26. Медициналық сұхбатқа кіріспе: пациентті сұрастыруға дайындық, өзара түсіністікті қалыптастыру, науқастың дәрігерге келу себебін анықтау. Пациенттен сұрастыруды жүргізу.
Дәрігердің науқаспен жақсы әңгіме-сұхбат құруы, дұрыс диагноз қоюдың, науқастың қанағаттануынын алғы шартты болып табылады. Одан әрі науқастың қобалжуы төмендеп, ол дәрігердің барлық ұсынысын орындайды. Әңгіме барысында медициналық терминдерді қолданбау,науқастың дәрігерді толық түсінуіне көмектеседі. Дәрігер нұсқауы нақты, әрі қарапайым болуы тиіс.
Науқаспен амандасу және өзіңізді таныстыру.
«Қайырлы таң А.Қ....Кіріңіз отырыңыз. Менің аты-жөнім...»
1. Науқасқа өзінің шағымдарын айтуды ұсыну.
«Сонымен, менің сізге қандай көмегім қажет?» Немесе
«Сізді қинап, мазалайтын не жағдай екенін айта беруіңізге болады».
Бұл науқасты әңгімеге тартып, оның өз қиындығын сізге қалай дұрыс жеткізсем болады деген қиналасын сейілтеді.
Мысалы:
*Дәрігер ілтипатты екен, яғни менің қиындығымды тыңдауға, маған көмек беруге дайын екен.
Пациенттің сізге келу себебін анықтау. Ол мына нәрселерден тұрады:
Проблеманың табиғаты мен тарихынан;
Олардың этиологиясынан (себебінен);
«Пациенттің ойларынан», проблемасынан және не күтетінінен;
Проблеманың ықпалынан;
1. Басқа проблемаларды қарастыру үшін:
Жалғасып келе жатқан проблема;
Қауіп факторы.
2. Әр проблемаға қолданылатын тиісті шараларды пациентпен бірлесе отырып таңдау.
3. Пациентпен бірге проблеманы жалпы түсінуге тырысу.
4. Пациентті емделуге шақыру және тиісті жауапкершілік танытуын талап ету.
5. Уақытты пайдалану:
Кеңес беру кезінде;
Ұзақ уақыт бойы
7. Пациентпен қарым-қатынасты үзбеу, бұл басқа да мәселелерді шешуге
көмектеседі.
Мысалдарды пайдалану.
Дәрігердің тәжірибелік іс-әрекетіне өмірден алынған мысалдар мен өзінің басынан өткен жағдайлар көп көмегін тигізеді. Олардың көмегімен науқаспен тез тіл табысып кетуге болады. Мысалдар қарапайым әрі медициналық терминдер қолданылмау баяндалуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |