1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері



бет11/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

Сұрау әдісі.Клиникалық зерттеу кезінде дәрігерге психикалық науқастармен белгілі дағдыларды қажет ететін тіке қатынасқа түсуіне тура келеді. Мұндай дағдылар студенттердің психиатрия курсын өтуінде түзіліп, кейін дәрігерлік қызметінде толығымен қалыптасады. Егер дәрігер науқасты тиянақты түсінушілікпен тыңдаса, ол өз күйзелісін аша түседі, психикалық патологияны анықтау оңайға түседі. Науқастың сөздеріне күлуге, оның сандырақтық ойларына сөз таластыруға, ауру диагнозы жайлы анықтама беруге болмайды, науқаспен достық, еркін тақырыпта әңгімелесуге болмайды. Науқаспен және оның туыстарымен жеке сөйлесу керек, әңгіме мазмұны басқа науқастарға мәлім болмауы керек.
Шағымдарын анықтау және анамнез жинау сұрастыру тәсілімен іске асырылады. Психикалық дерт науқастың өзге адамдармен қарым- қатынасын, дерт көріністеріне сыни көзқарасын өзгертеді. Мұның барлығы сұрастыру кезінде ақпараттың толықтылығына және мазмұнына әсерін тигізеді. Сонымен психоз жағдайындағы науқас өзін дені сау деп санай отырып, ешқандай шағымдар айтпай, ауруын жасыруы мүмкін. Ипохондриялық сандырақпен науқас өзін ауыр физикалық күйдемін деп есептеп, соматикалық сипаттағы шағымдар айтады (ауру сезімі, ішкі мүшелер бұзылысы, әлсіздік, жүдеу). Ақырында, науқас жеке адамдардың немесе ұйымдардың соңына түскеніне, гипнозбен, сәулелермен, электр тоғымен әсер етуіне, материалды және моральды шығын келтіруіне шағымдануы мүмкін, яғни өзінің сандырақ идеяларын шағым ретінде айтып беруі мүмкін. Сонымен, науқас шағымдарымен танысу зерттеушіге патологияны анықтауда бағдар береді.
Анамнезді тек аурудың сөздерінен ғана емес, сонымен қатар басқа да науқасты танитын адамдардан да жинаған дұрыс. Науқаcтан жиналған анамнез (субьективті анамнез) есте сақтау, сана бұзылуында, сандырақ жағдайларында, диссимуляция кезінде дұрыс мәлімет бермеуі мүмкін. Науқас кейде өзінің туысқандарындағы бар психикалық аурулар жайында, балалық шағының ерекшеліктері жөнінде, басынан өткерген соматикалық аурулары, бас-ми жарақаттары, орын алған талмалар, ұстамалары жайында біле бермейді. Мұндай жағдайларда туыстарын, достарын, көршілерін сұрастыру қажет – мұны объективті анамнез деп атайды. Обьективті анамнезді науқастың қатысуымен жинауға болмайды.
Анамнезді екі бөлімге бөледі: өмір анамнезі және ауру анамнезі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет