25. Медициналық сұхбат құрылымы
1. Пациентпен сәлемдесу. Сәлемдесу түрі науқастың жасы мен әлеуметтік тәжірибесіне сай болуы тиіс. Вербалды сәлемдесу вербалды емес түрмен бірге жүруі керек: күлімдеу, бас изеу, қол алысу.
Танысу. Егер кездесу бірінші рет болса, дәрігер өзін таныстыруы тиіс. Бұл дәрігердің есімі кабинеттің есігінде жазулы тұрса да, психологиялық тұрғыдан маңызды болып келеді. Егер дәрігер кездесуге ертерек дайындалған болса, науқастың атын білген жөн, науқаспен аты-жөні бойынша сөйлесу сенімге негізделген қарым-қатынастың орнауына мүмкіндік жасайды.
Кіріспе комментарийлер. Дәрігер кездесу барысында шешілуі керек негізгі сұрақтарды, кездесу мақсатын қысқаша сипаттайды.
Пациенттің мәселелерін еркін қалыптастыру. Дәрігер мен пациент мәселені бірдей түсіне білулері керек.
2) Пациентпен сұхбат.
Сұхбат кезінде ашық және жабық сұрақтардың балансы. Сұхбат басында тек ашық сұрақтарды қою керек. Сұхбат ортасында сұрақтардың екі түрін, ал соңында тек жабық сұрақтарды қою қажет, себебі интервью созылып кетуі мүмкін.
Пациенттің айтқанын нақтылау. Бұл сұхбаттың сапасы мен ақпараттылығын қамтамасыз етеді.
Белсенді тыңдау. Пациентке мұқият тыңдап отырғанды вербалды және вербалды емес түрде көрсетіп отыру керек.
Сұхбат кезінде дұрыс үзілістер жасау. Пациенттің ішкі күйзелістерін анықтауда өте маңызды.
Пациенттің мәселелерін және не күтетінін анықтау.
Жиналған ақпаратты қорытындылау және гипотезаны ұсыну.
3) Сұхбатты басқару.
Пациент өз мәселелерін нақты сипаттап бергендегі позитивті қолдау.
Пациентті керек кезде тоқтатып, қажет арнаға бұру.
4) Ақпарат беру дағдысы.
Дәрігердің алынған нәтижелерді қорытындылау қабілетін көрсетеді.
5) Сұхбат соңы.
Бұл сәтті дәрігер анықтауы тиіс. Сұхбатты дұрыс аяқтау үшін дәрігер науқасқа вербалды емес белгілер беруі қажет (жазбаларды жабу, белсенді тыңдауды тоқтату). Кейін вербалды белгілер арқылы жеткізу керек («сонымен», «қорытындылай келе» т.б.). Науқастың тағайындалған еммен келісетіндігін байқау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |