17. Белсенді тыңдау техникасы. Белсенді тыңдау әдістері.
Дәрігердің практика,тәжірибесіне қажет белсенді тыңдаудың әдістері: пауза, нақтылау, эмпатия, ынталандыру(резюмирование), қорытындылау.Яғни айтқанда, "белсенді тыңдау" дағдысы - әңгімелесушінің психологиялық жай-күйін, сезімдерін, ойларын әңгімеге қатысудың арнайы әдістерінің көмегімен дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін, өз тәжірибелері мен ой-пікірлерін белсенді білдіруді білдіретін әдіс.Ал әртүрлі стильдерді қолданғаннан бөлек,дәрігер іртүрлі әдістерді де пайдала білу қажет.Пауза-дәрігердің интервьюдің бастапқы кезінді 90 секунд және одан кейін де керек кезде де,пациентті ғана тыңдап отыруы.Бастапқы 90 секунд ішінде,көптеген зерттеулер бойынша,паицент өз шығымының 80 %-ын айтады екен.Ынталандыру әдісін қолданған кезде: «Мхм», «Өтінемін,жалғастырыңыз» және т.с.с. сөздерді пайдаланады.Қорытындылайтын кезде,дәрігер пациент айтқан бүкіл сөзді қайталау арқылы қорытындылайды,себебі пациент кейбір шағымдарын немесе симптомдардыь ұмытып қалуы мүмкін.Олар:проблемалар,анамнез детальдары,идеялар,сипаттау,күтілетін қорытынды және нақтылау сұрақтары.
18. Қарым-қатынас түсінігі. Құрылымы қарым-қатынас (коммуникация, интеракция, перцепция).
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Қарым-қатынас - өте күрделі феномен. Қарым-қатынастың ішкі қүрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жакқа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция.
Коммуникация — арақатынас партнерлерінің бір-бірімен акпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.
Интеракция - тұлғааралық қимыл үйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция - адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
19. Коммуникативті кедергілердің түрлері: стилистикалық кедергі, семантикалық кедергі, әлеуметтік-мәдени айырмашылықтардың кедергісі, қарым-қатынас кедергісі (психологиялық кедергілер), фонетикалық кедергі.
Коммуникативті кедергі — қатынас серіктері арасында дұрыс ақпарат беру жолындағы психологиялық тосқауылдар. Кедергі пайда болған кезде ақпараттың алғашқы мәні не өзгереді, немесе жоғалады. Комуникативті кедергінің бірнеше түрлері бар. Олар: стилистикалық кедергі, семантикалық кедергі, әлеуметтік-мәдени айырмашылықтардың кедергісі, қарым-қатынас кедергісі (психологиялық кедергілер), және фонетикалық кедергі.
Стилистикалық кедергі – бұл тұлғааралық коммуникацияны нәтижесіз, тиімсіз ететін кедергінің бір түрі. Бұл кедергі түрінде коммуникатор мен реципиенттің тілдік стилдері бір-біріне немесе тілдің стилі ортақтасу жағдайына, реципиенттің көңіл-күйіне сәйкес келмеуі мүмкін.
Семантикалық кедергі – адамдар арасында туындайтын өзара түсінбеушілік. Бұл кедергі түрі көбінесе балалар мен ересектер арасында туындайды.
Әлеуметтік-мәдени айырмашылықтардың кедергісі – бұл әлеуметтік, саяси, діни кезқарастарға, жасына, жынысына, мамандығына байланысты болады. Осындай жайттарға қарап әлеуметтік-мәдени айырмашылық екенін білуге болады.
Қарым қатынас кедергісі деп - коммуникаторды жақтырмай оның мәлімдемесін де қарсы қабылдап, сенімсіздік сезімін туғызатын, коммуникатордың сөзіне күдікпен қарауды айтсақ болады.
Фонетикалық кедергі - адамдар әр түрлі тілде, диалектте, немесе сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сонымен қатар сөйлеуші тым жай, тым жылдам немесе сөздерді жұтып сөйлегенде де пайда болуы мүмкін. Себебі екінші адамға, яғни тыңдаушыға түсінуден қиындық туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |