12. Аурудың ішкі көрінісі. Ауруға деген көзқарастың мазасыз, эгоцентрлік типтері. Клиникалық белгілері. Аурудың ішкі бейнесі дерттің барысына байланыссыз болады. Мысалы фантомдық мүшесі алынып тасталғаннан кейін ауруы немесе аурудың сыртқы көріністері болиаған кезде де пайда болуы мүмкін. Ол басқа адамның қатынасуын, оны ауру ретінде қабылдауын талап етеді. Науқастың ауруына байланысты барлық сезінулері, уайымдары, көріністері – аурудың ішкі бейнесі деп аталады. Аурудың ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді:
Әлеуметтік жағдайына байланысты дертке әртүрлі реакция беруі.
Эгоцентриялық- «ауруға ену, бас ұру» деп сипатталады, науқас өзінің ауруы сезімі туралы өзіне көңіл аудару үшін жақын адамдарға, туысқандарға әңгімелей береді. Науқас адам өзіне басқалардың көп көңіл аударғанын қалайды.
Осындай күйлердің бірқатарына тоқтала өтейік:
Параноялды - ауру «біреудің жаман ойының бірі» деп санайды. Науқас дәрі-дәрмектерге және процедураларға күдікпен қарап, айналадағы адамдарды кінәлаумен сипатталады.
Дисфориялық - науқастың көңіл күйі нашар, сау адамдарға қызғанышпен қарайды, жақындарына десфотиялық қатынаста болуы белгіленеді.
Сенсетивті- науқас өзінің ауруы туралы мәліметтің айналадағы ортаға қандай әсерін тігізетінін ойлап түрады. Науқас «айналасындағы адамдар өзін айналып өтеді. –деп ойлайды, өзін толымсыз, кем сезініп, ауру туралы сөз қорғауға, ауруға байланысты жақын адамдарға күш түсіруге қорқады. Науқастың айналадағы адамдардың ұялуы, масыл болғысы келмеуі байқалады.
Диссимуляция. Сырқаттанғанын біле отырып пациент саналы түрде аурудың белгілерін жасырады және ол үшін барлық күшін салады: мамандық міндеттерін бірқалыпты орындай береді, жанұяда және қоғамда қалыпты жағдайын сақтайды. Аурудың даымп үдеген кезінде оның белгілерін жасыру қиын, не мүмкін болмаған жағдайда да ол өзі таңдаған тәртіп бағытын сақтай береді.