1: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері


Психологиялық кеңес беру жайлы жалпы түсінік



бет12/54
Дата04.11.2022
өлшемі119.14 Kb.
#463993
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
1-45 практик псих

21 Психологиялық кеңес беру жайлы жалпы түсінік
тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен байланысты әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс. Онда әсер етудің негізгі құралы ұйымдастырылған әңгіме болып табылады.
Жалпы алғанда «кеңес берудің» анықтамасы негізгі деген бірнеше ережелерден тұрады:
1. Кеңес беру адамға өзінің қалауы бойынша белгілі бір амалды таңдап алуына және сол бойынша әрекет етуіне көмектеседі.
Кеңес беру жаңа мінез-құлыққа үйренуге көмектеседі.
3. Кеңес беру тұлғаның тұлғаның дамуына жағдай туғызады.
4. Кеңес беруде клиенттің жауапкершілігіне мән беріледі, яғни тәуелсіз жауапты адам тиісті бір жағдайда өз бетімен шешім қабылдай алатындығы ескеріледі, ал кеңес беруші болса клиенттің еріктілік мінез-құлқына ынта-жігер беріп, жағдай жасайды.
5. Кеңес берудің өзегі философияның «тұтынушы – орталықтану» терапиясына неізделген клиент пен кеңес берушінің арасындағы «кеңес беру өзара әрекеттестігі» болып табылады.
Психологиялық кеңес берудің мазмұны– психолог өзінің кәсіптік-ғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды. Бұл мына шкала бойынша тексеріледі:
1. Психолог өте байқампаз болуы керек. (Клиентті тоқтатып, маңызды ақпаратты сараптайды.
2. Психологтың іс-әрекеті құрастырмалы (құрастырмалы емес); ол басқа адамға ақылмен әсер етуге тырысады. (Оған «қысым көрсетеді»).
3. Клиенттің даусы естіледі (өте ақырын естіледі).
4. Клиенттің жауабы психологтың айтқандарымен сәйкес (сәйкес емес).
5. Клиенттің тапсырмасының мазмұны психологқа әсер ету арқылы дұрыс (дұрыс емес) түсінілген. Психолог клиент тапсырмасын шеше отырып, оның жағдайына жеңілдету енгізеді.
6. Психологтың бойында түсіну мен жағымдылық арқылы әсер ету дағдысы бар (жоқ).
7. Психолог клиентке өзінің жеке даралығын жоғалтпай қосылады (тұлғалық құрбандығымен бағасымен).
«Адам – адам» кәсібіндегі психологиялық әсер ету (дәрігер, заңгер, тілші, мұғалім, әлеуметтанушы, әлеуметтік қызметкер) сұхбат ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан кеңес беру процедураларын жиі еске түсіреді. Бірақ бұл сұхбаттар өзара іс-әрекет құралы сияқты адамға әсер ету мөлшерімен және оған деген жауапкершілікпен ерекшеленеді. Психолог клиенттің психологиялық өмірінің қасиеттерін көрсеткені үшін жауаты болады. Әр бағыттауға спецификалық әдістемелік тәсілдер, кеңес берудің мақсаты мен тапсырмалары, психикалық шындықтың аймағы, клиент пен кеңес берушінің бағыттары тән.
Клиентке деген құнды және қайырымды қарым-қатынас.Психолог қызметтік этиканы сақтай отырып, көмек сұрап келген әр адамға психолгиялық қолдау көрсетуге тырысады.
Кеңес беруге тыйым салу.Психолог кез келген кеңес алушыға жауапкершілікпен көмектесу керек.
Анонимділік.Психологқа клиент тарапынан айтылған ақпарат құпия сақталуы тиіс.
Клиенттің кеңес беру процесіне араласуы. Психологиялық кеңес берудің мақөсаты – клиентке проблеманы түсіндіру және оған оны шешудің жолын табуға көмектесу. Кеңес берудегі сәттілік көбінесе психологтың клиентті кәсіби тыңдап, оның өзі туралы көзқарастарын кеңейте білуінде.
Кеңес беру процесінде мына тапсырмалар шешіледі:
- психикалық денсаулық деңгейін бағалау және басқа психологиялық көмек көрсету тәсілінің көрсеткішін бағалау;
- клиентті оның психологиялық ерекшеліктері туралы ақпапраттандыру;
- жалпы психологиялық сауаттылықтың жоғарылауы;
- клиенттің жасырын психологиялық ресурстарын жаңарту;
- бейімделудің және тұлғалық үйлеспеушіліктің бұзылуын түзету:
- тұлғаның алдағы дамуының негізгі бағытын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет