1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері


Психопатологиялық белгілер мен синдромдар. Психоз ұғымы. Продуктивті және негативті симптоматика



бет3/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

4.Психопатологиялық белгілер мен синдромдар. Психоз ұғымы. Продуктивті және негативті симптоматика.
Психопатология - психикалык бузылыстардын зандылыктары
мен табигатын зерттеу максаты болып табылатын
психиатриянын бір белігі.
Психопатологиялық синдром дегеніміз ортақ патогенезбен біріктірілген симптомдар жиынтығы. Синдромдар өздігінен белгілі бір нозологиялық формаға тән болмайды және көптеген психикалық ауруларда кездесуі мүмкін. Мысалы, делириозды синдром тек алкогольді делирийда ғана емес, сонымен қатар жедел интоксикациялық, инфекциялық ауруларда, операциядан кейінгі, жарақаттан кейінгі психоз бен ішкі мүшелердің ауруларымен байланысты психоздарда, тамыр ауруларында да кездесуі мүмкін.
Галлюциноз - бір анализатормен шектелген сана күңгірттенуінсіз көп мөлшердегі галлюцинациялармен сипатталатын жағдай. Науқас үрейлі, тынышсыз немесе керісінше, тежелген. Науқастың жүріс-тұрысы мен галлюцинацияға қатынасына қарап жағдайдың өткірлігін байқауға болады. Жеделдігіне байланысты жедел және созылмалы галлюцинозды ажыратамыз, ол мазмұнына қарай - есту, тактильді, көру болып бөлінеді.
Есту галлюцинозы әдетте вербальды болады: дауыс естілгендей, өзара сөйлескендей, дауласқандай, науқасты кінәлағандай, оның өміріне қастандық ұйымдастырғандай болады. Есту галлюцинозымен алкагольды психоздың клиникалық көрінісі анықталады; синдром сонымен бірге интоксикациялық психозда, нейросифилисте, бас-миының қантамырлық зақымдалуында да кездеседі.
Тактильді галлюцинозда науқас терісінде және тері астында жәндіктер, құрттар, микробтар жүргендей сезінеді, жыныс мүшелеріне жанасып тұрғандай болады; бұл күйзелістерге әдетте сыни көзқарас болмайды. Егде жас психоздарында, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануында кездеседі.
Көру галлюцинозы –кенеттен көру қабілетін жоғалтқан қарт адамдарда жиі кездесетін галлюциноз формасы, және де соматогенді, қантамырлық, интоксикациялық және инфекциялық психоздарда кездеседі. Шарль Бонне галлюцинациясы кезінде науқастар бір уақытта үй қабырғасынан айқын суреттер, күнге шағылысқан суды, гүлдер алаңын, ойнап жүрген балаларды көргендей болады, бұл көрініске таңданады, дегенмен көру қабілетінсіз мұндайды көру мүмкін еместігі, дертті күй екендігін науқас саналы түрде түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет