1: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері


Психодиагностика туралы түсінік



бет9/54
Дата04.11.2022
өлшемі119.14 Kb.
#463993
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
1-45 практик псих

14.Психодиагностика туралы түсінік
Психодиагностика және оның әдістері (жан және diagnosticos) – адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. Зерттеу міндеттеріне байланысты диагностикалық белгілер адамның жасы, жынысы, білімі, мәдениеттік деңгейі, психикалық қалпы, психо-физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар кіреді.
Диагностика – зерттелетін объект немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Жеке тұлғаның психологиялық даму саласында диагностиканың мәні медицинадағы аура сипаты туралы дұрыс қойылған диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол.
Дұрыс қойылмаған диагноз аурудың жазылуына деген үміттің үзілуіне әкеп соқтырады. Осы аталғандардың барлығы тән денсаулығы саласы психикасына қатысы бар, сондықтан да диагностика даму саласында ерекше мәні бар іс, жоғары біліктілікті және жауапкершілікті қажет етеді. Күнделікті педагогикалық тәжірибеде мектеп психологтары және мұғалімдер жеке тұлғаның жекелеген сапаларын зерттейді, бірақ осы зерттеулердің нәтижесіне қарап, дамудың салаларына жалпы баға беруге болмайды. Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілер үшін ең бастысы – оқушылардың ақыл-ой әрекетінің диагностикасы, мінез-құлық ерекшеліктері, әлеуметтік сипаттарының мінез-құлық дамуы және тағы басқа да осы секілді мәселелер болып табылады.


15.Білім беружүйесінде мектеп психологының орны
Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып келеді. Қазақстандагы психологиялык қызмет жайлы зерттеулер республикалық баспасөзде және жеке туындыларда жарияланғанымен, дәл психологиялык кеңес беруді кеңінен қарастыру, әрі оны оқытуға енгізу мәселесі қолға алынбай келеді.
Психолог ғалымдар Г.С.Абрамова, Ю.Е Алешина, А.А.Бодалев, Г.В.Бурменская, И.В.Дубровина, В.Н.Карандашев, А.Г.Лидерс, Е.И.Рогов, В.В.Столин кеңестік дәуірдегі жэне одан кейінгі уақыттағы психологиялык қызметтің, соның ішінде психологиялык кеңес берудің мазмұнын анықтап берді.
Жоғары оку орнында психологиялык қызметті қалай жүргізуге болатындыгы, студенттердің жеке басын қалыптастыруда психологиялык кеңес берудің маңыздылығы туралы зерттеулерді О.М.Анисимова, Н.М.Владимирова, М.Д.Дворяшина, М.В.Зюзько, Н.С.Копеина, Б.Б.Коссов, Н.Н.Обозовтардың еңбектерінен кездестіре аламыз. Қазақстанда осы мэселемен айналысып жүрген Т.А.Абдрашитова (психологиялык кеңес беруді психологиялык белсенді заттарға тәуелді адамдарға қолдану), А.Р.Ерментаева (психологиялык тәжірибенің студенттің субъект-бағдарлы дамуына ықпалы), Е.Г. Ким (оқытуда эриксондық гипнозды қолдану) және т.б. бірқатар зерттеушілерді атап өтуге болады.
Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялык тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан псхологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.
Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.
Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет