1: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері


Психотерапия ұғымына сипаттама беріңіз



бет14/54
Дата04.11.2022
өлшемі119.14 Kb.
#463993
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
1-45 практик псих

25 Психотерапия ұғымына сипаттама беріңіз
Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.[1]


26.Клиент ұғымына сипаттама беріңіз
Клиент (латынша clіens, италянша clіente – тапсырыс беруші) –
1. тұрақты сатып алушы немесе тапсырыс беруші, тұрақты келермен, аларман;
2. несие мекемесінің‚ сауда ұйымының, өнеркәсіп орнының, адвокаттың‚ тағы басқалар көрсететін қызметін пайдаланушы тұлға;
3. өз ісін жүргізуді басқа біреуге (адвокатқа, нотариусқа, тағы басқаларға) тапсырған адам;
4. нарықтық қатынастарда тауарлық шот, тағы басқа бойынша сауда өкілеттігі бар жеке тұлға;
5. өз атынан және өзінің есебінен басқа тұлғаның, мысалы, шот ашу және шот қызметінің көрсетілуі және операция жүргізу үшін банкінің, базалық (базистік) активті немесе туынды қаржы құралдарын сатып алу немесе сату үшін ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған нарыққа қатысушының кәсіпқойлық қызмет көрсетуіне жүгінуші тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет