжірибе сабақтарының сұрақтары бойынша кеңестер




15.50-16.40







15.50-16.40




3.

МӨЖ сұрақтары бойынша кеңестер










16.55-17.45







4.

Тест сұрақтары бойынша кеңестер







14.45-15.35











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет