1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері



бет2/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

Эндогенді психикалык аурулар:
Шизофрения
Аффективті аурулар
Циклотимия
Дистимия
Шизоаффективті психоздар
Егде жас функциональды психоздары (инволюциялык депресия, инволюциялык параноид)
Эндогенді- органикалык аурулар
Эпилепсия
Бас минын дегенеративті урдістері
Альцгеймер типтегі деменция
Альцгеймер ауруы
Сенсильді деменция
Жуйелік- органикалык аурулар
Пик ауруы
Гентингтон ауруы
Паркинсон ауруы
Егде жас психоздарынын ерекше формалары
Жедел психоздар
Созылмалы галлюциноздар
Бас минын кантамырлык аурулары
Тукым куалайтын органикалык аурулар
Экзогенді- органикалық аурулар
- Бас миы жарақаттары кезіндегі психикалық бұзылыстар
- Бас миының ісіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар
- Бас миының инфекциялық- органикалық аурулары
Экзогенді психикалық бұзылыстар
- Алкоголизм
- Наркоманиялар мен токсикоманиялар
- Симптоматикалық психоздар
- Инфекциялық емес соматикалық аурулар кезіндегі психикалық
бұзылыстар
- Инфекциялық соматикалық аурулар кезіндегі психикалық
бұзылыстар
- Дәрілік заттармен, тұрмыстық және өндірістік токсикалық
заттармен улану кезіндегі психикалық бұзыл
F0-соматикалық бұзылыстармен қатар органикалық, психикалық
бұзылыстар
F1-психоактивті заттарды қабылдау нәтижесіндегі психикалық және
жүріс-тұрыстық бұзылыстар
F2-шизофрения, шизотипті және сандырақтық бұзылыстар
F3-аффективті бұзылыстар
F4-невротикалық, стресске байланысты және соматоформды бұзылыстар
F5-физиологиялық бұзылыстармен және физикалық факторларға
байланысты жүріс-тұрыстық синдромдар
F6-жетілген тұлға және ересек адамдардағы жүріс тұрыс бұзылыстары
F7-кемақылдылық
F8-психологиялық даму бұзылысы
F9-әдетте балалық және жасөспірімдік шақта басталатын жүріс тұрыстық
және эмоциональді бұзылыстар
F99-анықталмаған психикалық бұзылыс
3. Қазақстанда психиатриялық көмекті ұйымдастыру. Психиатриялық көмек туралы заңнаманың негізгі ережелеріПсихикалық ауруға шалдыққан адамның әлеуметтік қауіпті мінез-құлқы жағдайындағы дәрігердің тактикасы.
Қазақстан Республикасында психиатриялық көмек көрсету
мынадай нысандар бойынша жүзеге асырылады:
1) амбулаториялық-емханалық көмек, оның
ішінде консультациялық-диагностикалық көмек;
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) жедел медициналық жәрдем.
Казакстан Республикасы Денсаулык сактау министрінін 2018 жылгы 24
кыркуйектегі Nº КР ДСМ-17 буйрытына1-косымша Казакстан
РеспубликасыДенсаулык сактау жэнеэлеуметтік даму министрінін 2016 жылгы 8
акпандагыº 95 буйрытымен бекітілген
Психикалык жане мінез-кулык бузылулары бар пациенттерге медициналык-элеуметтік кемекті]
уйымдастыру жэне керсету тэртібі Казакстан Республикасы Денсаулык сактау жане элеуметтік даму министрінін 2015 жылы 28 сэуірдегі Nº 285 буйрыгымен (Казакстан Республикасынын нормативтік кукыктык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде Nº 11226 болып тіркелген)
бекітілген Элеуметтік мэні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарга усынылатын медициналык-элеуметтік комек керсету кагидаларына сайкес регламенттеледі.
едициналык уйымдардын штаттары Казакстан Республикасы Денсаулык сактау министрінін 2010 ылы 7 сауірдегі Nº 238 буйрыгымен (Нормативтік кукыктык актілерді мемлекеттік тіркеу зілімінде Nº 6173 болып тіркелген) бекітілген Денсаулык сактау уйымдарынын улгі штаттары мен тат нормативтеріне сайкес белгіленеді.


ПСИХИАТРИЯЛЫҚ КӨМЕК
Стационарлық көмек психикалық ауруларды емдеуде маңызды роль атқарды. Әр елде 1000 тұрғынға есептегенде психикалық орын 0,2 ден 6-ға дейін болады. Дамушы елдерде оның саны аз. Қазіргі уақытта психикалық ауруларды, олардың жанұяларынан және қоғамнан бөлмей емдеуге қатысты жалпы тенденцияға байланысты психиатриялық койкалар саны қысқарды.
Соңғы кезде созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарды емдейтін ауруханалар ашылып жатыр. Осындай профилизацияланған ауруханаларда науқастарға емдік және реабилитациялық жұмыс жүргізу тиімдірек.
Жаңа психиатриялық ауруханалар құрылысында оның архитектуралық көркемделуіне, бөлімше және бөлмелерді жоспарлауға көп мән берілді. Палаталар ең аз науқас санына есептелген. Сонымен қатар қосымша бөлмелер, науқастарға арналған тынығатын бөлмелер, спорт залдары, мәдени-терапиялық бөлмелер және тағысын-тағы бар. Медперсоналдар бөлмелері науқастарды әр уақытта тіркеп тұруға ыңғайлы.
Отандық психиатрияның негізін қалаушылар тұрғындарға психиатриялық көмектің қолжетімді болу керектігін үнемі көрсеткен. Ауруханадан тыс психиатриялық көмектің бір формасы – жанұялық психиатриялық патронаж.
Ресейде ең алғаш рет осы форма туралы 1887 ж.орыс психиатрларының бірінші съездінде айтылған. Бұл көмек формасы – кеңес үкіметі кезіндегі психиатрияның ең маңызды жетістігі болып табылады.
Жанұялық патронаж кезінде науқасты жанұясында қалдырады немесе медициналық көрсеткіштерге сүйеніп, оларға медициналық көмек немесе ақшалай көмек көрсеткен. Патронаж көбінесе ремиссия күйіндегі және күтімді қажет ететін созылмалы науқастарға тағайындалған. Патронаж психиатриялық көмекті тұрғындарға жақындатты және жазылып келе жатқан науқастардың дәрігер бақылауында болып, өз жұмысымен айналысуына немес өзге жұмыс іздестіруіне мүмкіндік берді.
Диспансерлер науқастарға емдік және социальды көмек көрсетеді. Ауылдық жерлерде ауруханаларда психиатриялық кабинеттер жүйесі және орталық аудандық ауруханаларда психоневрологиялық бөлімшелер бар. Осындай кабинеттерде немесе бөлімшелерде жалпы учаскелік дәрігер және орта медперсонал психиатр кеңесі арқылы бекітілген учаскелеріндегі аурулармен күнделікті емдік және профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Орталық аудандық аурухананың диспансерлік бөлімінің құрамында психиатриялық, неврологиялық, балалар, психоневрологиялық, наркологиялық кабинеттер бар. Психоневрологиялық диспансер бөлімшесінің қызметкерлері осы контингент науқастарын, әсіресе алғаш дерттің белгісі бақыланған науқастарды анықтауға байланысты қомақты жұмыс өткізді. Бұл қызметте негізгі көмекті ауылдық учаскелік дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, ауыл тұрғындарын жақсы білетін адамдар көрсетеді.
Соңғы 10 жылда науқасты қоғамдық ортадан аластатпай емдеу түрі дамып, етек алып келеді.
Ауруханадан тыс психиатриялық көмек жалпы емханамен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы емхана арасындағы интеграция бұрыннан қалыптасқан, яғни, осы диспансерлерде қызмет ететін дәрігерлер мен жалпы емхана қызметкерлері бір аймақта және бір әкімшіліктік ауданда тұратын науқастарды еммен қамтамасыз етеді. Бұл диспансерлік және емханалық жұмыстарды жеңілдетеді, яғни олармен уақтылы кеңес беру, тұрақты бақылау жасау, барлық ауруларға уақытында психиатриялық көмек көрсету, аурулардың уақтылы дәрігерге көрінуі тәрізді жағдайлар жасалуда. Осы қиындықтарды жеңу үшін емханаларда психотерапия бөлмелерін ашу туралы шешім қабылданды.
Психотерапевт бөлмесін жалпы емхана құрамына қосу үшін ауруларға психиатриялық және жалпы дәрігерлік көмекті бірдей көрсету қажет.
1975 ж. жалпы психиатриялық көмек жүйесінен бөлек қызмет болып наркологиялық көмек шықты. Наркологиялық көмек арнайы жабдықталған аурухана және алкоголизммен науқастарды емдеуге арналған наркологиялық диспансер түрінде болады. Наркологиялық диспансерлер алкоголизммен, наркоманиямен, токсикоманиямен зардап шегетін науқастарды ерте анықтау және осы аурулардың алдын алу, емдеу, есепке тіркеу, осы ауруларға қажет әлеуметтік көмек көрсетуді іске асырады. Кейбір мекемелерде наркологиялық кабинеттер және фельдшерлік наркологиялық пункттер бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет